Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 838 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілдері болып тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов