«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актілерін орындау үшін 11223611 (он бір миллион екі жүз жиырма үш мың алты жүз он бір) теңге сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 мамырдағы
№ 528 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі
Р/с |
Сот органының атауы және шешім шығарылған күн |
Талапкер |
Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) |
Өндіріп алушының пайдасына мемлекеттік баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 1997 жылғы 14 тамыздағы шешімі, |
Е.И. Пак |
17280 (2011 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алғандағы кезеңге) |
|
2 |
Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының 2009 жылғы 26 мамырдағы шешімі, |
Г.К. Зәкіров |
36951 (2011 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымды қоса алғандағы кезеңге) |
|
3 |
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2003 жылғы 15 қыркүйектегі шешімі, |
Ф.М. Кәрімов |
93732 (2011 жылғы 1 сәуірден бастап 31 наурызды қоса алғандағы (кезеңге) |
|
4 |
Солтүстік Қазақстан облысының № 2 Тайынша аудандық сотының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі шешімдері, |
Г.М. Мацкевич |
275000 |
|
5 |
Алматы облысының Панфилов аудандық сотының 2010 жылғы 15 қаңтардағы шешімі, |
Ш.Ш. Шәріпова |
500000 |
648 |
6 |
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2010 жылғы 30 наурыздағы сырттай шешімі, |
Г.Ж. Бөлеков |
10000000 |
|
7 |
Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық сотының 2007 жылғы 8 қаңтардағы шешімі, |
К.С. Омаров |
300000 |
|
Жиыны: 11222963 648 |
||||
Жалпы сомасы: 11223611 |