Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер пен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 10 қарашадағы
№ 1182 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлім:
      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
      «7. Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу.
      Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу үшін Қатысушы Сауықтыру кеңесінің жұмыс органына жүгінеді. Өтінішке кредиторлар комитетінің келісімі және тиісті есептеулерді келтіре отырып, Бағдарламаға қатысушының келешекте кредиттерді (қарыздарды) өз бетімен өтеудің және оларға қызмет көрсетудің ықтимал мүмкіндігінің бар екендігі туралы қаржы ұйымдарының жазбаша қорытындысы қоса беріледі.
      Қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығу туралы өтінішін алғаннан кейін Жұмыс органы аталған мәселені Сауықтыру кеңесінде қарауға бастамашылық етеді.
      Ұсынылған материалдардың, сондай-ақ оңалту (сауықтыру) жоспарының өткен жылдарда іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерінің негізінде Сауықтыру кеңесі қатысушының Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығуы туралы шешім шығарады.
      Қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шыққан кезде республикалық бюджеттен алынған субсидияларды қайтару жүргізілмейді.
      Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Сауықтыру кеңесінің жұмыс органы субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеудің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етеді және бес жұмыс күні ішінде субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына, меншік иесіне және қатысушыға субсидиялау шартының бұзылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      Субсидиялау шарты бұзылғаннан кейін Бағдарламаға қатысушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторлар комитетімен келісілген қорытынды есепті қоса бере отырып, жеделдетілген оңалту рәсімінің тоқтатылғаны туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.».
      2. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-2) қатысушыны Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы шешім шығарады;».
      3. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында:
      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Субсидиялау мынадай:
      1) Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша қатысушы Бағдарламадан шығарылған;
      2) Бағдарламаға сәйкес Сауықтыру кеңесінің шешімі бойынша қатысушы Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығарылған;
      3) қатысушы кредит және (немесе) лизингтік операциялар бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын толық (ішінара) өтеген, облигацияларды мерзімнен бұрын толық сатып алған жағдайларда тоқтатылады.
      26. Сауықтыру кеңесі қатысушыны Бағдарламадан шығару туралы (Бағдарламадан мерзімінен бұрын шығару туралы) шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган субсидиялау жөніндегі операторды сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеудің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етеді және бес жұмыс күні ішінде субсидиялау жөніндегі операторға, қаржы ұйымына және қатысушыға және қатысушының меншік иелеріне субсидиялау шартының бұзылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.».

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 10 қарашадағы
№ 1182 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 755-құжат).
      2. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 553 қаулысы.
      3. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысы.
      4. «Салалық органдардың кәсіпорынның Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
талаптарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 569-құжат).
      5. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 46, 621-құжат).
      6. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 53, 755-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 қаулысы.
      8. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 409 қаулысы.
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 тамыздағы № 1016 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж, № 65, 913-құжат).
      10. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1663 қаулысы.
      11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 224 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 20, 332-құжат).
      12. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 275 қаулысы.
      13. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1473 қаулысы.
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 77-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 51-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 212-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы» 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 495 қаулысы.
      17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 45-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады