Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 269 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.04.2015 № 213 қаулысымен.

      «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасына еттiң кейбір түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары;
      2) Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері;
      3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең) бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 70-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 45, 406-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1411 қаулысы.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 24 наурыздағы
№ 269 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған
тарифтiк квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылар арасында бөлу
қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталар көлемдерiн сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлудiң тәртiбi мен әдiсiн айқындайды.
      2. Лицензияларды беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында айқындалады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) осының алдындағы кезең – тарифтiк квота белгіленетін жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;
      2) өнiм берушi елдер – Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдер еркiн сауда туралы келiсiм жасаспаған не тауарға қатысты еркiн сауда режимiнен алып қою қолданылатын елдер;
      3) тауарды тарихи өнiм берушiнiң әкелу көлемi – өнiм берушi елдерде шығарылған, осының алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының аумағына «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелінген тауарлардың заттай мәндегі саны»;
      4) коммерциялық пайдалы сан – тауардың 25 килограмнан астам көлемі;
      5) тарифтiк квота көлемi – әкелiнуiне Кеден одағының Бірыңғай кеден тарифі кедендiк әкелу баждарының квотаiшiлiк мөлшерлемелері бойынша салық салынатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi күнтiзбелiк бiр жылға айқындайтын тауарлар көлемi;
      6) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемдерге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
      осының алдындағы кезеңде немесе тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың ішінде өнiм берушi елдерден тауарды «ішкі тұтыну үшін шығару» кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыруы тиіс;
      тiкелей осы жылдың алдындағы тарифтiк квота белгіленген жылдың iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиiс;
      7) тауар – өнім беруші елдер шығарған, оларға қатысты тарифтiк квота белгiленген еттің кейбір түрлері;
      8) жаңа өнiм берушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, тауардың тарихи өнiм берушiсі болып табылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
      9) қайта өңдеуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркелген, мынадай өлшемге сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:
      осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімдер жіктеуішінің кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін квота белгіленетін жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асыруы тиіс;
      10) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды немесе жеке тұлғалар.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.02.2014 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Тарифтiк квоталардың көлемдерiн бөлу тәртiбi

      4. Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай: Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 белгісі денгейінде кедендік рәсімдерді көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар шығарған елдер бөлінісінде еттің заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты 0201, 0202, 0203, 0207-позициялары бойынша ұсынады.
      Көрсетілген ақпарат ішкі тұтыну үшін тауарларды шығару күні бойынша қалыптастырылады.
      5. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жыл сайын:
      1) тарифтiк квота белгіленген жылдың 1 қаңтарынан бастап
31 желтоқсанға дейін мыналарға:
      жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара мал етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға;
      лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін жаңа өнім берушілерге;
      сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етiн (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде тарихи өнім берушілерге;
      сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202), шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) етін әкелу үшін тарифтік квоталарды бөлу нәтижелері бойынша есептелген көлемде қайта өңдеушілерге лицензиялар беруді жүзеге асырады;
      2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында өзіне қатысты тарифтік квота белгіленетін тауардың атауы туралы ақпаратты, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылар үшін айқындалған тарифтік квотаның көлемін, жаңа өнім берушілер мен сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауар әкелуі үшін шарттарды орналастырады;
      3) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің бірінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің бірінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады;
      4) тарифтік квота белгіленетін жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлудің екінші кезеңін, сондай-ақ тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлудің екінші кезеңін бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
      6. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:
      1) тарифтiк квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minagri.gov.kz интернет ресурсында қайта өңдеушілер арасында бөлінетін тауардың түрлері мен көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер қабылдау туралы хабарламаны, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;
      2) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілерден өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
      3) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қайта өңдеушілер талап етпеген тарифтік көлемдер туралы ақпаратты ұсынады;
      4) тарифтік квоталар белгіленетін жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді, сондай-ақ қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталарды қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту бойынша Үкіметтің тиісті шешімінің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады.
      7. Тарихи өнім берушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) шошқа (коды КО СЭҚ ТН 0203) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квоталар көлімдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жаңа өнім берушілер арасында құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қайта өңдеушілер арасында сиыр (коды КО СЭҚ ТН 0202) және шошқа етiн (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу осы Қағидаларда айқындалған Қайта өңдеушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тарихи өнім берушілердің, жаңа өнім берушілердің, қайта өңдеушілердің және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың арасында тарифтік квоталардың жыл сайын белгіленетін көлемдерін бөлу мынадай:
      тарихи өнім берушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 55 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 70 %, құс етіне (коды КО СЭҚ ТН 0207) 90 %;
      қайта өңдеушілерге: сиыр етiн (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 45 %-ы, шошқа етiне (коды КО СЭҚ ТН 0203) 30 %;
      жаңа өнім берушілерге: құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 10 %-ы;
      сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға: жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квотаның белгіленген көлемінің 100 %-ы.
      9. Тарифтiк квоталар көлемдері өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша осының алдындағы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне барабар бөлінуі мүмкін.

4. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу
әдiсi

      10. Тарихи өнім берушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін тарихи өнім берушілер арасында бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.
      11. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемінің 25 пайызы бөлінеді.
      Әрбір тарихи өнiм берушiлердің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргізіледі:

q9=

  VI + VII-9
_____________
  V’I+ V’II-9

*0,25*Q

      мұндағы:
      q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнім берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
      Q - тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
      VI – осының алдындағы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
      VII-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың алдындағы жылдың 9 айында тарихи өнiм берушiнiң тауарды әкелу көлемi, килограммен;
      V’I – тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңнің бірінші жылында тауарды әкелу көлемi, килограммен;
      V’II-9 - тарифтiк квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылдың 9 айында барлық тарихи өнiм берушiлердің Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу көлемi, килограммен.
      12. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерінің 100 пайызы бөлінеді.
      Әрбір тарихи өнiм берушiнiң тарифтiк квотасының көлемiн есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша мынадай формула бойынша жеке жүргiзiледi:

q12=

  V
_____
  V’

* Q

– q9

      мұндағы:
      q12 – екінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
      Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;
      q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;
      V – осының алдындағы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауарды әкелу көлемi, килограммен;
      V’– тарифтік квота белгіленген жылдың тікелей алдындағы жылы әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң осының алдындағы кезеңде тауарды әкелу көлемі, килограммен.
      13. Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
      Егер есеп нәтижелері бойынша тарихи өнім беруші үшін алынған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем қалған тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.

5. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін
бөлу әдісі

      14. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталар көлемдерін бөлу әкелуге лицензия алуға жаңа өнім берушілердің өтініштер беруінің кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
      Жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдерін сарқылғанға дейін әкелуге лицензияны сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
      15. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болмауы тиіс және жаңа өнім берушілер үшін бекітілген тарифтік квотаның жалпы көлемінің 15 %-ынан аспауы тиіс.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.02.2014 № 157 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган құс етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0207) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемі туралы және бөлінбей қалған көлем туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.

6. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу
әдiсi

      17. Қайта өңдеушілер арасында тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлу қайта өңдеушілердің өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.
      18. Қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қайта өңдеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
      еттің әрбір түрі бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде еттің әрбір түрінің үлесін көрсете отырып осы, Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтінімді;
      кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) осының алдындағы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.
      19. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталар көлемі қайта өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.
      Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері Тарихи өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісіне сәйкес тарихи өнім берушілер арасында бөлінеді.
      20. Егер барлық қайта өңдеушілер өтінім берген тауардың көлемі қайта өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемдерін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір қайта өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтынуының көлеміне пропорционалды түрде мынадай формулалар бойынша бөлінеді:

      1)

VГтұтыну =

P * K * SГ
__________
    100%


;

VСтұтыну =

  P * K * SС
_____________
     100%

      мұндағы:
      VГтұтыну – тарифтік квоталар көлемін алуға өтінім берген қайта өңдеушінің сиыр етін тұтыну көлемі, килограммен;
      Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінде (дара кәсіпкерлер үшін өнеркәсіптік өнімнің өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлерді іріктеп байқап тексеру сауалнамасы) көрсетілген қайта өңдеуші өндірісінің көлемі, килограммен;
      К – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;
      SГ – дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде сиыр етінің үлесі, пайыздық мәнде;
      VСтұтыну – қайта өңдеушінің шошқа етін тұтыну көлемі, килограммен;
      SС - дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттың жалпы көлемінде шошқа етінің үлесі, пайыздық мәнде;

      2)

DГ =

  VГтұтыну
__________
VГтұтыну


*100%


;


DС =

VСтұтыну
_________
VСтұтыну


*100%

      мұндағы:
      DГ – тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
      VГ - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің сиыр етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;
      DС - тарифтік квоталар көлемдерін алуға өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтынуының жалпы көлемінде қайта өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;
      VС - барлық өтінім берген қайта өңдеушілердің шошқа етін тұтыну көлемінің сомасы, килограммен;

      3)


VГtrq =

   VОГtrq * DГ
______________
     100%


;


VСtrq =

    VОСtrq * DС
________________
       100%

      мұндағы:
      VГtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
      VОГtrq – қайта өңдеушілер үшін сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі;
      VСtrq – қайта өңдеуші үшін есептелген шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның көлемі;
      VОСtrq – қайта өңдеушілер үшін шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203) әкелуге тарифтік квотаның жалпы көлемі.
      21. Егер қайта өңдеуші өтінім берген тарифтік квотаның көлемі жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда қайта өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі айқындалады, қалған көлемдері қалған қайта өңдеушілер арасында еттің әрбір түрі бойынша тұтынудың жалпы көлемінде олардың үлестері пропорционалды түрде бөлінеді.
      22. Осы Қағидалардың 20-тармағында белгіленген формулалар бойынша жүргiзiлген есептердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).
      Егер есеп нәтижелері бойынша қайта өңдеуші үшін тарифтік квотаның алынған көлемі коммерциялық пайдалы саннан кем болса, онда осы көлем басқа қайта өңдеушілер арасында бөлінеді.
      23. Кедендік квота әкелу баждарын төлеуден босатуды болжайтын кедендік рәсімдерде тауарды әкелуді жүзеге асыратын қайта өңдеушілерге бөлінбейді.
      Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда қайта өңдеушілер тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге жалпы негіздерде қатысуға құқығы бар.
      24. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган тарифтiк квота қолданылатың жылдан бастап:
      1) 1 қазанға дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта қайта өңдеушілер өндірген өнімнің көлемімен салыстырып тексереді;
      2) 1 сәуірге дейін нақты әкелінген ет туралы деректерді толық өткен жылы ет өнімдерін қайта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.
      Егер қайта өңдеушінің әкелу көлемі етке қайта есептеуде ет өнімі өндірісінің көлемінен асып кететін жағдайларда, осы қайта өңдеуші келесі 2 жылға тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
      25. Бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін пайдаланбаған қайта өңдеушілер келесі 2 жылға тарифтiк квоталар көлемдерiн бөлуге қатысу құқығынан айырылады.
      Қайта өңдеушілер пайдаланбаған тарифтік квоталар көлемдері осы Қағидаларда айқындалған әдіске сәйкес басқа қайта өңдеушілерге қайта бөлуге жатады.
      Тарифтік квоталарды келесі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған қайта өңдеушілер үшін тарифтік квотаның көлемі бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.

7. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн
(коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталарды бөлу
әдісі

      26. Жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге тарифтік квоталардың көлемдерін бөлу сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әкелу үшін лицензия алуға өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
      Әкелуге лицензияны жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелу үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі сарқылғанға дейін сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.
      27. Лицензия алу үшін өтінім берілген тауардың көлемі жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) әкелуге белгіленген квотаның жалпы көлемінен аспауы тиіс.
      28. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган жаңа сойылған немесе мұздатылған ірі қара малдың етін әкелуге (коды КО СЭҚ ТН 0201) лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері туралы және бөлінбей қалған көлемдер туралы мәліметтерді www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында апта сайын жариялайды.

8. Өтпелі ережелер

      29. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган:
      1) 2013 жылғы 15 қарашаға дейін түсіндірулер беру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, www.minplan.gov.kz, www.comtorg.kz, www.trade.gov.kz интернет ресурстарында жаңа өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар көлемдерін көрсете отырып, кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелері бойынша жаңа сойылған немесе мұздатылған iрi қара малдың етiн (коды КО СЭҚ ТН 0201) және құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензия алудың жаңа өнім берушілер үшін мүмкіндіктері туралы хабарландыру орналастырады:
      2) 2013 жылғы 15 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін жаңа қайта өңдеушілерге құс етін (коды КО СЭҚ ТН 0207) әкелуге лицензиялар беруді өтініштер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырады:
      30. Осы Қағидалардың 25-тармағының бірінші бөлігінің ережесі тарифтік квотаның бөлінген көлемін 2015 жылдан бастап пайдаланбаған қайта өңдеушілерге қолданылады.

Қазақстан Республикасына 
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлері бойынша
өнімдердің жіктеуіші

Коды

Атауы

1013 14

Еттен, еттік қосымша өнімдерден немесе малдың қанынан жасалған шұжық және ұқсас бұйымдар

1013 15

Еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен еттік қосымша өнімдерден басқа, өзге де еттен, еттік қосымша өнімдер немесе мал қандарынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер

Қазақстан Республикасына 
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
2-қосымша         

Өтінім

_____________________________________________________________________
(қайта өңдеушінің толық атауы)

Мыналарды:
____________________ тонна көлемінде сиыр етін (коды КО СЭҚ ТН 0202);
____________________ тонна көлемінде шошқа етін (коды КО СЭҚ ТН 0203)
импортқа квота бөлуді сұрайды.
      Кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде шикі ет түрлерінің
қатынасы мынадай:

Дайын өнімнің атауы

Өндірістің көлемі (жылдар бойынша)

Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын сиыр етінің үлесі, %

Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын шошқа етінің үлесі, %













      Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.

Бірінші басшы ______________________________________________ (Т.А.Ә.)

М.О. (күні)

Қазақстан Республикасына 
еттiң кейбiр түрлерiн әкелуге
арналған тарифтiк квоталардың
көлемдерін бөлу қағидаларына
3-қосымша         

Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері

Өнім

Коэффициент

Шұжық өнімдері (орташа коэффицент)

1,37

Пісірелген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер

1,2

Жартылай ысталған шұжықтар

1,7

Пісіріліп ысталған шұжықтар

2,0

Шикілей ысталған шұжықтар

2,5

Ет консервілері:


шартты банкілерден қайта есептеу үшін

0,5

салмағынан (тонна) есептеу үшін

1,4

Ет-өсімдік консервілері

0,18

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2011 жылғы 24 наурыздағы 
№ 269 қаулысымен     
бекітілген        

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының
және Ресей Федерациясының Кеден одағына қатысушы елдермен
еркін сауда туралы келісім жасалмаған, не тауарға қатысты
еркін сауда режимінен алып қою қолданылатын елдерден
шығатын және әкелінген етті Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу үшін 2011 жылға арналған тарифтік
квоталардың көлемдері

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы, тауарлардың шыққан елі

Көлемі, тонна

0201

Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған

20

0202

Ірі қара малдың еті, мұздатылған

10 000

0203

Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті

7 400

0207

0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

110 000

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2011 жылғы 24 наурыздағы 
№ 269 қаулысымен     
бекітілген       

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында 2011 жылға
арналған тарифтік квоталар көлемдерін бөлу (1-кезең)

Р/с

СЭҚ-ке қатысушылардың атауы

СЭҚ-ке қатысушылардың СТН-і

тонна

1

2

3

4

Ірі қара малдың еті, мұздатылған (СЭҚ ТН 0202 коды)

1

«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

271800004553

740,504

2

«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400236114

494,358

3

«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы

271812413934

117,767

4

ЖК Сүлейманов Жігерхан Дәулетханұлы

430110158050

187,846

5

«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100235356

184,369

6

«United Industries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400520260

141,542

7

«Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

061800258789

100,514

8

«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500244239

95,059

9

«Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны

150900009128

96,786

10

«Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

620300298576

136,407

11

«Асадар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

182700238227

62,936

12

«Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

182700217070

35,762

13

«Kazakhstan Commerce Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400540749

26,097

14

«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

361800035735

7,888

15

«Constant-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600700207397

10,568

16

«Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100235587

1,120

17

ЖК О.Н.Загуменнова

151010745189

0,122

18

«Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400531728

0,293

19

«Ваол лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600900584463

0,051

20

«Astra» ЖК, Көмекбаев Жандос Жұмағазыұлы

600411876903

0,009


ЖИЫНЫ
2 500,0

Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті (СЭҚ ТН 0203 коды)

1

«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100235356

564,795

2

«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы

271812413934

239,255

3

«Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

090500217222

286,801

4

«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400236114

357,124

5

«Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

620300298576

108,939

6

ЖК Трубин Николай Михайлович

301211725531

85,777

7

«Беккер и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600200026766

64,502

8

«Павлодарский Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500246863

37,384

9

«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500244239

27,454

10

Ахметова Любовь Арыстанқызы

061811722785

6,536

11

«Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны

150900009128

18,021

12

«Артон-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

182700237702

10,948

13

«Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500257638

20,365

14

«Unimpex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100235587

5,229

15

ЖК Звягинцев Виктор Александрович

271810163811

6,536

16

ЖК Қуатов Сағидолла Самиғоллаұлы

271812660697

4,565

17

«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

361800035735

2,151

18

«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

271800004553

3,265

19

Бұрақанов Нұрлан

151011357479

0,353


ЖИЫНЫ
1 850,000

0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған (СЭҚ ТН 0207 коды)

1

«Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100235356

5 010,754

2

«Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400236114

3 060,205

3

«Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

061800258789

2 786,043

4

«Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

061800228171

1 505,424

5

«АЛТА-ХХІ век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

391700074672

1 634,853

6

«Опт Торг Company plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

391700222672

1 353,748

7

«Каскад LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500214062

1 143,987

8

«Компания Айс Фуд. Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

620300307634

1 722,508

9

«Казпродукт-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

301900217816

966,460

10

«Ұлан-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

582100271440

1 212,648

11

«Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500244239

644,408

12

«Алмас-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

301900211581

1 084,740

13

«Торговый дом Казрос-ІІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600900163377

404,013

14

«ПродСервисАктобе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

061800284854

541,934

15

«Голд Фрейк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600700610810

654,196

16

«Хладоленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

270100219859

473,954

17

«Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

090500217222

334,484

18

«Фрост Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

582100259756

420,895

19

«Агропродукт ЛТД» ЖК, Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы

271812413934

288,918

20

«Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

302000063623

324,803

21

«КРОМЭКСПО-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400503810

148,362

22

Мамешев Рахым Рахатұлы

061811124557

205,929

23

«Meat team» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600500578497

209,512

24

«Престиж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600700184636

324,533

25

«Санылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500255616

193,105

26

«Талапкер плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

061800279110

158,407

27

«Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

451500257638

146,022

28

ЖК Сулейманов Жігерхан Дәулетханұлы

430110158050

179,143

29

«АқтауИнвестҚұрылыс 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

430100252482

135,778

30

«Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

361800035735

75,769

31

«Рид-Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

430600020072

90,405

32

ЖК Звягинцев Виктор Александрович

271810163811

27,157

33

«The Caspian international restaurants company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600700587757

27,268

34

«Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

271800004553

2,801

35

«Интерфуд» ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы облыстық филиалы

090900021750

1,477

36

«Класс Продукт» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150900009128

2,471

37

«Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600400531728

1,539

38

ЖК Грушкевич Светлана Степановна

430610631301

0,152

39

Бұрақанов Нұрлан

151011357479

0,152

40

«Interfood» («Интерфуд») ҚГБК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600900146916

0,995

41

Салихов А.Д.

150310015631

0,049


ЖИЫНЫ
27 500,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады