Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 579 қаулысымен.

Баспасөз релизі

      «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі;
      2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген    

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына
сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Р/с

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Букмекер кеңсесі үшін

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;

меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


2.

меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;

өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


3.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;

күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*;


4.

ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;

ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

еркін нысанда

5.

өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: букмекер кеңселерін – 20000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы;

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 20000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;


6.


кассалар тізімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


Тотализатор үшін

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;

меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**;


2.

меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;

өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар бірге ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**;


3.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;

күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**;



4.

ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;

ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

еркін нысанда

5.

өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: тотализаторларды – 5000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы;

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;


6.


кассалар тізімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**


Казино үшін

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;

меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***;


2.

меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;

өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***;


3.

қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;

қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;


4.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;

күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***;


5.

ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;

ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

еркін нысанда

6.

өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: казино – 25000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында


Ойын автоматтары залы үшін

1.

ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы;

меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****;


2.

меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы;

өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****;


3.

қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;

қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;


4.


әр ойын автоматына арналған сәйкестік сертификаты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;


5.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы;

күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****;


6.

ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы;

ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;

еркін нысанда

7.

өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: ойын автоматтары залдары – 25000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы

бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 25000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында


      * Ойын бизнесін ұйымдастырушының букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      ** Ойын бизнесін ұйымдастырушының тотализатор қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      *** Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
      **** Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік
талаптарына сәйкестігін растайтын   
құжаттардың тізбесіне         
1-қосымша                

Ойын бизнесін ұйымдастырушының букмекер кеңсесі қызметін жүзеге
асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

1. Меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де
шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс
бөлігінің) болуы туралы ақпарат:
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нөмірі
мен күні ____________________________________________________________
      Мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт
нысандары) шарты
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
2. Меншік құқығында тиесілі пайдаланылатын ойын жабдығы туралы
ақпарат*:
      ойын жабдығының атауы _________________________________________
      ойын жабдығының түрі __________________________________________
      сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні _________________
      жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ___________
      мақсаты (оқиғаның дамуы мен жүрісін бақылау) /қажеттінің астын
сызу/
      саны __________________________________________________________
      сериялық нөмірі __________________ бастап _______________ дейін
      шығарушы ел, зауыт ____________________________________________
      техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған)
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
      тестілеу күні _________________________________________________
* әрбір жабдықты жеке-жеке сипаттау қажет.
3. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен
лицензия алған заңды тұлғамен шарт туралы ақпарат:
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
      күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ___________
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
      күзет қызметіне арналған лицензияның күні мен нөмірі __________
      _______________________________________________________________
      лицензияны берген орган _______________________________________
4. Кассалар тізімі туралы ақпарат*:
      елді мекен ____________________________________________________
      орналасқан жері _______________________________________________
      электрондық кассаның мекенжайы (болған кезде) _________________
* әр кассаны жеке-жеке сипаттау қажет.

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік
талаптарына сәйкестігін растайтын   
құжаттардың тізбесіне         
2-қосымша                

Ойын бизнесін ұйымдастырушының тотализатор қызметін жүзеге
асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне
мәліметтер нысаны

1. Меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де
шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс
бөлігінің) болуы туралы ақпарат:
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нөмірі
мен күні ____________________________________________________________
      Мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт
нысандары) шарты
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
2. Меншік құқығында тиесілі пайдаланылатын ойын жабдығы туралы
ақпарат*:
      ойын жабдығының атауы _________________________________________
      ойын жабдығының түрі __________________________________________
      сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні _________________
      жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ___________
      мақсаты (оқиғаның дамуы мен жүрісін бақылау, қабылдауды жүзеге
асыру және қамтамасыз ету, жасалған ставкалардың жалпы сомасының
бірыңғай есебі, бәс тігушілердің ставкаларын өңдеу және ұтысты төлеу)
/қажеттінің астын сызу/
      саны __________________________________________________________
      сериялық нөмірі ___________________ бастап ______________ дейін
      шығарушы ел, зауыт ____________________________________________
      техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған)
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
      тестілеу күні _________________________________________________
*әрбір жабдықты жеке-жеке сипаттау қажет.
3. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен
лицензия алған заңды тұлғамен шарт туралы ақпарат:
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
      күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ___________
      _______________________________________________________________
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
      күзет қызметіне лицензияның күні мен нөмірі ___________________
      _______________________________________________________________
      лицензияны берген орган _______________________________________
4. Кассалар тізімі туралы ақпарат*:
      елді мекен ____________________________________________________
      орналасқан жері _______________________________________________
      электрондық кассаның мекенжайы (болған кезде) _________________
* әр кассаны жеке-жеке сипаттау қажет.

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік
талаптарына сәйкестігін растайтын   
құжаттардың тізбесіне         
3-қосымша                

Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино қызметін жүзеге асыру
үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың
тізбесіне мәліметтер нысаны

1. Меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де
шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс
бөлігінің) болуы туралы ақпарат:
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нөмірі
мен күні ____________________________________________________________
      Мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт
нысандары) шарты
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
2. Меншік құқығында тиесілі пайдаланылатын ойын жабдығы туралы
ақпарат*:
      ойын жабдығының атауы _________________________________________
      ойын жабдығының түрі __________________________________________
      сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні _________________
      жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ___________
      мақсаты (ойыншының (ойыншылардың) және казиноның бір өкілінің
қатысуымен құмар ойындарын өткізу, ойыншының (ойыншылардың)
қатысуымен құмар ойындарын өткізу, өзге/қажеттінің астын сызу/
      саны __________________________________________________________
      сериялық нөмірі ________________ бастап _________________ дейін
      шығарушы ел, зауыт ____________________________________________
      техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған)
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
      тестілеу күні _________________________________________________
* әрбір жабдықты жеке-жеке сипаттау қажет.
3. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен
лицензия алған заңды тұлғамен шарт туралы ақпарат:
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
      күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ___________
      _______________________________________________________________
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
      күзет қызметіне арналған лицензияның күні мен нөмірі __________
      _______________________________________________________________
      лицензияны берген орган _______________________________________

Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік
талаптарына сәйкестігін растайтын   
құжаттардың тізбесіне         
4-қосымша                

Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтары залы қызметін
жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын
құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

1. Меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де
шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс
бөлігінің) болуы туралы ақпарат:
      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы куәліктің нөмірі
мен күні ____________________________________________________________
      Мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт
нысандары) шарты
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
2. Меншік құқығында тиесілі пайдаланылатын ойын жабдығы туралы
ақпарат*:
      ойын жабдығының атауы _________________________________________
      ойын жабдығының түрі __________________________________________
      сатып алынған жабдық шартының нөмірі мен күні _________________
      жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні ___________
      мақсаты (ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның
қызметкерлерінің қатысуынсыз құмар ойындарын және (немесе) бәс тігу
өткізу, ойын бизнесін ұйымдастырушының немесе оның қызметкерлерінің
қатысуымен құмар ойындарын және (немесе) бәс тігу өткізу/қажеттінің
астын сызу/
      саны __________________________________________________________
      сериялық нөмірі _____________ бастап ____________________ дейін
      шығарушы ел, зауыт ____________________________________________
      техникалық жай-күйі _______________ (жаңа, бұрын пайдаланылған)
      сәйкестік сертификатының деректері ____________________________
      тестілеу күні _________________________________________________
      ұтыстың белгіленген коэффициенті ________ ден ___________ дейін
* әрбір жабдықты жеке-жеке сипаттау қажет.
3. Күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен
лицензия алған заңды тұлғамен шарт туралы ақпарат:
      шарттың нөмірі ________________________________________________
      шарттың күні __________________________________________________
      күзет қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауы ___________
      _______________________________________________________________
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________
      күзет қызметіне арналған лицензияның күні мен нөмірі __________
      _______________________________________________________________
      лицензияны берген орган _______________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген    

Нысаны

Ойын жабдығының тізбесі

      Орны: __________________________________________
      Меншік иесі: __________________________________

Ойын жабдығының түрі

Дайындаушы зауыт, сериялы №

Сәйкестік сертификатының деректері

Тестілеу күні

Ұтыс пайызы

Техникалық жағдайы

1

2

3

4

5

6

7















М.О.      қолы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1261 қаулысымен  
бекітілген     

Нысаны

Кассалар тізімі*

      ____________________________________________________________
                        өтінім берушінің атауы

      ______________________________________________________________
    ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін, оның атауын көрсету

Елді мекен

Орналасқан жері

Электрондық кассаның мекенжайы

1

2

3

4





      *Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін

      М.О.      қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады