Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Алматы облысының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 526 Қаулысы

      «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімінің осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы, Еңбекшіқазак ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі, № 4 шағын ауданы мекенжайында орналасқан «Көру қабілеті нашар балаларға арналған Есік республикалық арнайы мектеп-интернаты» ғимаратын жабдықтарымен қоса «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық меншіктен Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 526 қаулысына   
қосымша     

Республикалық меншіктен Алматы облысының коммуналдық меншігіне
берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Заңды мекен жайы

Ауданы

Теңгерімдік құны

1.

Жабдықтары бар 250 орындық «Көру қабілеті нашар балаларға арналған Есік республикалық арнайы мектеп-интернаты» ғимараты

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Абай көшесі, № 4 шағынауданы

Ғимараттың алаңы 14 305 ш.м, жер учаскесінің ауданы 2,8478 га.

1 766 350,0 мың тг.
Оның ішінде құрал-жабдықтар 417 431,82 мың тг.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады