Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығын қараңыз.


      «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 9 шілдедегі
№ 922 қаулысымен 
бекітілген    

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу  қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеудің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды және салааралық үйлестiрудi iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – комиссия) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықты жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері және өзге ұйымдар өкілдерінің қатысуымен уәкілетті орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындар.
      6) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға шарттық (бұдан әрі – шарт) негізде қызметтер көрсететін ұлттық даму институты.
      3. Комиссияның ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.
      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу комиссияның оң ұсынымдарын есепке ала отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімнің (бұдан әрі – өтінім) негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарын өтеу тәртібі

      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде шеккен, оның ішінде:
      1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге;
      2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін және сертификаттау сынақтарын жүргізуге;
      3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты персонал біліктілігін арттыруға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі.
      6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі.
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер өтеуге жатпайды.
      7. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операцияларды жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Мынадай:
      1) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің отандық өндірушілері болып табылатын;
      2) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қағидалардың 5-тармағында көзделген түрлер бойынша шығын шеккен;
      3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
      4) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізуді жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
      1) жеке тұлға:
      кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
      жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
      2) заңды тұлға – индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;
      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;
      5) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
      6) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
      7) ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат);
      8) құжаттар тізімдемесі;
      9) сертификаттау қызметтеріне ақы төлеу үшін валютаны сертификаттау және айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Ұлттық институт өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды шартта бекітілген талаптарға сәйкес республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастырады.
      Хабарландыруда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні, шығындарды өтеуге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қойылатын талаптар, ұсынылатын құжаттардың тізбесі, ұлттық институттың толық атауы мен орналасқан жері, өтінімдерді беру тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары (ұлттық институттың уәкілетті өкілінің байланыс телефонының нөмірі, интернет-ресурс және т.б.), сондай-ақ өтінімдерді қабылдау орны және өтінімдерді берудің соңғы мерзімі көрсетіледі.
      11. Өтінімдерді қабылдау (тіркеу) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру алғаш жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң аяқталады, бұдан ерте аяқталмайды.
      12. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өтінімді өзгертіп, толықтыра алады.
      Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінім алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, қайтарылуы тиіс.
      13. Ұлттық институт шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған өтінімнің толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
      14. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.
      Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қажетті құжаттар ұсынылмаса, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.
      15. Өтінімдерді тексеру нәтижелері бойынша ұлттық институт осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің түйіндемесін дайындайды.
      Өтінімді және өтінімнің түйіндемесін ұлттық институт өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін бір айдан кешіктірмей комиссияның қарауына енгізеді.
      16. Комиссия осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымдарын енгізеді.
      Комиссия ұсынылған құжаттарды қарау кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемін ескереді.
      Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша шығындарды өтеу үшін шығындардың бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемі жеткіліксіз болған жағдайда Комиссия өткен екі қаржы жылы үшін ақшалай мәнде өнімдердің ең көп көлемін жасап шығарған алушыларды ұсынады.
      Өндірістік көрсеткіштер тең болған жағдайда өтінімді бірінші берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне басымдық беріледі.
      Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешімді уәкілетті орган комиссия өз ұсынымдарын енгізген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институтқа өз шешімін жібереді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банкте ашылған ұлттық институттың банк шотына индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу үшін шешімге сәйкес көлемде республикалық бюджетте көзделген қаражатты аударады.
      18. Уәкілетті орган шешімінің негізінде ұлттық институт шартта көрсетілген банк шотына қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің банк шотына шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын аударады.
      19. Ұлттық институт уәкілетті органның шешімі келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастырады.
      Шарт талаптарына сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсету кезінде жұмсалған ұлттық институттың әкімшілік шығыстарын өтеу республикалық бюджетте шығындардың бір бөлігін көрсетілген өтеуге көзделген қаражат есебінен шығындардың негізделген сметасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Индустриялық-инновациялық қызмет   
субъектілерінің отандық өңделген   
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта жылжыту  
бойынша шығындарының бір бөлігін  
өтеу қағидаларына          
1-қосымша             

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі
нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі өтелетін
экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

283

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау

231

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар шығару

2331

Керамикалық жабындылар мен тақталар шығару

2332

Кірпішті, жабынқышты және күйдірілген балшықтан жасалған өзге құрылыс бұйымдарын шығару

1623

Өзге ағаш құрылыс конструкторлары мен ағаш өңдеу бұйымдарын шығару

232

Отқа төзімді бұйымдар шығару

2223

Құрылысқа арналған пластик бұйымдарды шығару

17

Қағаз және қағаз өнімдерін шығару

31

Жиһаз шығару

10

Азық-түлік өнімдерін шығару

55

Тұруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

56

Азық-түлік өнімдері мен сусындарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтер

5629

Тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері

2051

Жарылғыш заттар шығару

192

Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін шығару

235

Цемент, әк және сылақ өндіру

236

Құрылысқа арналған бетоннан, цементтен және гипстен жасалған бұйымдар шығару

289

Арнайы мақсаттағы техниканың өзге түрлерін жасау

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер жасау

27

Электр жабдықтарын жасау

281

Жалпы мақсаттағы машиналар жасау

282

Жалпы мақсаттағы өзге техниканы жасау

29

Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді жасау

30

Өзге көлік құралдарын жасау

13

Тоқыма бұйымдарын шығару

14

Киім-кешек шығару

15

Былғары және оған жататын өнімдер шығару

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін шығару

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер шығару

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару

242

Болаттан жасалған құбырлар, құбырөткізгіштер, профильдер, фитингтер жасау

243

Бастапқы өңдеу арқылы өзге болат бұйымдарын жасау

2432

Таспалар мен енсіз жолақтарды суықтай жұқарту

2433

Суықтай құю немесе бүктеу

2434

Суықтай созу арқылы сым жасау

244

Негізгі асыл және түсті металдар өндіру

245

Металдар құю

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау

33

Машиналар мен жабдықтар жөндеу және орнату

41

Ғимараттар салу

43

Мамандандырылған құрылыс жұмыстары

4313

Барлау мақсатындағы бұрғылау

091

Мұнай мен табиғи газды игеру саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер

Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта
жылжыту бойынша шығындарының
бір бөлігін өтеу қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Кімге:_______________________________________________________________
                      (ұлттық институттың атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
            (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы)
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)____________________________________
_____________________________________________________________________
Персонал саны ______адам.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.
Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.
Қызмет түрі__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тел/факс:_________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Субъекті шеккен шығындар1:

шығындар тізбесі

Шығындар атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың №

Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні

ҚҚС-сыз шығындар сомасы

ЭҚЖЖ коды

атауы

төлемнің валютасы

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













Барлығы







1 Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек.
Шығындардың бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: ____________________________________________________________ теңге
             (сомасы цифрмен және жазумен жазылады)
2. Отандық өнім туралы мәліметтер:
КО СЭҚ ТН 10 белгісі деңгейіндегі тауар позициясы көрсетілетін тауардың атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сертификаттау жүргізілгеннен кейін шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген өткізілген өнім үлесі, соңғы екі жыл ішіндегі өнімді өткізудің жалпы көлемінде (пайыздық мәнде):__________________________
___________________________________________________________________%.
Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі көлемі:
____________________________________теңге.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» __________ №________ қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың тізбесі:
1.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Уәкілетті тұлға: _____________________
Қолы _________________________________
Өтінім берілген күн: _________________

Индустриялық-инновациялық қызмет 
субъектілерінің отандық өңделген 
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді ішкі нарықта      
жылжыту бойынша шығындарының    
бір бөлігін өтеу қағидаларына  
3-қосымша                

Нысан

Шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімнің түйіндемесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.11.29 № 1262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген ұйым туралы ақпарат:
Ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген атауы:___________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)____________________________________
Персонал саны ______адам.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.
Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.
Экономикалық қызмет түрі ____________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» ____________ №____ қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық субъектілерінің шығындарының отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша бір бөлігін өтеу қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың тізбесі:
1.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3. Өтеуге мәлімделген шығындар1:

1 Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек:

шығындар тізбесі:

Шығындар атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың №

Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні

ҚҚС-сыз шығындар сомасы

ЭҚЖЖ коды

атауы

төлемнің валютасы

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













Барлығы







Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:
_____________________________________________________________ теңге.
           (сома цифрмен және жазумен жазылады)

4. Индустриялық-инновациялық субъектілері отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 6-тармағының талаптарына сәйкес өтеуге жататын (жатпайтын) сома.____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі көлемі: ____________________________________теңге.
6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома:
________________________________________________________ теңге.
           (сома цифрлармен және жазбаша)
      Лауазымды адам ______________________________
      Қолы ________________________________________
      Күні _________________________________________
      Ескертпе: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен есеп айырысу бойынша операция жасау күні қолданыста болған валюта бағамдары қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады