Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 63 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2015 № 168 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасынада:
      «Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелері» деген 4-бөлімде:
      «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
      төртінші бөліктегі:
      «халық санына барабар есептелетін» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарлама шеңберінде субсидиялау мен кепілдендіруге бөлінген және қаржы жылының қорытындылары бойынша Қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдендіруге, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.»;
      «Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:
      Пайыздық ставканы субсидиялау шарттарында:
      бесінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010 және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші бөлік алынып тасталсын;
      «Екінші бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру» деген кіші бөлімде:
      Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында:
      сегізінші бөліктегі «желілерін алуға және оның жұмыс істеуіне бағытталған,» деген сөздер «желілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» деген кіші бөлімде:
      Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттарында:
      үшінші бөліктегі «2010 жылы» деген сөздер «2010 және 2011 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші бөлік алынып тасталсын;
      «Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» деген төртінші бағытта:
      он үшінші бөліктегі сегізінші абзацтағы «көрсету» деген сөзден кейін «және басқалар» деген сөздермен толықтырылсын;
      5 «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «2011 жылы Бағдарлама міндеттерін шешу төрт бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.».
      2) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      34-тармақтағы «2010 жылы» деген сөздер «тиісті қаржы жылында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау ережесінде:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Уәкілетті орган Қаржы агентімен екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шартты жасасқаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылында Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Субсидиялау үшін көзделген соманың 30 %-ы мөлшеріндегі ақшалай қаражаттың бір бөлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қаржы агентіне аударады. Одан кейінгі төлемдер келісілген төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ережесінде:
      14-тармақ алынып тасталсын;
      29-тармақтағы «2010 жылы» деген сөздер «тиісті қаржы жылында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдендіру туралы үлгі шартта:
      15-тармақтағы «2011 жылғы 31 қаңтардағы» деген сөздер «2011 жылғы 31 желтоқсандағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады