"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 78 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
      1-баптағы «поселке» деген сөз «кент» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-баптағы «поселкелер» деген сөз «кенттер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-баптың 4) тармақшасындағы «поселкелерге», «поселкелері» деген сөздер «кенттерге», «кенттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-бап. Ономастикалық комиссиялар
      Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге және қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі жұмысты ретке келтiру мақсатында ономастикалық комиссиялар құрылады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастикалық комиссия, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары жанынан облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана ономастикалық комиссиялары құрылады.»;
      3) 10-бапта
      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, теміржол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту тәртібін айқындайды;
      4) Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «4-1) Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге және қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпiрлерге және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде халықтың пікірін ескеру тәртібін бекітеді;
      4-2) Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, темір жол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын өзгерту туралы шешім қабылдайды;»;
      4) 11-бапта:
      2) тармақшадағы «поселкелерді» деген сөз «кенттерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде аудандардың өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша ауылдарға (селоларға), кенттерге, ауылдық (селолық) округтерге атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын нақтылау және өзгерту мәселелерiн шешеді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде қаладағы аудандарға атау беру және атауларын өзгерту облыс маңызы бар қалалардың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;
      5) 12-бапта:
      2) тармақшадағы «поселкелер», «поселкелерді» деген сөздер тиісінше «кенттер», «кенттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «поселкелер» деген сөз «кенттер» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшадағы «поселкелерге» деген сөз «кенттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;
      6) 13-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастикалық комиссиямен келісілген, ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді;»;
      7) 14-бапта:
      1) тармақшадағы «поселкелер» деген сөзбен «кенттер» сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «поселкелерге» деген сөз «кенттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «поселкелердің» деген сөз «кенттердің»деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы мәселелерді шешеді.»;
      8) 15-баптың 3) тармақшасындағы «поселкелер» деген сөз «кенттер» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат, № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 23-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
      2) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      «24-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялар құрады;
      2) облыстық ономастикалық комиссиялар және республикалық маңызы бар қаланың, астананың ономастикалық комиссиялары туралы үлгі ережелерді бекітеді;
      3) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
      3) 25-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-1-бап. Ономастикалық комиссиялардың құзыреті
      1. Республикалық ономастикалық комиссияның құзыреті:
      1) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атаулары транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, темір жол стансаларына, әуежайларға, сондай-ақ физика-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      3) облыстың маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандарына алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана ономастикалық комиссияларының қорытындыларын келіседі.
      2. Облыстық ономастикалық комиссиялардың және республикалық маңызы бар қала, астана ономастикалық комиссияларының құзыреті:
      1) облыстың ауылдарына (селоларына), кенттеріне, ауылдық (селолық) округтеріне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      2) аудан маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      3) республикалық ономастикалық комиссиямен келісілгеннен кейін - республикалық маңызы бар қаланың астананың қаладағы аудандарына, алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы қорытындылар беру;
      3. Жергілікті атқарушы және өкілді органдар елді мекендердің алаңдарына, даңғылдарына, бульварларына, көшелеріне, орамдарына, парктеріне, скверлеріне, көпiрлеріне және басқа да құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту туралы шешімді ономастикалық комиссиялардың оң қорытындысы болған кезде ғана шығарады.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады