"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 597 Қаулысы

      «2011 — 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «2011 — 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.»;
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасында:
      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сатып алатын медициналық техниканың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісіледі.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға арналған азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлуде:
      «Халықтың дұрыс тамақтауын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы» деген 5.1.2-мақсатта:
      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

3

Мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу, оның ішінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға Алматы облысының (Талғар ауданы) облыстық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша

БҒМ

100 000 оның ішінде:

Алматы облысының әкімдігі (Талғар ауданы)

100 000

»;

      «Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру» деген 5.1.3-мақсатта:
      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде Қарағанды облысының облыстық бюджетіне, Астана қаласының қалалық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша

БҒМ

50 000


оның ішінде:

Қарағанды облысының әкімдігі

39 632

Астана қаласының әкімдігі

10 368

».

       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады