«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес сот актілерін орындау үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға 6112424 (алты миллион бір жүз он екі мың төрт жүз жиырма төрт) теңге бөлінсін.
2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 794 қаулысына
қосымша
Орындауға жататын сот актілерінің тізбесі
Р/с № |
Сот органының атауы және шешім шығарылған күн |
Талапкер |
Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж шегерілген сома (теңге) |
Өндіріп алушының пайдасына мемлекеттік баж (теңге) |
Мемлекет кірісіне мемлекеттік баж (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының 2010 жылғы 16 тамыздағы шешімі, Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 26 қазандағы қаулысы, Алматы облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысы |
Д.А. Боранбаева |
412500 |
1107 |
|
2 |
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 2010 жылғы 7 шілдедегі шешімі, Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 12 қазандағы қаулысы, Қарағанды облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 25 қарашадағы қаулысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 24 наурыздағы қаулысы |
М.А. Омаров |
2000000 1530000 |
||
3 |
Маңғыстау облысы Мамандандырылған аудан-аралық экономикалық сотының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі ұйғарымы, Маңғыстау облысы Мамандандырылған аудан - аралық экономикалық сотының 2010 жылғы 29 қарашадағы ұйғарымы |
«Қазвторчермет» АҚ |
538903 |
||
4 |
Атырау қалалық сотының 2010 жылғы 4 қазандағы шешімі, Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 24 қарашадағы қаулысы, Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы, Атырау қалалық сотының 2010 жылғы 31 наурыздағы ұйғарымы |
М.Х. Халим |
150000 |
707 |
|
5 |
Қостанай қалалық сотының 2010 жылғы 26 қарашадағы шешімі, Қостанай облыстық сотының апелляциялық сатысының 2011 жылғы 21 қаңтардағы қаулысы, Қостанай облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2011 жылғы 25 наурыздағы қаулысы |
И.К. Калиев |
250000 |
707 |
1500 |
6 |
Әл-Фараби аудандық сотының 2010 жылғы 18 маусымдағы шешімі, Оңтүстік–Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысы, Оңтүстік - Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 8 қарашадағы қаулысы, Әл-Фараби аудандық сотының 2011 жылғы 4 сәуірдегі ұйғарымы |
А. Ахметов |
150000 |
||
7 |
Ақтөбе қалалық сотының 2010 жылғы 3 ақпандағы шешімі, Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі қаулысы, Ақтөбе облыстық сотының кассациялық сот алқасының 2010 жылғы 12 мамырдағы қаулысы |
А.П.Петухов |
30 000 |
||
8 |
Атырау қалалық сотының 2009 жылғы 6 ақпандағы шешімі, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының 2009 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы |
З.К.Идрисова |
1047000 |
||
Жиыны: |
6108403 |
||||
Жалпы сомасы: |
6112424 |