Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Сауықтыру жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
құрылған     

Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
      «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша)
      «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты стратегия және мониторинг департаментінің үйлестірушісі (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
бекітілген    

Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспарын», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарлары» деген сөздер тиісінше «оңалту (сауықтыру) жоспарын», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Сауықтыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушыларын анықтау болып табылады.
      4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес:
      1) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      2) Жұмыс органы жасақтаған әлеуетті қатысушылардың деректерін, оның ішінде әлеуетті қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын қарайды;
      3) әрбір әлеуетті қатысушы бойынша қорытынды дайындайды;
      4) мынадай:
      Сауықтыру жөніндегі кеңесінің жұмыс органына кредиторлардың кәсiпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруiне мораторий енгiзуді көздейтін жеделдетілген оңалту рәсімін енгізу туралы (оңалту рәсіміндегі Бағдарлама қатысушына қатысты оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сот ұйғарымы) сот шешiмi ұсынылмаған жағдайда;
      Бағдарламаны іске асыру мониторингі барысында субсидиялау бөлігінде қатысушының өтеу кестесі бойынша кредит, лизингтік операциялар немесе облигациялар жөніндегі купон, оның iшiнде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігі бойынша күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өткен төлемдерді төлемегені анықталған жағдайда, катысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды;
      4-1) оңалту (сауықтыру) жоспарларын, оның ішінде ахуалды түзету, болашақ кезеңде тараптардың міндеттемелерін орындау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингі нәтижелерінің негізінде қатысушыларды Бағдарламадан алып тастау (алып тастамау) туралы шешім қабылдайды;
      4-2) қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім шығарады;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруы үшін олардың кәсіпорындарды сауықтыруға қатысу дәрежесі жөнінде ұсынымдар береді;
      6) Бағдарламада туындайтын өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355; 07.03.2013 N 224; 19.02.2014 № 117, 2014.11.10 № 1182 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) мемлекеттік органдармен, орта және ірі кәсіпкерлік саласындағы республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      8. Кеңестің жұмыс органы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
      2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;
      4) Бағдарламадан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      10. Кеңес материалдарды Кеңестің жұмыс органы енгізген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды және шешім қабылдайды.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      11. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
      Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
      Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      12. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      13. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
      14. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
      15. Кеңестің отырыстарына Кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады