Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1182 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 7-2 тармағына және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілеті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2."Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1 жолмен толықтырылсын:

"

4-1

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті)

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының

2011 жылғы 2-тоқсан


(кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасының жобасын әзірлеу.


жобасы


".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 9 шілдедегі
№ 783 қаулысымен  
бекітілген     

"Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасы

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспары», «сауықтыру жоспарын» деген сөздер тиісінше «оңалту (сауықтыру) жоспары», «оңалту (сауықтыру) жоспарын» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

     1 Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және бағдарлама шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібін анықтайды.
     2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) әлеуетті қатысушы - Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға ниет білдірген кәсіпорын;
     2) консультанттар - әлеуетті қатысушылардан және олардың кредит берушілерінен және меншік иелерінен тәуелсіз, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу үшін кредит берушілер комитеті таңдаған адамдар;
     3) кредит берушілер комитеті - еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жөніндегі кредит берушілердің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілердің өкілдерінен, кредит беруші - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ кәсіпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушілердің өкілдерінен қалыптастырылған алқалы орган;
     4) оңалту (сауықтыру) жоспары – кредиторлардың талаптарын өтеу кестесін, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелерді, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдерді қоса, іске асыру мерзімін көрсете отырып, жұмыс істейтін кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біркелкі кредиторлар тобының арасындағы өзара келісудің негізінде жүзеге асырылатын және оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      5) Сауықтыру кеңесі - мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады;
      уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.

2. Бағдарлама шеңберінде консультанттардың қызметтерін республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібі

      3. Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі шығыстар республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландырылады, бұл ретте әрбір әлеуетті қатысушыны бірлесіп қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 (елу) пайызынан немесе 35 (отыз бес) миллион теңгеден аспауға тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      3-1. Сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін консультант қызметтерiнiң құнын төлеуге республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.
      4. Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу мақсатында әлеуетті қатысушы кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      5. Оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу мақсатында бірлесіп қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеуге арналған шартты қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
      6. Өтінімде кредит берушілер комитеті оңалту (сауықтыру) жоспарымен келіспеген, оңалту (сауықтыру) жоспарын әзірлеу мерзімінен асып кеткен, Сауықтыру кеңесінің теріс қорытындысы алынған немесе қатысушы бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуетті қатысушының республикалық бюджеттен жіберілген бірлесіп қаржыландыру сомасын қайтару міндеттемесі қамтылады.
      7. Уәкiлеттi орган консультант қызметтерiнiң құнын төлеуді республикалық бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған өтiнiмдi алған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде өтiнiмде көрсетiлген соманың негiзiнде төлеуге берiлетiн шотты қалыптастырады және ақшалай қаражат сомасын консультанттың банктiк шотына аударуды жүзеге асырады. Егер, тиісті қаржы жылында қоса қаржыландыруды жүзеге асыруға қаражат көзделмеген жағдайда, уәкілетті орган оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып, әлеуетті қатысушыға өтінімді қайтарады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.03.2013 N 224 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады