Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 қарашадағы № 1355 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 19 қарашадағы
№ 1355 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

     1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      «Кіріспе» деген 2-бөлімде:
      оныншы бөлік алынып тасталсын;
      он тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер қатысатын заңды тұлғалар және олар бақылайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ шет елдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.»;
      жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте қаржы ұйымдарымен қаржыландыру туралы келісімдер жиынтығында 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрайтын немесе одан асатын сомаға 2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей жасалуы тиіс (2011 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей туындаған бұрын қабылданған міндеттемелерді қайта қаржыландыру жағдайларын қоспағанда) және олар бойынша болашақта оларды қайта құрылымдаусыз орындау проблемалы болып есептеледі деген негіздер болуы тиіс.
      Егер холдинг құрамына берешек бойынша критерийді қоспағанда, жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін кәсіпорын кірген жағдайда және бұл ретте холдинг бойынша жиынтық берешек 4,5 млрд. теңгені құраса немесе одан жоғары болса, онда осы кәсіпорынның  Бағдарламаға қатысуға құқығы бар.
      Бағдарламаға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін «Банкроттық туралы»Заңға сәйкес сот шешімінің негізінде оңалту рәсімі қолданылған, жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кәсіпорындар қатыса алады.»;
      жиырма үшінші бөліктің оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын.
      «Холдинг - ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамай, акцияларының бақылау пакеттері мен қатысу үлестері бір меншік иесіне тиесілі немесе бір қаржы ұйымының алдындағы бірыңғай кредиттік желі бойынша немесе шартпен біріккен компаниялар тобы.»;
      «Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
      3-тармақта:
      тоғызыншы бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «берілген қарыздарды (кредиттерді) проблемалы қарыздарға жатқызу мүмкіндігін растай отырып, қаржы ұйымдарының 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорынның жиынтықта 4 500 000 000 (төрт миллиард бес жүз миллион) теңгені құрауға немесе одан артық болуға тиіс берешегінің бар екені туралы үзінді көшірмелерін не облигацияны ұстаушылар туралы тіркеушінің мәліметін,»;
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуетті қатысушылардың өтініштерін қабылдау 2012 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылады. Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін және холдингке кіретін бірнеше кәсіпорын қатысқан жағдайда, сараптамалық қорытындыны алуға және қатысуға құжаттар оларды басқарушы компанияның атынан тапсырылуы мүмкін.»;
      1) тармақшада:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін әлеуетті қатысушы Кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған 50 пайыз мөлшеріндегі шығыстар республикалық бюджеттен қоса қаржыландырылады, бұл ретте әрбір әлеуетті қатысушыны қоса қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 пайызынан немесе 35 млн. теңгеден аспауға тиіс»;
      2) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант қызметтерінің құнын төлеуге республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған сауықтыру жоспарын әзірлеуге арналған шартты қоса бере отырып, Уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.»;
      3) тармақшада:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Сауықтыру жоспарын консультант сауықтыру жоспарын әзірлеуге шарт жасасқан күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде әзірлейді және оны Кредит берушілер комитеті бекітеді, онда мыналар:»;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Бағдарламаға Бағдарлама талаптарына сәйкес келетін және холдингке кіретін бірнеше кәсіпорын қатысқан жағдайда, холдинг бойынша холдингке кіретін әр кәсіпорын бойынша жоғарыда аталған талаптар көрсетілген бірыңғай сауықтыру жоспары әзірленуі мүмкін.».
      9) тармақшаның төртінші бөлігі алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, сауықтыру жоспарына сәйкес қаржылай кредит берушілердің міндеттемелерді қайта құрылымдауының міндеттілігі шарттарымен беріледі.»;
      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, субсидия мөлшері - жылдық 7 пайызға дейін.»;
      он жетінші бөлік мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Егер облигациялық қарыз (инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда) субсидиялау объектісі болып табылса, субсидиялау жөніндегі оператор облигация ұстаушыларға тізілім бекітілген күнге тіркеушінің тізіліміне сәйкес ақша қаражатын аударады.»;
      «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.
      2. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1031қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау қағидасында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Субсидия мөлшері - жылдық жеті пайызға дейін. Сыйақының пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлігінің мөлшері өтеу кестесінде көрсетіледі.».
      3. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасында:
      3, 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі шығыстар республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландырылады, бұл ретте әрбір әлеуетті қатысушыны бірлесіп қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 (елу) пайызынан немесе 35 (отыз бес) миллион теңгеден аспауға тиіс.
      4. Сауықтыру жоспарын әзірлеу мақсатында әлеуетті қатысушы кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.
      5. Сауықтыру жоспарын әзірлеу мақсатында бірлесіп қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған сауықтыру жоспарын әзірлеуге арналған шартты қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.».
      4. «Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен құрылған Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамына:
      Мырзахметов             - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
      Абылай Исабекұлы          экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                                бірлестігінің басқарма төрағасы
                                (келісім бойынша) енгізілсін;
      көрсетілген құрамнан Азат Тұрлыбекұлы Перуашев шығарылсын;
      2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады