Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 168 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.20 № 429 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Қайырбекова               - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы           сақтау министрі,

Кененбаев                 - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Серік Барменбекұлы          президенті (келісім бойынша),

Шаяхметов                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Саят Болатұлы               министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
                            орынбасары, хатшы;

      мына:

«Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы          министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ
                            ұлттық университетінің ректоры»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы           ғылым министрі, төрағаның орынбасары»;

      көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Айдар Бексұлтанұлы Жақыпов, Виктор Иванович Дробжев, Баян Шұрымбайқызы Әлімғазинова шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады