«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Стокгольм қаласындағы Сауда палатасының төрелік институтының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы шешімін және оған 2011 жылғы 21 ақпандағы қосымша шешімді орындау үшін валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 92548,81 (тоқсан екі мың бес жүз қырық сегіз доллар сексен бір цент) АҚШ долларына балама сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов