Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация
қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):
1) 63-баптың 5-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгілейді және сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның тәртібін бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты мекен-жайын, жұмысын, оқуын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе ВИЧ/ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейді. Сот, шартты түрде сотталғанға, оның түзелуіне ықпал ететін өзге де міндеттерді жүктей алады.»;
2) 64-баптың екінші және үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер шартты түрде сотталған адам сол үшiн өзiне әкiмшiлiк жаза салынған қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдірсе, дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген жағдайда, шартты түрде сотталушының жүріс-тұрысына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырса, сондай-ақ сотталған сотпен жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған органның ұсынысы бойынша сынақ мерзiмiн ұзарта алады, бiрақ ол бiр жылдан аспауы керек.
3. Шартты түрде сотталған адам осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықтың біреуін сынақ мерзімі ішінде қайталап жасаған, сондай-ақ заңды талапқа бағынбаған, сол сияқты шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан жағдайда, не болмаса шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):
1) 380-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жасағанына кiнәлi деп танылған әрбiр қылмысы үшiн сотталушыға тағайындалған жазаның түрi мен мөлшерi, сондай-ақ бұрыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58, 60-баптарының негiзiнде өтеуге жататын түпкiлiктi жаза түрi.
Сот жаза түрi ретiнде бас бостандығынан айыру тағайындаған кезде үкiмде сотталғанның оны өтеуге тиiс мекемесiнiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталғанға қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындаған кезде, үкім заңды күшіне енгеннен кейін он күн мерзім ішінде оның қылмыстық-атқару инспекциясына есепке қою үшін келу міндеттерін белгілейді;»
«5) шартты түрде соттаған кезде сынақ мерзiмінiң ұзақтығы мен сотталғанға жүктелетін міндеттер, бұл ретте сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабында көзделген жауапкершілікті түсіндіреді;»;
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1 бап. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация
Қылмыстық-атқару жүйесіндегі пробация – сынақ мерзімі мен пробация бақылауында болған аралықта әрбір шартты түрде сотталғанға қатысты жаңа қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында, алдағы уақытта олардың жүріс-тұрысын түзету үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі әзірлейтін және іске асыратын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы кешенді шаралар.»;
2) 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шартты сотталғандар, алдағы уақытта олардың жүріс-тұрысын түзету және олардан жаңа қылмыс жасауын ескерту мақсатында, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілерге бақылауды әскери бөлімшелердің басшылығы жүзеге асырады.»;
3) 181, 182, 183, 184-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асырудың тәртібі
1. Сынақ мерзімі кезеңінде шартты түрде сотталған әскери қызметшілердің жүріс-тұрысына бақылауды, олардың әскери бөлімдерінің командованиесі жүзеге асырады.
2. Шартты түрде сотталғандар әскери бөлімнің командованиесіне өзінің тәртібі туралы есеп беруге, сот жүктеген міндеттерді орындауға, айына екі рет тіркелу үшін келуге міндетті. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты сотталушы ерiксiз келтiрiлуi мүмкiн.
182-бап. Шартты сотталғандардың жүріс-тұрысын пробациялық бақылауды жүзеге асыру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртiбi
1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пробациялық бақылауды тұрған шартты сотталғандарды есепке қойған кезде:
1) денсаулық жағдайын белгілей отырып, сотталғанның жеке тұлғасын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің көлемін анықтау үшін өзге де қажетті мәліметтерді анықтайды;
2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне келу күнін белгілейді;
3) сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібін, оларды орындамаған, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартуды түсіндіреді.
2. Шартты сотталғанның жеке тұлғасын және тіршілік жағдайын зерделеу нәтижесі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын құрастырады.
3. Шартты сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары білім алуға, мамандық иеленуіне, жұмысқа орналасуына, сондай-ақ құқықтық көмек көрсетумен қамтамасыз етуге жәрдем беру болып табылады.
4. Жеке құрастырған бағдарламаға сәйкес шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және өзге де ұйымдар жәрдем береді.
5. Шартты сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалады.
6. Шартты сотталғанға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы осы Кодекстiң 24-29-баптарында көзделген шараларды толық көлемде жүзеге асырады.
7. Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің және әскери бөлiмдер командованиелерiнiң алдында өзiнiң жүрiс-тұрысы туралы есеп беруге, айына екі рет, күшейтілген пробациялық бақылау кезінде төрт рет тіркелу үшін, сондай-ақ шақыру бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне келiп тұруға мiндеттi. Дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда шартты сотталушы ерiксiз келтiрiлуi мүмкiн.
8. Тиісті бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Пробациялық бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің оларды қолдану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
9. Шартты сотталған бақылаудан жалтарған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі оның жүрген жерi мен жалтару себептерiн анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды қабылдайды.
183-бап. Сынақ мерзімінің және пробациялық бақылаудың есептелуі
1. Сынақ мерзiмi және пробациялық бақылау мерзімі сот үкімі заңды күшіне енген кезден бастап есептеледі.
2. Сынақ мерзiмi бiткен соң шартты сотталушының жүрiс-тұрысын пробациялық бақылау тоқтатылады, сөйтiп ол қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебiнен шығарылады.
3. Сотталғанды мiндеттi әскери қызметке шақырған жағдайда жергілікті әскери басқару органына үкiмнiң көшiрмесi, қажет болған жағдайларда қызметтен өту орны бойынша шартты сотталғанның жүрiс-тұрысын бақылауды жүзеге асыруға керектi өзге де құжаттар жiберiледi. Әскери бөлiмнiң командованиесi он күн мерзiмде қылмыстық-атқару инспекциясына шартты сотталғандарды есепке қойғаны, қызмет аяқталған соң - әскери бөлiмнен кеткенi туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Сынақ мерзімінің өтуі соттың шартты түрде сотталған адамды іздестіру жариялау туралы қаулысы шыққан сәттен бастап тоқтатылады және соттың шешімі бойынша қайта басталады.
184-бап. Шартты сотталғандардың жауапкершілігі
1.Шартты сотталған қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, сол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылған жағдайда, сотталған электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдірсе), дәлелсіз себептермен тіркелуге келмесе, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырса, соңғысымен сынақ мерзімін бiр жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы сотқа ұсыныс енгiзіледi, сондай-ақ оны шартты сотталудың күшi жойылуы мүмкiн екендiгi туралы жазбаша түрде ескерту жасалады.
2. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі сотқа сынақ мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс жібереді.
3. Шартты түрде сотталған сынақ мерзімі ішінде осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтың біреуін қайталап жасаған, заңды талаптарға бағынбаған, сол сияқты шартты сотталған адамның тәртібіне бақылауды жүзеге асыратын орган қызметкерлерін қорлаған не оларға қатысты зорлық іс-әрекеттер жасаймын деп қорқытқан не егер сотталған адам бақылаудан жасырынған жағдайда, сотқа шартты жазаның күшін жою туралы ұсыныс жіберіледі.
4. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне тiркелу үшiн келмеген сәттен бастап он бес күннен астам уақыт iшiнде орналасқан жерi анықталмаған, шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынған деп танылады.
5. Шартты сотталған электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі тиісті акті жасайды.
Шартты сотталған электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдірген) жағдайда,заңмен белгіленген тәртіпте материалдық жауапкершілікте болады.».
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41, № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130- құжаттар; № 24, 146, 149 - құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28, 32-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару инспекциясының (336-бап (1-1 және үшінші бөліктері) (осы бұзушылықтар қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде тұрған тұлғаларға қатысты);»;
екінші бөлікте мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару инспекциясы инспекторының (336-бап (бірінші және екінші бөліктері) (осы бұзушылықтарды қылмыстық-атқару инспекциясының есебінде тұрған тұлғалар жасағанда) құқығы бар;».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша өңірлік бағдарламаларды дайындап, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
14-2) қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша өңірлік бағдарламаларды дайындап, мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;»;
3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.».
6. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңы):
1) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.»;
2) 7-баптың 5-5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-5) қылмыстық-атқару инспекциялары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;».
7. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24 (2577), 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
Мынадай мазмұндағы 4-5-баппен толықтырылсын:
4-5-бап. Iшкi iстер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi – қылмыстық-атқару жүйесi) – қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында қамауда ұстауды қамтамасыз ету бойынша атқару және бөлу қызметтерiн жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тіршілік қызметін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi.
2. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
1) құзыретті орган (орталық атқару органының ведомствосы);
2) қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары;
3) қылмыстық жазаларды орындайтын органдар:
құрылымында пробация қызметі жұмыс істейтін қылмыстық-атқару инспекцияларының аудандық және қалалық бөлімдері;
4) түзеу мекемелері;
5) тергеу изоляторлары;
6) ғылыми-зерттеу, емдеу алдын алу ұйымдары және білім беру ұйымдары;
7) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар және олардың құрылымдық бөліністері;
3. Қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелері қызметкерлерін:
1) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлері;
2) қылмыстық-атқару жүйесіндегі лауазымдарда тұрған мемлекеттік қызметшілері;
3) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерімен және органдарымен еңбек қатынасында тұрған қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысшылары.
4. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының, мекемелер әкімшілігінің және олардың лауазымды тұлғаларының қызметін ұйымдастыру тәртібі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.».
8. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік бағдарлама, жоба - білім беру, ғылым, ақпарат, денсаулық сақтау, спорт, қоршаған ортаны қорғау; жастар, демографиялық, гендерлік, қылмыстық-атқару саясаты; әлеуметтік көмек; құқық қорғау қызметі; мәдениет саласындағы және өзге де әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекцияларының пробация қызметіне жәрдемдесу;».
9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
1) 6-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда;»;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу деп танылуы мүмкін.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті