Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 41 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2016 № 265 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 345 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 186-құжат):

      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесінің құрамынан Өмірзақ Естайұлы Шөкеев, Владимир Яковлевич Бобров, Ерлан Зайроллаұлы Нығматулин шығарылсын.

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      6. "Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 229-құжат):

      көрсетілген қаулымен құрылған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамында:

      мына:

      "Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Өмірзақ Естайұлы Министрінің бірінші орынбасары,

       төрағаның орынбасары"

       деген жол алынып тасталсын;

       мына:

      "Мырзахметов - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп

      Абылай Исабекұлы палатасының президенті (келісім

       бойынша)"

       деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мырзахметов - "Атамекен" Одағы Қазақстан ұлттық

      Абылай Исабекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар

       бірлестігінің Басқарма төрағасы -

       Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп

       палатасының президенті (келісім

       бойынша)";

       мына:

      "Шөкеев - "Самұрық-Қазына" үлттық әл-ауқат қоры"

      Өмірзақ Естайұлы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

       (келісім бойынша)" енгізілсін;

       көрсетілген құрамнан Гүлжан Жанпейісқызы Қарақұсова, Тимур Асқарұлы Құлыбаев, Азат Тұрлыбекұлы Перуашев шығарылсын.

       7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 367 қаулысымен.

       8. "Үлестік құрылыстың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 823 қаулысында:

       көрсетілген қаулымен құрылған Үлестік құрылыстың проблемалық

      мәселелерін шешу жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің құрамына:

      "Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Әсет Өрентайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан

       Республикасының Индустрия және жаңа

       технологиялар министрі, төрағаның

       орынбасары" енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Өмірзақ Естайұлы Шөкеев шығарылсын.

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.04.2013 № 365 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады