Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 513 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 7-1/467 бұйрығын қараңыз.


      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 513 қаулысымен   
бекітілген      

Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық
дәрігерлеріне қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 39-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қойылатын талаптарды анықтайды.
      2. Осы талаптарда мынадай ұғым қолданылады:
      өндірістік бақылау бөлімшелері – жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.

2. Өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық
дәрігерлеріне қойылатын талаптар

      3. Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын объектілердің өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне (бұдан әрі – ӨББ ветдәрігері) мынадай талаптар қойылады:
      1) ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, ортадан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптік бiлiмінің болуы;
      2) жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің өндірістік бақылау бөлімшелерімен еңбек қатынасын растауы;
      3) Қазақстан Республикасының ветеринария және тамақ өнімдерінің  қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын білуі;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуден өткен ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттік тізілімдерімен жұмыс барысында қолдана білуі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады