"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1008 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
 
      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат, № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақ мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы):
      1) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жер қойнауын пайдалану, магистральдық құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін индустриялық-инновациялық қызметтерінің субъектілерінің жобалары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге мемлекет мұқтажы үшін магистральдық құбыр жолдарын салу, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару;»;
      2) 48-баптың 1-тармағында:
      18) тармақшадағы «корпорацияларға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.» деген сөздер «корпорацияларға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
      «19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.».
      2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат, № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат:
      1) 133-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) өнертабысты, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау және селекциялық жетістіктерді қорғау саласында уәкілетті мемлекеттік орган берген патент болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет көрсетілген жұмыстардың нәтижесін енгізген жағдайда, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысында ғылыми-зерттеулер, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық деп танылған жұмыстарды орындауға тиісті салық кезеңінде нақты шығыстардың 50 пайызы мөлшерінде.
      Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесін енгізуді растау тәртібін, сондай-ақ қорытынды нысанын және оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».
      3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат, № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жалпы мемлекеттік сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы, инвестициялық және индустриялық-инновациялық саясатқа сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге»;
      2) 27-баптың 1-тармағының 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға береді;».
      4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28,33-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32, 43-құжат; № 6, 50-құжат):
      34-1-бапта:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік тапсырысты орналастыру, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады;».
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға өздері белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат беруге міндетті.».
      Жергілікті қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады;».
      5. «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер – квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi шаралар;
      2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, оған дейiн сауда қызметi субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы;
      3) бөлшек сауда – кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      4) кедендiк баждардың квотаiшiлiк ставкасы – белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
      5) кедендiк баждардың квотадан тыс ставкасы – белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн әкелiмдi кедендiк баждың мөлшерi (шамасы);
      6) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      7) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      8) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарт) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
      9) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;
      10) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
      11) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
      12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      13) сауда қызметi субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      15) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы;
      16) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
      17) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын әкелу кезiнде (заттай немесе құнымен алғанда) белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының мейлiнше төмен ставкасын қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;
      18) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
      19) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;
      20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiне мониторинг жүргiзу мақсатында белгiленетiн уақытша шара;
      21) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
      22) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
      23) экспортты дамытудың және жылжытудың институционалдық жүйесі – өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған іс-шаралар кешенi;
      24) экспортты жылжыту – Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кiруiне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi.»;
      2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті»
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзедi;
      2) мемлекеттiк сауда саясаты бағдарламаларын бекiтедi;
      3) Қазақстан Республикасының iшкi нарығын қорғау жөнiнде шараларды қабылдайды;
      4) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу шараларын қабылдайды;
      5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қабылдайды;
      6) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;
      7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерiн бекiтедi;
      8) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;
      9) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;
      10) уәкiлеттi органды айқындайды;
      11) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн бекiтедi;
      12) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;
      13) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген шектi мөлшерiн бекiтедi;
      14) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi атқарады.»;
      3) 7-1, 15, 15-1-баптар алынып тасталсын.
      6. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия өтінімін анықтауға негіз болатын барлық өлшемдердің, оның ішінде жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің сипаттамасын, оның iшiнде мұндай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәнін, концессиялық өтінімдерді бағалау және салыстыру тәсiлiнiң сипаттамасын;»;
      2) 21-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «18) жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелерді;».
      7. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78-құжат, 82; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңы;
      1) 1-баптың 6-1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1) жергілікті қамту – мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға жұмысқа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы шарт бойынша еңбекке ақы төлеудің жалпы қорындағы және (немесе) Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толық өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығарылым үлесі (үлестері) құнының мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнындағы пайыздық қамтылуы;»;
      2) 14-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;»;
      3) 14-1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;»;
      4) 17-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жергілікті қамту көздеуге міндетті.».
      8. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 2-3, 17-құжат; № 24, 133-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
      1) 3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) отандық тауар өндірушілермен және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы жергілікті қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;»;
      2) 7-баптың 5-тармағының бесінші және алтыншы бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жергілікті қамту Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бойынша айқындалады.
      Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту бойынша ақпарат сауда және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде осы уәкілетті органға ұлттық басқарушы холдинг атынан шоғырландырылған түрде ұсынылады.».
      9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат); 2011 жылғы 30 шілде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңы;
      1) 1-бапта:
      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «34) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердігерлік шарттарының бағалары шегеріле отырып, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегіне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;»;
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) кадрлардағы жергілікті қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санаты бойынша бөле отырып, келісімшартты орындау кезінде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;»;
      92) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «92) тауардағы жергілікті қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар құнының және тауарларды өндіруші шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық қамтылуы;»;
      109) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды есептеу үшін қолданылатын тәртіп;»;
      2) 16-бапта:
      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «55) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекітеді;»;
      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «59) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шартына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін бекітеді;»;
      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «60) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін бекітеді;»;
      3) 17-бапта:
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жинақтау және талдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша жалпы ақпаратты беру;»;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар талаптарын орындауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;»;
      4) 18-баптың 21)-23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
      22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;
      23) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстарды айқындау тәртібін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;»;
      5) 19-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті»;
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:»;
      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін әзірлеу;»;
      21), 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсының шарттарына енгізілетін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамтуды есептеу тәртібін әзірлеу;
      22) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуының жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасау және ұсыну нысандары мен тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу;»;
      6) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдістемесін әзірлейді және құзыретті органның келісімі бойынша бекітеді;
      жер қойнауын пайдаланушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
      кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу тәртібін бекітеді;»;
      құзыретті органмен келісілген тәртіппен оған жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін кадрлардағы ең аз жергілікті қамтуды ұсынады;»;
      7) 27-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;»;
      8) 35-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге;»;
      9) 47-баптың 2-тармағының 6), 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) кадрлардағы ең аз жергілікті қамту;»;
      7) тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі ең аз жергілікті қамту;»;
      10) 50-баптың бірінші бөлігі 3-тармағының 4), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қазақстандық кадрларды оқыту мен олардың біліктілігін арттырудың міндетті бағдарламаларының іске асырылуына қарай өсіп отыруға тиіс кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      6) келісімшарт бойынша жұмыстарды орындауға қажетті тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша міндеттемелер;»;
      11) 58-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөліммен толықтырылсын:
      «Жоғарыда аталған мәліметтерден басқа индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған өтінімінде қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарлама болуға тиіс.»;
      12) 60-баптағы:
      3-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың көлемі;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөліммен толықтырылсын:
      «Қолдануға ұсынылатын технологиялар туралы ақпаратты қамтитын технологиялық бағдарламаның болуы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын өндіруге арналған келісімшарттың қосымша шарты болып табылады.»;
      7-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шарттар бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда құзыретті орган және барлауға арналған келісімшарттың негізінде кен орнын табу мен бағалауды жүргізген тұлға қол қойылған бонустың, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамтудың, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерлеріне қатысы бар қайталама конкурстың қажетті шарттарын бірлесіп айқындайды.»;
      13) 61-баптың 2-тармағының екінші және бесінші бөлімдері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Келісімшарт: қол қойылған бонусты төлеудің мөлшері мен талаптары бойынша; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшері мен талаптары бойынша; кадрлардағы жергілікті қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшері бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдік персоналға қатысты, мердігерлік жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшін еңбекақы төлеудің тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшері бойынша міндеттемелерді қамтуға тиіс.»;
      Келісімшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзі қабылдаған, оның ішінде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша, келісімшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша міндеттемелерді орындамағаны, тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық төлемі (айыппұлдар, өсімпұлдар) мөлшерін қамтуға тиіс.»;
      14) 76-баптың 1-тармағы 12-1), 21-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «12-1) келісімшарт қызметі бойынша жиынтық жылдық табыстың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыруға.
      Осы тармақшаның ережесі келісімшарттардың мынадай түрлеріне қолданылмайды:
      - жерасты суларын барлауға және (немесе) өндіруге;
      - емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге;
      - барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға;»;
      21-1) тоқсан сайын ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі есепті Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен құзыретті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ұсынуға;».
      76-баптың 1-тармағының 19), 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, тоқсан сайын құзыретті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысандар бойынша және тәртіппен сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді ұсынуға;»;
      21) есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, жыл сайын құзыретті органға кадрлардағы жергілікті қамту бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынуға;»;
      15) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Келісімшарттық міндеттемелерді жергілікті қамту бөлігінде орындауға қатысты, жер қойнауын пайдаланушының тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алуды жоспарлауы және жүргізуі, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқытуға арналған шығындар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар туралы ақпарат құпия болып табылмайды.»;
      16) 129-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жер қойнауын пайдалануға арналған бұрын жасалған келісімшарттар бойынша тараптар терминологияны бірізге келтіру, кадрлардағы жергілікті қамту, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесіне сәйкес есептелген тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту туралы, құзыретті орган бекітетін тәртіппен және нысандар бойынша жоспарланып отырған және нақты жүргізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ақпарат беру бөлігінде осы Заңда белгіленген талаптарды басшылыққа алуға міндетті.».
      2. Осы заң алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады