"Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 988 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 48 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Абзал Қуанышбекұлы Естаев Зияткерлік меншікті құқықтық сақтау және қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасының өкілі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі болып тағайындалсын.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Сұран Тілепалдыұлы Меркібай Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады