Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 623 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2011 жылғы су тасқыны кезеңінде Қызылорда облысының аумағында ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға және Сырдария өзенінің арнасында қорғау іс-шараларын жүргізуге, қорғаныш бөгеттерді күшейтуге, қауіпті учаскелерде өзен арнасын түзетуге, су шаруашылығы объектілерін жөндеуге Қызылорда облысының әкімдігіне аудару үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 289146812 (екі жүз сексен тоғыз миллион бір жүз қырық алты мың сегіз жүз он екі) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қызылорда облысының әкімі 2011 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады