Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет
процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың
жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін
арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат, № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
194-баптың екінші бөлігіндегі «Мемлекеттік мақсатты несиені не мемлекет кепілдігімен берілген несиені тікелей арналған мақсатында» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж, № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; 2011 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 35-баптың екінші бөлігі «салық заңнамасын,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 166-баптың тақырыбы мен мәтіні «салықтық емес төлемдерді» деген сөздерден кейін «және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 167-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-1-бөлікпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын талаптарды бұзу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
ескертудің тоғызыншы абзацындағы «адамдарды түсіну керек.» деген сөздер «адамдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«9-1 бөлікте - тапсырыс берушінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды түсіну керек.»;
4) мынадай мазмұндағы 168-4, 168-5-баптармен толықтырылсын:
«168-4-бап. Бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет
заңнамасын бұзу
Мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің белгіленген заттай нормаларды (тиістілік нормаларын) және ақшалай мәндегі нормаларды нормативтік құқықтық актілерде бекітілген нормалардан артық бұзуы -
мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға, ал соңғылары болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға және ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялардың, олардың еншілес ұйымдарының және олармен аффилиирленген тұлғалардың бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не оларды алмастыратын адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
168-5-бап. Бюджет жүйесінің нәтижелілік және тиімділік
қағидаттарын бұзу
Ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингті қоса алғанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы қаржы-экономикалық негіздемеде көзделген бюджеттік инвестицияларды беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаның қаржы-экономикалық негіздемеде көрсетілген нәтижелеріне қол жеткізбеу -
бюджет қаражатын алған және пайдаланған заңды тұлғаның басшыларына, орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және акциялары бюджет қаражаты есебінен төленген ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтердің басшыларына, орынбасарларына не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 176-бапта:
тақырыбындағы «алу не оны» деген сөздер «, трансферттер, гранттар, қарыздар алу не оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Мемлекеттік нысаналы кредитті не мемлекет кепілдігімен берілген кредитті тікелей арналған мақсатқа» деген сөздер «Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану -
мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы тиісті заңды тұлғаның бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына, не оларды алмастыратын, тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 179-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы «оларға» деген сөзден кейін және «қаржылық есептілік депозитарийіне» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 541-баптың бірінші бөлігі «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын;
8) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
жиырма тоғызыншы абзац «168-3,» деген цифрлардан кейін «168-4, 168-5» деген цифрлармен толықтырылсын;
елу бірінші абзац «177-3» деген цифрлардың алдынан «168-4, 168-5,» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 г., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 25 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 23 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың 1-тармағында:
11) тармақша «қарыздарды» деген сөзден кейін «жоспарлауға және» деген сөздермен толықтырылсын;
74) тармақшадағы «қатынастары.» деген сөз «қатынастары;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 75) және 76) тармақшалармен толықтырылсын:
«75) Бұзушылықтар сыныптауышы - бюджет үдерісінде туындайтын бұзушылық түрлерін және бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтарды жою тәсілдерін қамтитын тізбе (бұдан әрі - Сыныптауыш);
76) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру - жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға төмен тұрған бюджеттердің қатысуы.»;
2) 4-баптың 9) тармақшасы «, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 46-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомамен бөлінеді.
Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында бөлуді жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген қаржыландыру көлемін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;
6-тармақта «тікелей және түпкілікті нәтижелерге» деген сөздер «жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «бөлу» деген сөз «қарау және іріктеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 62-бапта:
4-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Pecпубликасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, мәслихаттардың аппараттары және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдардың жобаларын әзірлейді.
Меморандум мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін әзірленеді және қол жеткізуді (орындауды) мемлекеттік органның бірінші басшысы ағымдағы жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз етуге міндеттенетін, стратегиялық жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі түйінді нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштерін қамтиды. Түйінді нысаналы индикаторлар мен міндеттердің көрсеткіштері мақсаттарға, стратегиялық міндеттер мен бағыттарға қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы стратегиялық міндеттер мен бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді, ал сандық жағы оның өлшенетін абсолюттік немесе қатысты шамаларын көрсетеді.
Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
Меморандумдарды әзірлеу, мазмұны және бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
5) 67-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылатын ақпарат пен есеп-қисаптардың негізділігі мен дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.»;
6) 69-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Табиғи нормалар бюджеттік бағдарламалардың құнын айқындау кезінде пайдаланылады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, оларға ведомстволық бағынысты мекемелер бюджет қаражатын пайдалану кезінде белгіленген табиғи нормаларды (тиістілік нормаларын) және ақшалай мәндегі нормаларды сақтауға тиіс»;
7) 88-баптың 1-тармағында:
6) тармақшада «пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік инвестицияларды есепке жатқызуына (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) және оларды шығыстарды жүргізуге пайдалануына байланысты операцияларды есепке алуға арналады.»;
8) 97-баптың 1, 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер бойынша төлемдері төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмаларының негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоты және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлем тапсырмасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болып табылатын құжаттарды білдіреді.
3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомасының және шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері мен ақша аударымдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.»;
9) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«98-бап. Инкассалық өкім
1. Инкассалық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, кеден органдары алдындағы берешекті өтеуге байланысты атқарушылық құжаттарды мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассалық өкім мемлекеттік мекеме және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.
Инкассалық өкім атқару парағы немесе сот шешімі (үкімі, ұйғарымы, қаулысы) бойынша берілген бұйрық немесе ақша өндіріп алу туралы сот бұйрығы негізінде және салық қызметінің органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша жасалады.
2. Инкассалық өкім ұсынылатын мемлекеттік мекеменің және жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызмет көрсету орны бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне инкассалық өкім беріледі.
Инкассалық өкім оны жасауға негіз болып табылған атқарушылық құжаттың түпнұсқасын не салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімдерін қоспағанда, осы құжаттың әрбір беті соттың елтаңбалық мөрімен куәландырылған көшірмесі қоса тіркеліп беріледі.
Инкассалық өкімде көрсетілген сома атқарушылық құжатта көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
Инкассалық өкімде мемлекеттік мекеменің және жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің олар бойынша осы өкімнің орындалуы талап етілетін кодтары көрсетіледі.
3. Инкассалық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шотқа, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау және ақшаны уақытша орналастыру шоттарына ұсынуға жол берілмейді.
Инкассалық өкімдерді ұсыну мемлекеттік мекеменің кодында, ақылы қызметтер мен демеушілік, қайырымдылық көмек шоттарына, сондай-ақ жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
5. Инкассалық өкімдерді орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
10) 99-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы оның екінші деңгейдегі банктегі шетел валютасындағы шотына есепке алынғаннан кейін ол күнтізбелік он күн ішінде валюта түрлері бойынша белгіленген мақсатқа пайдаланылуға тиіс.
Пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасы көрсетілген мерзім өткен соң квазимемлекеттік сектор субъектісінің шетел валютасы айырбасталған шотына кейіннен ұлттық валютадағы соманы қалпына келтіре отырып қайта айырбасталуға тиіс.
3-2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланылмаған не түгел пайдаланылмаған шетел валютасын шетел валютасы айырбасталған шотқа қайта айырбастаудың және қайтарудың уақтылы болуын қамтамасыз етеді.»;
11) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
«100-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдері
мен ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұру
Инкассалық өкім ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құжаттарын қабылдауды және төлемдерін - ақша аударымдарын жүргізуді тоқтата тұрады.»;
12) 104-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша біткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін оның өткен қаржы жылының бюджетінде бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомада қаржыландыруға;
бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша біткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыру оның өткен қаржы жылының бюджетінде бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспайтын сомада жүзеге асырылады;
активтер мен дайындау және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын басқа да тауарларды, көрсету мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алу көзделетін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша өткен қаржы жылының тіркелген міндеттемелерінің төленбеген бөлігін қаржыландыруға;»;
13) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«105-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жауапкершілігі
1. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы, ал ондай болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы тиісті мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және олардың бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде стратегиялық бағыттарға, стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес пайдалануы жөніндегі жұмысын үйлестіреді және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
2. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы, ал ондай болмаған жағдайда - бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізілмегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Өздерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қаржы-экономикалық негіздемелерінде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін заңды тұлғаның бірінші басшылары және алынған бюджет қаражатының пайдаланылуы үшін жауап беретін лауазымды адамдары жауапты болады.
5. Өздерінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қаржы-экономикалық негіздемелерінде көрсетілген ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін акциялары бюджет қаражаты есебінен төленген ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтердің бірінші басшылары мен лауазымды адамдары жауапты болады.»;
14) мынадай мазмұндағы 138-1-баппен толықтырылсын:
«138-1-бап. Бюджет процесінде туындайтын бұзушылықтардың
бағыттары
1. Бақылау объектілерінің бюджет процесінде туындайтын бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісімі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтардың сыныптауышын әзірлейді және бекітеді.
2. Бұзушылықтар сыныптауышында бюджет процесінде туындайтын бұзушылықтардың әрбір бағыты бойынша бұзушылықтардың түрлері, нормалары бұзылған нормативтік құқықтық актінің атауы мен бұзушылықты
жою тәсілдері көрініс табады.
Бұзушылықтар сыныптауышы бақылау объектілерінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруы кезінде бірыңғай ұстанымды қамтамасыз етуге арналған.
3. Бюджет процесінде туындайтын бұзушылықтардың бағыттары:
1) қаражаттың бюджетке түсуі (кіріс бөлігі) кезінде заңнаманың бұзылуы - салықтық, салыққа жатпайтын міндеттемелердің, тиісті бюджетке түскен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің орындалмауы және/немесе орындалуының қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ түсімдердің бюджетке уақтылы және толық көлемде аударылмауы, түсімдердің артық төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке алу тәртібінің бұзылуы;
2) бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдалану кезінде заңнаманың бұзылуы - бюджет қаражатын, трансферттерді, кредиттерді, бюджеттік инвестицияларды, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін бюджет процесінде туындайтын бұзушылықтармен пайдалану;
3) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік жасау кезінде заңнаманың бұзылуы - бастапқы құжаттаманың белгіленген нысандарына сәйкес бастапқы есептің жүргізілуін сақтамау салдарынан бухгалтерлік есеп деректерінің бастапқы құжаттарға сәйкес келмеуіне жол беру, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатының жетіспеушілігі, активтерді, материалдарды, тез тозатын арзан құнды заттарды негізсіз есептен шығару;
4) бюджет процесі барысында рәсімдердің бұзылуы - бюджет процесі барысында мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға зиян (залал) келтіруге әкеп соқтырмаған әрі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмайтын бюджет рәсімдері мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама рәсімдерін орындау мерзімін, тәртібін сақтамау.
4. Бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың анықталған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сомалары тиісті бюджетке қайтаруға жатады.
Бюджетке қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау органының шешімі және/немесе сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.»;
15) 141-баптың 24-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін бақылауды, сондай-ақ бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;»;
16) 142-баптың 4) тармақшасы «мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының» деген сөздерден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 143-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1), 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік тапсырма шеңберінде және қаржы-экономикалық негіздемеде көзделген мақсаттарға бөлінген қаражатын пайдалануын бақылауды жүзеге асырады;»;
«12-1) ішкі бақылау қызметтерінен жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қабылданған шаралар жөнінде есептер мен ақпарат алуға құқылы;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер береді;»;
18) 144-бап мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын:
«9-3) жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қабылданған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға жібереді;»;
19) 159-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшін жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығару мемлекеттік тіркелгеннен кейін бір немесе бірнеше төлемдермен жүзеге асырылады.
Жарияланған акцияларды төлеуге еншілес ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақша аударуы еншілес ұйымдардың жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығаруы бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігімен расталатын мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің төлемдерін жүргізген кезде бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) растау құжаттарының: тауардың жеткізілуі туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акті) көшірмесінің немесе жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттардың болуына;
2) нысаны, толықтығы және толтырылуының дұрыстығы жағынан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруге сайып келеді.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:
төлем тапсырмаларын ұсынудың заңсыздығы және негізсіздігі;
төлем тапсырмаларында көрсетілген деректемелердің дұрыс болмағаны;
ақша алушының пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді орындаудың уақтылы және толық болмағаны;
жасалған операциялардың дұрыс болмағаны;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмағаны үшін жауапты болады.
Бюджеттік инвестициялар шеңберіндегі ақша аударуды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған өздеріне және олармен аффилирленген тұлғаларға тиесілі шоттарға ақша аударуына жол берілмейді.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға ақша аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті