Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1019 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес алаңы 490,96 гектар жер учаскесі орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін автомобиль жолын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тиісті жер учаскесін "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алматы облыстық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент) беруді қамтамасыз етсін.
      3. Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі осы қаулының қосымшасында көрсетілген тиісті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 1019 қаулысына  
қосымша        

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылатын орман қоры жерлерінің экспликациясы

Р/с

Жер
пайдаланушының
атауы

Жалпы
алаңы,
гектар

оның ішінде:

Орман
көмкерген

алаңдар

жайылым

шабындық

құмды

өзге
жерлер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

"Алматы орман селекциялық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

6,51

1,18

5,33

-

-

-

-

2

Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шелек орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі"

124,61

18,82

3,0

8,0

-

0,5

94,29

3

Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі"

359,24

150,12

9,0

89,0

4,0

13,1

94,02

4

Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жаркент орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі"

0,6





0,6



ЖИЫНЫ:

490,96

170,12

17,33

97,0

4,6

13,6

188,31

      Министр                                         А.Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады