Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 647 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз үлеспен қатысатын "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестік жарғысының бекітілуін;

      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      6. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      7. Мүдделі мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      8. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 647 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-150-жолмен толықтырылсын:

      "21-150. "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-4-жолмен толықтырылсын:

      "222-39-4. "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" АҚ".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "2. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;

      "3. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолмен толықтырылсын:

      "25. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      3-бөлімнің 3-бағанында:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген жолдағы "22629" деген сандар "22590" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде" деген жолдағы "19276" деген сандар "19237" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазселденқорғау" деген жолдағы "459" деген сандар "420" деген сандармен ауыстырылсын;

      12-бөлімнің 3-бағанында:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген жолдағы "2916,5" деген сандар "2620,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген жолдағы "2144,5" деген сандар "1848,5" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция 296" деген жол алынып тасталсын.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады