Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 559 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысын мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруді мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» деген бюджетті бағдарламада:
      «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011» деген бағанында «4 663 987» деген сандар «4 691 641» деген сандармен ауыстырылсын;
      002 «Статистикалық деректерді жинау және өңдеу жөніндегі қызметтер" деген бюджеттік бағдарламада:
      «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011» деген бағанында «1 225 211» деген сандар «1 236 547» деген сандармен ауыстырылсын;
      009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011» деген бағанында «104 039» деген сандар «92 703» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың жиынында»:
      «2011» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстар БАРЛЫҒЫ» деген жолда «7 126 611» деген сандар «7 154 265» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолда «6 235 636» деген сандар «6 263 290» деген сандармен ауыстырылсын;
      001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» деген жолда «4 663 987» деген сандар «4 691 641» деген сандармен ауыстырылсын;
      002 «Статистикалық деректерді жинау және өңдеу жөніндегі қызметтер» деген жолда «1 225 211» деген сандар «1 236 547» деген сандармен ауыстырылсын;
      009 «Статистикалық деректерді тарату жөніндегі қызметтер» деген жолда «104 039» деген сандар «92 703» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады