Қазақстан Республикасының «Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өз еркімен емделуден жалтарған алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлық пен ауыратын адамдарды еріксіз емдеу және оларды медициналық-әлеуметтік оңалту мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 мамырдағы № 906 қаулысы;
3) «Тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік медициналық және басқа көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 703 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.28 № 1255 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімде:
үшінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың құрылымын, технологиясын, штаттық кестесін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамамен бекітілген стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс басталды.».
4. «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 1390 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлімде:
екінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу;»;
«Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары» деген 7-бөлімде:
реттік нөмірі 15-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға адамдарды маскүнемділікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық ұйымдар желісін кеңейту туралы ұсыныстар енгізу».