"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚазҰТЗУ" КеАҚ) құрылсын.

      2. "ҚазҰТЗУ" КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім саласындағы білім беру қызметтерін көрсету, жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, заманауи ғылыми инфрақұрылымды құру және ғылыми әзірлемелерді енгізу болып айқындалсын.

      3. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Парасат" АҚ) "Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" (бұдан әрі - "ҒТО" АҚ), "Ғылым орталығы" және "Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы" (бұдан әрі - "ҰСҚжЗО" АҚ) акционерлік қоғамдарына бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Мыналар:

      1) "ҒТО" АҚ қызметінің негізгі нысанасы - ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік құқығын іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; ғылыми-технологиялық дамуға және ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық қолдануға қолайлы жағдайлар жасау;

      2) "Ғылым орталығы" АҚ қызметінің негізгі нысанасы - акциялар пакеттері (жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері) жаңа білімдерді генерациялау және трансферттеу мақсатында "Ғылым орталығы" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғаларды басқару, заманауи ғылыми инфрақұрылым жасау;

      3) "ҰСҚжЗО" АҚ қызметінің негізгі нысанасы - сейсмология, жер сілкінісін болжау, күшті табиғи және техногендік сейсмикалық оқиғалардың зияны және олардың салдарын азайту, сейсмикалық қауіп-қатер мен тәуекелдерді бағалау саласында ғылыми зерттеулер мен қадағалауларды жүргізу болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚазҰТУ" АҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "ҚазҰТЗУ" КеАҚ, "ҒТО" АҚ, "Ғылым орталығы" АҚ, "ҰСҚжЗО" АҚ және "ҚазҰТУ" АҚ жарғыларын бекітуді;

      2) басқару органдары құрылғанға дейін "ҚазҰТЗУ" КеАҚ, "ҒТО" АҚ, "Ғылым орталығы" АҚ, "ҰСҚжЗО" АҚ және "ҚазҰТУ" АҚ атынан мемлекеттік тіркеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және үшінші тұлғалар алдында олардың мүдделерін білдіру үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлауды;

      3) "ҚазҰТЗУ" КеАҚ-ны, "ҒТО" АҚ-ны, "Ғылым орталығы" АҚ-ны, "ҰСҚжЗО" АҚ-ны және "ҚазҰТУ" АҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне "ҚазҰТЗУ" КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      5) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "ҚазҰТЗУ" КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру үшін "ҰҒО" АҚ акциялар пакетін;

      2) "ҰСҚжЗО" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін;

      3) осы қаулының аталған тармағының 2) тармақшасында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін "ҚазҰТЗУ" КеАҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге "ҰСҚжЗО" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін берсін.

      8. Осы қаулының 1, 3, 5, 6-тармақтарында және 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін "ҚазҒЗТУ" КеАҚ оған "Ғылым орталығы" АҚ және "ҚазҰТУ" АҚ біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулының 1, 3, 5, 6, 7 және 8 тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін алты ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазҰТЗУ" КеАҚ-ның бес жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеуді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

      10. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1330 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірлері 21-107 және 21-150-жолдар алып тасталсын;

      "Алматы қаласы" деген бөлімде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-146-жолмен толықтырылсын:

      "123-146. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ."

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 222-33-4-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-13-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-13. "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ.";

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті" деген бөлімде реттік нөмірі 223-39-4-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "3. Акционерлік қоғамдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 25-жол алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      6. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық холдингтер" деген бөлімде реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2016 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 647 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, 692-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады