"Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" акционерлік қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 1164 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді көрсету Қоғам қызметінің негізгі мәні деп белгіленсін.
      3. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру жалпы сомасы 678466935 (алты жүз жетпіс сегіз миллион төрт жүз алпыс алты мың тоғыз жүз отыз бес) теңгеге, "Орталық жүзу бассейні" акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік мүлік есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
      2) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 13 қазандағы  
№ 1164 қаулысымен     
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-132-жолмен толықтырылсын:
      "123-132. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" АҚ".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 299-2-жолмен толықтырылсын:
      "299-2. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" АҚ".
      3. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:
      "18. "Су спорты түрлерінің республикалық орталығы" АҚ".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады