"Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 116 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2021 № 189 қаулысымен.

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 116 қаулысымен
бекітілген
«Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 27 «Минералды отын, мұнай және олардан өңделген өнімдер, битуминозды заттар; минералды балауыз» тобының 2710 кіші тобына кіретін өндірілетін (әзірленетін) және әкелінетін (импортталатын) биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Биодизель өндірісі және айналымы кезінде:
      1) химиялық препараттарды және реактивтерді сақтықсыз қолдану;
      2) қоршаған ортаның, жабдықтардың үстіңгі бетінің жоғары немесе төмен температурасы;
      3) биодизельді басқа сұйықтармен араластыру;
      4) биодизельді өндіру, қолдану, тасымалдау, буып-түю және сақтау кезінде отты сақтықсыз қолдану;
      5) жылудың артық мөлшері бөлінетін, қауіпті пайдалану процестері;
      6) буып-түюдің және құюдың саңылаусыз еместігі;
      7) биодизельдің ауыз суға түсуі;
      8) көзге, ішек-қарын жолына, шырышты қабыршаққа және адам терісіне түсуі қауіпті факторлар болып табылады.
      3. Биодизельді сәйкестендіру жиынтығында сәйкестендіруге жеткілікті болатын таңбалау және ілеспе құжаттар, параметрлер, көрсеткіштер мен талаптар бойынша жүргізіледі.
     Сәйкестендіруді биодизельге қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай әдістердің бірімен немесе олардың үйлесуімен:
биодизель партиясын сипаттайтын құжаттарды талдауды;
     биодизельді зерттеуді және (немесе) сынауды жүргізеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
      4. Осы Техникалық регламентте мұнай өнімдерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және техникалық реттеу саласындағы заңнамалармен белгіленген, сондай-ақ осы Техникалық регламентте пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) биодизель - дизельді отын қасиеті бар өсімдіктерден алынатын немесе жануарлардан алынатын метилді немесе этилді эфир майлары;
      2) қосымдар - тұрақтылықты және пайдаланушылық қасиеттерін жақсарту мақсатында өнімге қосылатын құрамдастар;
      3) күрделі эфирлер - минералды немесе карбон қышқылдарындағы ОН тобындағы сутегі атомдарын көмірсутегі радикалымен алмастыру өнімдері;
      4) цетанды сан н дизельді отынның тұтану қасиеттерінің шартты сандық сипаты, құрамында жақсы тұтанатын цетанға (көмірсутекті сұйық, саны 100 деп қабылданатын цетанды сан) оның қоспасында нашар тұтанатын альфа-метилнафталин (көмірсутекті сұйық, саны 0 деп қабылданатын цетанды сан) пайыздың бірдей деп саналатын, сыналатын отынның тұтану қасиеттері бойынша баламалы стандартты сынау шарттары кезінде сандық тең болады;
      5) биодизель сорты - қоңыржай климаттық аймақтарда қолдануға арналған биодизельді сүзудің шекті температурасының әріптік белгісі;
      6) биодизель сыныбы - арктикалық және суық ауа райы аймақтарында қолдануға арналған биодизельді сүзу шекті температурасының әріптік көрсетілімі.
3. Биодизельдің нарықтағы айналымының шарттары
      5. Осы Техникалық регламентпен белгіленген талаптарға биодизельдің сәйкес келуі Қазақстан Республикасының нарығында биодизель айналымының қажетті шарттары болып табылады.
      6. Биодизельдің айналымы процесінде әрбір партияда биодизель паспорты болуы, сәйкестік сертификаты қоса берілуі тиіс.
      7. Биодизель паспорты төменде келтірілген мәліметтерді:
      1) биодизельдің атауы мен сортын немесе сыныбын, оның нысаналы мақсатын;
      2) әзірлеушінің және оның уәкілетті өкілінің атауын, биодизельдің шығарылған елін, сатушының атауы мен орналасқан жерін (мекенжайы, телефоны);
      3) биодизель сәйкес келетін нормаларды қамтитын құжаттар туралы ақпаратты;
      4) әзірленген күні мен партиясының нөмірін;
      5) ыдыстағы таза салмағын;
      6) оған арналған техниканың экологиялық сыныбын;
      7) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келетін нормаларды қоса алғанда, сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленген сол сипаттамалардың нақты мәндерін, сол сынама алынған резервуар нөмірін (партия нөмірін), отынның дайындалу мерзімі туралы мәліметтерді;
      8) биодизельге талдау жүргізілетін күнді;
      9) биодизельге қосылған телімдердің болуы және атауы, немесе телімдердің болмауы туралы мәліметтерді;
      10) жарамдылық мерзімін;
      11) манипуляциялық белгілер туралы мәліметтерді;
      12) сәйкестік сертификаты туралы мәліметтерді;
      13) биодизельді қауіпсіз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және кәдеге жарату жөніндегі мәліметтерді қамтуы тиіс.
     Дайындаушы беретін биодизель паспортына кәсіпорынның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды және мөрмен куәландырылады.
8. Жанармай құю стансаларының бағаналарында (биодизель құю бойынша өзге техникалық құрылғыларда) орналасатын жарнамада биодизель сорты немесе сыныбы, ол арналған техниканың экологиялық сыныбы және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік белгісін қамтуы тиіс.
      9. Егер кәдеге жаратылуы жоғарғы экологиялық тәуекелмен ұштасқан қалдықтардың пайда болуына немесе экономикалық жөнсіздікке әкелетін болса, биодизельді әкелуге шектеу қойылады немесе толық тыйым салынады.
4. Биодизель қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
      10. Биодизель осы Техникалық регламентке 1-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      11. Биодизель сорты немесе сыныбы бойынша осы Техникалық регламентке 1-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      12. Биодизельде бояғыштардың (жасыл және көгілдір түстен басқа) және белгілегіш заттардың болуына рұқсат етіледі.
      5. Буып-түюге, сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар
      13. Сақтау үшін осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және тауар тізбегінің қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттары бар биодизель қабылданады.
      14. Биодизельдің жарамдылық мерзімі үш айдан аспауы тиіс.
      15. Биодизельді сақтау үшін үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысына және «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысына сәйкес жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ автоматты өрт дабылдарымен және автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен қамтамасыз ету қажет.
      16. Қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасымалдауға жіберілген көлік арқылы биодизель тасымалдауға рұқсат етіледі.
      17. Биодизельмен байланыста болатын цистерналар мен ыдыстардың үстіңгі беті онымен реакцияға түспеуі және оның ластау көзі болмауы тиіс.
      18. Құюға дайындау үшін берілетін цистерналар құйылған өнімнің атауын қамтитын құжатпен бірге берілуі тиіс. Көрсетілген құжат болмаған кезде құйылған өнімнің атауы цистернадан алынған қалдықты талдаумен белгіленеді.
      19. Цистерналардан биодизель толық ағызып алынуы тиіс. Бұл ретте, төменгі ағызу құрылғысы жоқ цистерналарда биіктігі 1 см аспайтын қалдыққа жол беріледі.
      20. Ыдыстың отынмен толтырылу дәрежесі көлемнің 95 пайызынан аспауы тиіс.
      21. Толтырылғаннан кейін ыдыс сүртілуі тиіс.
      22. Биодизельді сақтау және тасымалдау өнімнің төгілуін болдырмайтын саңылаусыз жабылған ыдыста жүзеге асырылуы тиіс.
      23. Мыналарға:
      1) саңылаусыз емес жабдықтарды және тиекті арматураны пайдалануға;
      2) жобалау нормаларымен белгіленген опырылуы биіктігін азайтуға;
      3) қисаюлар және жарылулары бар резервуарларды, сондай-ақ ақаулы жабдықтарды, бақылау-өлшеу құралдарын, жеткізуші құбырларды және өртке қарсы стационарлық құрылғыларды пайдалануға;
      4) опырлау аймағында ағаштардың және бұталардың болуына тыйым салынады.
      24. Биодизельді жанармай ыдыстарында, түтін шығатын терезелері жоқ жертөле және цокольдық қабаттардағы үй-жайларда, сондай-ақ ғимараттың жалпы ортақ баспалдақтар торларының осы қабаттармен байланысқан жерлерде сақтауға жол берілмейді.
6. Биодизельді таңбалауға қойылатын талаптар
      25. Биодизельді таңбалау «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентімен бекітілген талаптарға, сондай-ақ осы бөлімнің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      26. Тұтану ыдысын таңбалау мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) биодизельдің атауын, оның сортын немесе сыныбын, нысаналы мақсатын;
      2) осы Техникалық регламенттің атауын;
      3) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;
      4) таза салмағын немесе көлемін;
      5) биодизельді дайындау күні - айы мен жылын;
      6) жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын;
      7) партия нөмірін.
      27. Отыны бар тасымалдау ыдысының әр бірлігінде сумен немесе мұнай өнімдерімен шайылып кетпейтін трафарет немесе мөр арқылы басылған, мыналарды:
      1) биодизельдің атауын, сортын немесе сыныбын, оның нысаналы мақсатын;
      2) дайындаушы кәсіпорынның тауарлық белгісін;
      3) брутто және таза салмағын;
      4) биодизельді дайындау күні - айы мен жылын;
      5) жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын;
      6) партия нөмірін;
      7) Техникалық регламенттің атауын қамтитын жазу болуы тиіс.
     Егер отыны бар көліктік ыдыста көрсетілген жазуды түсіру мүмкін болмаса, онда ыдысқа осы жазу бар жапсырмалар жапсырылады және затбелгі желімделеді, ал ыдыстың өзіне мөрмен немесе трафаретпен биодизель атауы және оның дайындалған күні бар шайылып кетпейтін жазу түсіріледі.
28. Көліктік ыдысқа көліктік таңбалау мен манипуляциялық белгілер және жүктің көліктік қауіптілігін сипаттайтын таңба жазылады.
7. Кәдеге жарату және жою кезінде қойылатын талаптар
      29. Биодизельдің осы Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалған жағдайда, биодизель (бұдан әрі - Сәйкес келмейтін биодизель) кәдеге жаратуға немесе жоюға жатады.
      30. Биодизель өндірісіне немесе айналымына тыйым салу туралы шешімді құзыретіне сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпті өнімді анықтаған мемлекеттік орган қабылдайды.
     Сәйкес келмейтін биодизельді өндіруші, сатушы (бұдан әрі - Иесі) өз бетінше немесе мемлекеттік органдардың нұсқамасы негізінде кәдеге жарату немесе жою үшін оны өндірістен немесе айналымнан шығарады.
31. Сәйкес келмейтін биодизель сараптама жүргізу, оны одан әрі кәдеге жарату немесе жою туралы шешім қабылдау және оны орындау үшін қажетті кезең ішінде Иесінің арнайы бөлінген орындарында оған қол жеткізуді болдырмайтын шарттар сақтала отырып, уақытша сақтауда болады. Уақытша сақтауға қойылған Сәйкес келмейтін биодизельді Иесі қатаң есепке алуы тиіс.
      32. Қайта өңделген Сәйкес келмейтін биодизельді сәйкестікті растау рәсімін өткізудің тек оң нәтижелері болған кезде одан әрі пайдалануға болады.
      33. Жою қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың міндетті талаптарын сақтай отырып, техникалық қолжетімді тәсілмен (термикалық, химиялық, механикалық не өзге әсер ету арқылы) жүзеге асырылады, соның нәтижесінде Сәйкес келмейтін биодизель толық жойылады.
      34. Сәйкес келмейтін биодизельді жою үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жұмыс мерзімдерін көрсете отырып, Өнімді жою жөніндегі комиссия құрылады.
      35. Өнімді жою жөніндегі комиссияға биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның, биоотын айналымы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдері кіреді.
     Сәйкес келмейтін деп танылған биодизель Иесі өз бастамасы бойынша және қаражаты есебінен комиссия шешім қабылдағанға дейін аккредиттелген зертханаларда қосымша зертханалық сараптама өткізе алады.
36. Комиссия жою актісін жасайды, онда актінің жасалған күні мен орны, қажет болған жағдайда өнімнің иесі болып табылатын құқық бұзушының атауы, жойылуға жататын өнімнің атауы мен саны; жою тәсілі, жоюдың уақыты мен орны; комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымдары көрсетіледі.
     Aктіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Егер комиссия шешімімен келіспеген немесе қол болмаған жағдайда, актіге келіспеген немесе қол болмаған себептерін негіздей отырып анықтамаға қоса беріледі.
37. Радиациялық қауіп төндіретін биодизель Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көмілуі тиіс.
8. Сәйкестікті растау
      38. Биодизель міндетті сертификаттау объектісі болып табылады.
      39. Сәйкестігін растау тәртібі мен схемасы «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген.
9. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары
      40. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      41. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолдану мерзімі біткенге дейін қолданыста деп саналады.
      42. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттамалар осы Техникалық регламентке сәйкес келтірілгенге дейін осы Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
      43. Осы Техникалық регламент күшіне еңгенге дейін шығарылған биодизель жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін сатылады.
«Биодизель қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша
1-кесте
Көрсеткіш атауы
Норма
Жабық отшақшада тұтану температурасы, оС, кем емес
120
Кинематикалық тұтқырлық, 40оС, мм2/сек
1,9-дан кем емес - және 6,0-ден артық емес
Цетанды сан, кем емес
51
Күлдіктің салмақтық үлесі, %, кем емес
0,02
Күкірттің салмақтық үлесі, мг/кг, көп емес
10
Метилды эфирлардың құрамы, %, кем емес
96,5
Қышқылдық сан, Мг KOH/100 cm3, көп емес
0,5
Фосфордың салмақтық үлесі, % көп емес
0,001
Ылғалдың салмақтық үлесі, % көп емес
0,05

2-кесте
Көрсеткіш атауы
Биодизель сорты үшін көрсеткіштің мәні
Биодизель сыныбы үшін көрсеткіштің мәні
A
В
С
D
Е
0
1
2
3
4
Сүзілгіштіктің шекті температурасы, (oС), жоғары емес
5
0
-5
-10
-15
-20
-26
-32
-38
-44
«Биодизель қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
2-қосымша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады