Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 636 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығын қараңыз.

      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 17 мамырдағы
№ 636 қаулысымен   
бекітілген     

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды
берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (берушілер) – отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;
      2) қағаздағы құжаттың электрондық көшірмесі - тиісті түпнұсқа қағаздағы құжаттың ақпаратын (деректемелердің мәліметтерін) электрондық-цифрлық нысанда толық баяндайтын және осы құжатты растауға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат.

1. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын (бұдан әрі – дерекқор) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институт (бұдан әрі – институт) қалыптастырады және жүргізеді.
      4. Дерекқордағы мәліметтер www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша Интернет-ресурста орналастырылады және барлық мүдделі тұлғаларға өтеусіз негізде танысу үшін қолжетімді. «Қазақстандық қамту» интернет-порталының (бұдан әрі – портал) ақпараттық жүйесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
      5. Дерекқор мыналарды қамтиды:
      1) отандық өндірушілер өндіретін тауарлар, отандық берушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;
      2) отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілердің тізбесі;
      3) Қазақстанда шығарылған «CT-KZ» нысанындағы сертификаттар берілген тауарлар;
      4) отандық әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бөлігінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануға арналған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.
      6. Дерекқор тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің институтқа ұсынған мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
      7. Дерекқор жүргізу мыналарды қамтиды:
      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу;
      2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастау;
      3) дерекқорды порталға орналастыру.
      8. Дерекқорға енгізу үшін отандық беруші институтқа мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада мынадай құжаттарды ерікті негізде ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша берушілер сауалнамасы;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда тауарлар туралы ақпарат және/немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;
      3) тауарлар үшін:
      сәйкестік сертификаты – өнімнің техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде белгіленген сәйкестігін куәландыратын құжат;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге сәйкес өндірілген немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға ресімделетін, куәландырылатын және берілетін «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат;
      4) тауарларды берушілер үшін:
      заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
      салық төлеушінің куәлігі (СТН) (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін);
      егер осындай тауарлар өндірісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылады деген шартпен, берушінің дерекқорға енгізуге үміттенетін тауар өндірісіне лицензия;
      5) жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің берушілері үшін:
      заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді тіркеу/қайта тіркеу фактісін куәландыратын құжат;
      салық төлеушінің куәлігі (СТН) (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін);
      егер осындай жұмыс өндірісі немесе осындай қызмет/қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі болып табылады деген шартпен, берушінің дерекқорға енгізуге үміттенетін жұмыстар өндірісіне/қызмет көрсетуге лицензия;
      ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде;
      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдалану туралы ақпараты.
      Осы тармақтың 5-тармақшасының алтыншы абзацында көзделген құжаттарды қоспағанда, осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қағаздағы құжаттардың электрондық көшірмелерінде ұсынылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      9. Институт:
      1) берушіден қажетті құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді, оның ішінде өзге мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жүзеге асырады;
      2) тексеру нәтижелері бойынша екі жұмыс күні ішінде:
      құжаттар пакетінің, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға тиісті мәліметтер енгізеді және берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға берілген нөмірді көрсете отырып, дерекқорға тиісті мәліметтердің енгізілгені (қосылғаны) туралы хабарлама жібереді;
      құжаттар пакеті толық немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда немесе тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға дерекқорға енгізу туралы дәлелді бас тарту жібереді.
      10. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген мәліметтерді өзектілендіру/жаңарту берушінің ұсынған құжаттары және/немесе тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы алынған ақпараты негізінде жүргізіледі.
      11. Дерекқорға енгізуге негіз болып табылған құжаттардың қолдану мерзімі аяқталған соң он жұмыс күнінен кешіктірмей беруші институтқа олардың қолданылуының жаңа мерзімін көздейтін өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды жібереді.
      12. Отандық беруші жылына кемінде бір рет және дерекқорға енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей институтқа өзектілендірілген/жаңартылған құжаттарды және беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен және нысанда енгізу (қосу) үшін негіз болып табылатын мәліметтерді жібереді.
      13. Осы Қағидаларға 12 және 3-қосымшаларда көзделген өзгертілген мәліметтерді беруші институтқа осындай өзгерістер түскен он жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. Өзгертілген мәліметтерді өндіруші институтқа осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен және нысанда жібереді.
      14. Институт Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмей мына жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады:
      1) берушінің қызметін тоқтатылғаны/уақытша тоқтатыла тұрғаны туралы ақпарат алынғаннан кейін;
      2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;
      3) дерекқорға енгізуге (қосуға) негіз болып табылған өзектілендірілген/жаңартылған құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда;
      4) дерекқорға енгізуге (қосуға) негіз болып табылған құжаттар мен мәліметтер дерекқорға енгізілген (қосылған) күннен бастап бір жыл өткен соң өзектілендірілмеген жағдайда;
      5) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізуге (қосуға) негіз болып табылған жалған мәліметтер ұсыну фактілері анықталған жағдайда.
      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда институт берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекенжайға оны дерекқордан алып тастағаны туралы хабарлама жібереді.

Тауарлардың, жұмыстардың,   
көрсетілетін қызметтердің және 
оларды берушілердің      
дерекқорын қалыптастыру     
және жүргізу қағидаларына   
1-қосымша           

Берушінің сауалнамасын толтыру нысандары
(заңды тұлғалар)

1.

Заңды тұлғаның* мемлекеттік тілдегі атауы


2.

Заңды тұлғаның* орыс тіліндегі атауы


3.

Мемлекеттік тілдегі* ұйымдастырушылық-құқықтық нысан


4.

Орыс тіліндегі* ұйымдастырушылық-құқықтық нысан


5.

Бірінші басшының мемлекеттік тілдегі* Т.А.Ә.


6.

Бірінші басшының орыс тіліндегі* Т.А.Ә.


7.

Лауазымы мемлекеттік тілде*


8.

Лауазымы орыс тілінде*


Заңды мекенжайы

9.

Облыс мемлекеттік тілде*


10.

Облыс орыс тілінде*


11.

Қала мемлекеттік тілде*


12.

Қала орыс тілінде*


13.

Елді мекен, басқасы* мемлекеттік тілде


14.

Елді мекен, басқасы* орыс тілінде*


15.

Индекс*


16.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


17.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


18.

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


19.

Тіркеу/қайта тіркеу күні*


20.

БСН (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап)*


21.

СТН (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін)*


22.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік сериясы**


23.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік нөмірі**


24.

КҰЖЖ мемлекеттік жіктеуіші бойынша код*


Нақты мекенжайы

25.

Облыс мемлекеттік тілде*


26.

Облыс орыс тілінде*


27.

Қала мемлекеттік тілде*


28.

Қала орыс тілінде*


29.

Елді мекен, басқасы* мемлекеттік тілде


30.

Елді мекен, басқасы* орыс тілінде*


31.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


32.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


33.

Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*


34.

Факс (облыстың кодын қоса алғанда)*


35.

Web-сайт


36.

Қызмет түрлері мемлекеттік тілде*


37.

Қызмет түрлері орыс тілінде*


38.

Персонал саны, оның ішінде


39.

Инженер-техникалық жұмыскерлер (ИТЖ) (саны)*


40.

Жұмысшылар (саны)*


41.

Қазақстандық кадрлар (саны)*


42.

Жарғылық капиталдағы қазақстандық құрылтайшылардың үлесі, %


Банктік деректемелер

43.

БСК*


44.

ЖСК*


45.

Қызмет көрсетуші банк мемлекеттік тілде*


46.

Қызмет көрсетуші банк орыс тілде*


47.

Байланысушы тұлға (байланыс жөніндегі менеджер)*


48.

Т.А.Ә.*


49.

Лауазымы мемлекеттік тілде*


50.

Лауазымы орыс тілінде*


51.

Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*


52.

Факс (облыстың кодын қоса алғанда)*


53.

Электрондық мекенжай*


54.

Электрондық почтаға хабарлама алуға келісім*


________________________________             ________________
(Бірінші басшының                                 (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)

      М.О.

     Ескертпе:

      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
      ** Егер тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.

     Аббревиатуралардың толық жазылуы
      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
      СТН – салық төлеушінің тіркелу нөмірі
      ҚҚС – қосымша құн салығы
      КҰЖЖ - кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі
      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды
      БСК – банктік сәйкестендіру коды

Тауарлардың, жұмыстардың,   
көрсетілетін қызметтердің және 
оларды берушілердің      
дерекқорын қалыптастыру     
және жүргізу қағидаларына   
2-қосымша           

Өндірушінің сауалнамасы
(жеке тұлғалар)

1.

Жеке тұлғаның мемлекеттік тілдегі атауы*


2.

Жеке тұлғаның орыс тіліндегі атауы*


3.

Бірінші басшының мемлекеттік тілдегі Т.А.Ә.*


4.

Бірінші басшының Т.А.Ә.орыс тілінде*


Заңды мекенжайы

5.

Облыс мемлекеттік тілде*


6.

Облыс орыс тілінде*


7.

Қала мемлекеттік тілде*


8.

Қала орыс тілінде*


9.

Елді мекен, басқасы мемлекеттік тілде*


10.

Елді мекен, басқасы орыс тілінде*


11.

Индекс*


12.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


13.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


14.

Жеке куәліктің нөмірі, күні және берген орган


15.

Дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу куәлігінің нөмірі


16.

БСН (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап)*


17.

СТН (2013 жылдың 1 қаңтарына дейін)*


18.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік сериясы**


19.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғаны туралы куәлік номері**


Нақты мекенжайы

20.

Облыс мемлекеттік тілде*


21.

Облыс орыс тілінде*


22.

Қала мемлекеттік тілде*


23.

Қала орыс тілінде*


24.

Елді мекен, басқасы мемлекеттік тілде*


25.

Елді мекен, басқасы орыс тілінде*


26.

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


27.

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


28.

Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*


29.

Факс (облыстың кодын қоса алғанда)


30.

Интернет-ресурс


31.

Қызмет түрлері мемлекеттік тілде*


32.

Қызмет түрлері орыс тілінде*


33.

Персонал саны, оның ішінде


34.

Инженер-техникалық жұмыскерлер (ИТЖ) (саны)*


35.

Жұмысшылар*


36.

Қазақстандық кадрлар*


Банктік деректемелер

37.

БСК*


38.

ЖСК*


39.

Қызмет көрсетуші банк мемлекеттік тілде*


40.

Қызмет көрсетуші банк орыс тілінде*


41.

Байланысушы тұлға (байланыс жөніндегі менеджер)*


42.

Т.А.Ә.*


43.

Лауазымы мемлекеттік тілде


44.

Лауазымы орыс тілінде


45.

Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*


46.

Факс (облыстың кодын қоса алғанда)*


47.

Электрондық мекенжай*


48.

Электрондық почтаға хабарлама алуға келісім*


________________________________             ________________
(Бірінші басшының                         (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)

      М.О.

     Ескертпе:
      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
      ** Егер тұлға ҚҚС төлеуші болып табылса, міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.

     Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
      СТН – салық төлеушінің тіркелу нөмірі
      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды
      БСК – банктік сәйкестендіру коды

Тауарлардың, жұмыстардың,   
көрсетілетін қызметтердің және 
оларды берушілердің      
дерекқорын қалыптастыру     
және жүргізу қағидаларына   
3-қосымша           

Өндірілетін тауарлар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

1

ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нышан деңгейінде)*


2

МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі*


3

Тауардың мемлекеттік тілдегі қысқаша сипаттамасы (типтері, өлшемі, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүккөтерімділігі және басқалары)*


4

Тауардың орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы (типтері, өлшемі, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүккөтерімділігі және басқалары)*


5

Тауар бірлігінің бағасы, теңге


6

Қолданылатын технология мемлекеттік тілде


7

Қолданылатын технология орыс тілінде


8

Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі


9

Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәйкестігі мемлекеттік тілде


10

Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәйкестігі орыс тілінде


11

CT-KZ сертификатының нөмірі


11.1

CT-KZ сертификатының нөмірі


11.2

CT-KZ сертификатын берген органның коды


11.3

Сертификат берілген күн


11.4

CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамту (%)


11.5

Сертификаттың қолданылу мерзімі


12

Тауардың техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы туралы қосымша ақпарат


________________________________             ________________
(Бірінші басшының                               (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)

      М.О.

      Ескертпе:
      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші;
      МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар жіктеуіші;
      МЕМСТ - халықаралық стандарт;
      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты;
      ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО (International Organization for Standardization, ISO):
      API – Американдық мұнай институты стандарты (American Petroleum Institute, API)
      ASTM – ASTM International (American Society for Testing and Materials) Материалдар, өнімдер, жүйелер және қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.

Тауарлардың, жұмыстардың,   
көрсетілетін қызметтердің және 
оларды берушілердің      
дерекқорын қалыптастыру     
және жүргізу қағидаларына   
4-қосымша           

Жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің тізбесі

1

ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нысан деңгейінде)*


2

Тауардың мемлекеттік тілдегі қысқаша сипаттамасы (типтері, өлшемі, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүккөтерімділігі және басқалары)*


3

Тауардың орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы (типтері, өлшемі, материалдары, түсі, қуаты, жұмыс қысымы, жүккөтерімділігі және басқалары)*


4

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (қызметтегі) жергілікті қамту үлесі, %*


5

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстың (қызметтер) бағасы


6

Лицензияның нөмірі және қолданылу мерзімі


7

Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелеріне кепілдік мерзімі


8

Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелерінің жарамдылық мерзімі


9

Жұмыстардың/ көрсетілетін қызметтердің сапалық және пайдалану сипаттамалары туралы қосымша ақпарат


________________________________             ________________
(Бірінші басшының                               (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)

      М.О.

      Ескертпе:
      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

Тауарлардың, жұмыстардың,   
көрсетілетін қызметтердің және 
оларды берушілердің      
дерекқорын қалыптастыру     
және жүргізу қағидаларына   
5-қосымша           

Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді беруші туралы ақпарат

1

Жұмыскерлердің жалпы саны:*


2

оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері:*


3

оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті еместері:*


________________________________             ________________
(Бірінші басшының                               (қолы)
немесе оны ауыстыратын адамның Т.А.Ә.)

      М.О.

      Ескертпе:
      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады