Газды қайтару жөніндегі мәміленің бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1639 Қаулысы

      «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 7 қаңтардағы Табиғи газды қарызға алу туралы келісімге сәйкес «АлматыГазТрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұрын берген және Қазақстанның ішкі нарығын газбен жабдықтауға арналған, 2011 жылғы қаңтар - сәуірде пайдаланылған көлемі 282 548 905 текше метр газды «Азиялық Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қайтаруы мақсатында газды экспортқа өткізу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін әкелместен, «Түрікменстан - Қытай» магистральдық газ құбырының «Багтыярлык» компрессорлық станциясына түрікмен газының бірдей санын Қарашығанақ кен орнының өңделген газына қарсы жеткізу жолымен «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ГазПром» ашық акционерлік қоғамының уәкілетті ұйымы арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы - 1000 текше метрі үшін 105 АҚШ доллары болып белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады