"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 21 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      718-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялық және өзге де төлемдердің барлық түрлерін қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте есептелетін жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшерін белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.».
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23,141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 168-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «168-1-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары
                  туралы заңнамасының талаптарын бұзу
      1. Микроқаржы ұйымдарының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не микроқаржы ұйымдары туралы заңнамада тікелей көзделмеген операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -
      лауазымды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға - мәміле сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Микроқаржы ұйымының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес талап етілетін ақпаратты ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (кейінгі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан көп) уақтылы ұсынбауы немесе микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі, не анық емес мәліметтер (ақпарат) беруі, -
      лауазымды тұлғаға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларымен көзделген міндеттерді орындамауы, -
      лауазымды тұлғаға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше рет бұзуы, -
      заңды тұлғаға - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 95 - 110-1, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екінші бөлігінде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екінші бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бірінші бөлігінде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222 - 229, 231 (екінші бөлігінде), 232, 233, 234-1, 235 (екінші бөлігінде), 237, 237-1, 246 (екінші бөлігінде), 275-1, 278 (бірінші бөлігінде), 283 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 298 (екінші және үшінші бөліктерінде), 298-1 (екінші бөлігінде), 302 (үшінші бөлігінде), 303 (екінші бөлігінде), 304 (екінші бөлігінде), 305 (екінші бөлігінде), 306 (екінші бөлігінде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші және  сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшінші бөлігінде), 336-1 (үшінші бөлігінде), 336-2 (үшінші бөлігінде), 338 (бірінші бөлігінде), 338-1, 339, 340, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екінші бөлігінде), 370 (екінші бөлігінде), 371 (екінші бөлігінде), 372 - 376, 381-1, 386 (үшінші бөлігінде), 388, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екінші бөлігінде), 394-1, 396 (екінші бөлігінде), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігінде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесінші бөлігінде), 445, 446 (екінші бөлігінде), 446-1, 453 (екінші бөлігінде), 454 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшінші бөлігінде), 484, 492 (екінші бөлігінде), 494 (екінші бөлігінде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екінші бөлігінде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 537-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
      3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-1, 168-3 (бірінші - төртінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 200, 202-баптар);»;
      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «салық қызметі органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші - алтыншы бөліктері), 214, 218-1 (жетінші бөлігі), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктері), 532 - 535-баптар);».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-11, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1,2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат, № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 106-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Микроқаржы ұйымдарының салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резервтерді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
      Берілген микрокредиттер бойынша активтерді және шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ резервтер құру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісім бойынша айқындайды.»;
      2) 143-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;»;
      3) 262-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлікті (тауарларды) алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.».
      4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы у-18) тармақшамен толықтырылсын:
      «у-18) микроқаржы ұйымдарының қызметін, оның ішінде микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін және оны қалыптастыру тәртібін белгілеу; микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу; пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу; берілген микрокредиттер бойынша активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілеу; есептілікті ұсынудың тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілеу жолымен реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; микроқаржы ұйымы орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады; бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді; өз құзыреті шегінде микроқаржы ұйымдарына Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасын бұзғаны үшін шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады;»;
      2) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қызметін реттеуге, бақылауға және қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.»;
      3) 62-2-баптың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «қаржы ұйымдарына, микроқаржы ұйымдарына, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан;»;
      4) 62-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), микроқаржы ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруді осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, кәсіпкерлік және (немесе) лицензиялау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес дербес не басқа мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргізеді.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):
      1) 30-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;»;
      2) 40-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банк омбудсменінің қаржы ұйымдарында және микроқаржы ұйымдарында кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.».
      6. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж, № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж, № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
      24-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) жеке тұлға микроқаржы ұйымымен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың мәні болып табылған жағдайларда жол берілмейді.».
      7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14,18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      5-1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) микроқаржы ұйымдарын және кредиттік серіктестіктерді конкурстық негізде кредиттеу тәртібін бекітеді;».
      8. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда уәкілетті орган кредиттік бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар жіберуге құқылы.»;
      2) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
      3) 20-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;
      4) 24-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кредиттік бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары беретін ақпаратта:»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың мақсаттары үшін кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсініледі.».
      9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
      18-баптың 7-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микроқаржы ұйымдары желісін дамыту;».
      10. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат):
      1) 19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарынан және акционерлік қоғам нысанындағы микроқаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті орган бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.
      Қаржы ұйымдары және акционерлік қоғам нысанындағы микроқаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жариялайды.»;
      2) 20-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) қаржы ұйымдары және микроқаржы ұйымдары үшін:».
      11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшада:
      1-тармақтың 96) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «96) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында;»;
      мынадай мазмұндағы 97) тармақшамен толықтырылсын:
      «97) микроқаржы ұйымдарының қызметіне жүзеге асырылады.»;
      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) инвестициялық қорлар қызметіне;»;
      мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) микроқаржы ұйымдарының қызметіне жүзеге асырылады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      1. Микрокредиттік ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай ішінде өз қызметінде осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында, 3 және 6-тармақтарында көзделген нормаларды басшылыққа алады.
      2. Микрокредиттік ұйымдар өз қызметін осы Заңның талаптарына ол қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай ішінде сәйкес келтірсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады