"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 829 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне:»;
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 829 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 24 қазандағы
№ 980 қаулысына   
қосымша       

«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы

      Жұмағалиев            Қазақстан Республикасының Көлік және
      Асқар Қуанышұлы       коммуникация министрі, төраға

      Шолпанқұлов           Қазақстан Республикасының Қаржы
      Берік Шолпанқұлұлы    вице-министрі

      Ескендіров            Қазақстан Республикасының Экономикалық
      Абай Мұқашұлы         даму және сауда вице-министрі

      Сәрсенов              Қазақстан Республикасының Көлік және
      Сәкен Сейітжаппарұлы  коммуникация вице-министрі

      Измайлов              «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
      Нұрлан Тельманұлы     холдингі» акционерлік қоғамы
                            басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады