Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 977 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.07 № 1180 (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 977 қаулысымен   
бекітілген      

Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдарының тізбесі

      Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі пайдаланатын электрондық бақылау құралдары дербес пробациялық бақылау құралдарынан, техникалық құралдардан және мониторинг құрылғыларынан тұрады.
      1. Дербес пробациялық бақылау құралдары:
      1) радиоэлектрондық білезік (қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында шартты түрде сотталған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
      2) дербес трекер (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылы бойынша қашықтықтан сәйкестендіру және оның жүрген жерін қадағалау мақсатында шартты түрде сотталған адамның денесіне тағуға арналған, рұқсатсыз шешу мен корпусты ашуды бақылаудың ішіне орнатылған жүйесі бар электрондық құрылғы);
      3) стационарлық бақылау құрылғысы (үй-жайда немесе белгіленген аумақта болу режимін бақылау үшін радиоэлектрондық білезік дабылын үздіксіз тәулік бойы қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);
      4) мобильді бақылау құрылғысы (шартты түрде сотталған адамның белгілі бір жерден тыс болған кезде стационарлық бақылау құрылғысымен жарақталған радиоэлектрондық білезікпен бірге тағуға арналған, ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылдары бойынша оның орналасқан жерін қадағалауды, сондай-ақ радиоэлектрондық білезікті шешуге және бұзуға әрекет етуді және өзге бұзушылықтарды хабарлауды қамтамасыз ететін электрондық құрылғы);
      5) трансляцияның стационарлық құрылғысы (ГЛОНАСС/GPS жаһандық навигациялық спутник жүйесінің дабылдарысыз үй-жайда радио дабылды шығаруға және дербес трекердің жұмысын қамтамасыз етуге арналған электрондық құрылғы);
      6) дыбыс-бейне бақылаудың стационарлық құрылғысы (шартты түрде сотталған автоматты адамды түрде көзбен шолуға және дауысымен сәйкестендіруге арналған электрондық құрылғы);
      7) фотоэлектрохимиялық бақылаудың стационарлық құрылғысы (автоматты түрде көзбен шолып бақылау және сәйкестендірілетін шартты түрде сотталған адамның ауаға дем шығаруы арқылы қанындағы алкогольдің көлемін анықтауға арналған электрондық құрылғы).
      2. Мониторингтің техникалық құралдары мен құрылғылары:
      1) мониторинг сервері (қашықтықтан сәйкестендіру, ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
      2) дыбыс-бейне бақылау сервері (көзбен шолу және дауысты сәйкестендіру, ақпаратты жазу, өңдеу, сақтау және беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
      3) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны (шартты түрде сотталған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуге және бейнелеуге арналған бағдарламалық-аппараттық кешен);
      4) мониторингтің мобильдік пульті (радиоэлектрондық білезіктердің және дербес трекерлердің дабылдарын қабылдауды және сәйкестендіруді, сондай-ақ шартты түрде сотталған адамның белгіленген шектеулерді орындауы туралы ақпаратты өңдеуді және бейнелеуді қамтамасыз ететін портативті тасымалды құрылғылардың кешені).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады