"Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 1154 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы»;
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жеке сервитут белгілеу үшін жер салығы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төлемақы;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректерінің және жер нарығының мониторингі нәтижелерінің негізінде қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларының өзгеруі туралы ұсыныстар енгізсін.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік органдары жергілікті талаптарға және ерекшеліктерге орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын бекітсін.»;
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады