"Жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналасу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1000 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1456 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 2 және 3-тармақтарына15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жеке сот орындаушысының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 1000 қаулысымен  
бекiтiлген    

«Жеке сот орындаушысының қызметiмен айналасу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жеке сот орындаушысының қызметiмен айналасу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Сот актілерін орындау комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 13 кiреберiс, № 819 кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «www.egov.kz» «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz. «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 142-бабының 2-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына және «Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz, «Қалай жеке сот орындаушысы болу керек» бөлiмi);
      2) порталда;
      3) уәкілетті органның стенділерінде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталығының (1414) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
      1) уәкілетті органда – жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына электрондық құжат түріндегі лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауабы;
      2) порталда – жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына электрондық құжат түріндегі лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
      Алушының тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген жағдайда лицензия қайта ресімделуге жатады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – алушы) көрсетіледі.
      7. Уәкілетті органда немесе порталда мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) лицензия беру – алушы осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу – алушы осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
      лицензияның телнұсқаларын беру – алушы осы стандарттың 11-тармағының 1) тармақшасында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде;
      2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күту қажет болатын ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) алушыға қызмет көрсету үшін қажет болатын ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы көрсетіледі.
      2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)» 471-бабына сәйкес аталған қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым лицензиялар (лицензияның телнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) кезінде төленеді.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алуға электрондық өтініш алушының ЭЦҚ-мен куәландырылып берілген жағдайда, төлемақы «элетрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органда – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сай, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетiлген қызмет көрсету көзделмеген;
      2) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) толтырылған бланкілердің үлгілері қойылған ақпараттық стенділері бар, дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған, күтіп отыруға қолайлы орындары бар және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай көзделген уәкілетті органда көрсетіледі.
      Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәуліктік күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жарақтандырылған.
      2) порталда – алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Алушы мемлекеттiк қызметті алу үшiн уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiшті;
      2) алушыың жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесiн (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесін);
      4) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке  лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесін;
      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды табыс етеді.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган порталдың ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтермен салыстырып болған соң түпнұсқаларды алушыға қайтарып береді.
      Алушы лицензияның телнұсқасын алуға мына құжаттарды ұсынады:
      1) лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтiнiш;
      2) телнұсқа берілуі үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме).
      Алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін мына құжаттарды ұсынады:
      1) лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтiнiш;
      2) қайта ресiмделген лицензия берілуі үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
      3) лицензияның түпнұсқасы (лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алуына дейiн бұрын берiлген лицензияны қайтарады);
      4) атын, тегін және әкесінің атын ауыстыру туралы куәлiктің көшiрмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).
      Порталға:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауал;
      2) біліктілік талаптарына сәйкес сканерленген көшірмелері түрінде электрондық сауалға қоса берілетін мәліметтер мен құжаттар;
      мына:
      3) алушының жеке басын куәландыратын;
      4) бюджетке лицензиялық алым төлегені туралы құжаттардың мәліметтері.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін алушы мына құжаттарды ұсынады:
      1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сауал;
      2) бюджетке лицензиялық алым төлегені туралы мәлімет.
      Алушы лицензияны қайта ресімдеу үшін мына құжаттарды ұсынады:
      1) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат түріндегі сауал;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына қайта ресiмделген лицензия берілуі үшін бюджетке лицензиялық алым төлегені туралы мәлімет;
      3) электрондық сауалға қоса берілетін сканерленген көшірмесі түріндегі лицензия;
      4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстырғаны туралы электрондық сауалға қоса берілетін сканерленген көшiрмесі түріндегі куәлiк.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алады.
      12. Лицензия алу үшін өтініштердің нысандары интернет-ресурстарда: www.e.gov.kz, www.elicense.kz порталында, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінiң www.minjust.kz. интернет- ресурсында, уәкілетті органның стенділерінде және күту залындағы арнайы тақтада орналастырылады.
      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сауал нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттарды қабылдау осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
      Порталға жүгінген кезде:
      Электрондық сауалды жөнелту алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сауал таңдалған қызметке сәйкес уәкілетті органға адресатқа автоматты түрде жолданады.
      14. Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін уәкілетті органға ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданып, оның көшірмесі аталған органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі қойылып, өтініш берушіге жолданады (тапсырылады).
      Портал арқылы жүгінген кезде порталда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін сауалдың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті алушының алған уақыты мен мерзімі көрсетіле отырып жолданады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері алушыға:
      1) уәкілетті органда – қолма-қол (алушының не өкілдің сенімхатпен өзі баруы арқылы);
      2) порталда – алушының «жеке кабинетінде» жеткізіледі.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға:
      1) субъектiлердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының  заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбеуі;
      3) мемлекеттік қызметті алушының біліктілік талаптарына сай келмеуі;
      4) алушыға лицензия берудің келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;
      5) алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшiне енген сот үкiмiнің болуы;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде лицензия алуға соттың тыйым салуы;
      7) электрондық ақпараттық ресурсты алушыға қатысты қол жеткізуге шектеу қойылуы және сауалды жіберген адамның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығына ие болмауы;
      8) мемлекеттік қызметті алушыда сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың болмауы және оның кімнің иелігінде екені оған белгісіз болуы;
      9) сауалдың мәнін анықтау кезінде сұратушы адамның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдаухат ұсынғанын анықтаудың мүмкін болмауы;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта шығыстарды төлеу көзделген болса, электрондық ақпараттық ресурсты сұратып алушы сауалды орындауға арналған шығыстарды төлемеуі негіз болып табылады.
      Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде алушыға лицензия бермесе не лицензия беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаса, онда лицензия беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия берілген болып есептеледі.
      Уәкілетті орган лицензия беру мерзімі аяқталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей алушыға тиісті лицензияны беруге міндетті.
      Уәкілетті орган бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензияны бермеген жағдайда лицензия алынған болып есептеледі, ал уәкілетті органның құжаттарды қабылдаған күні көрсетіліп, белгі қойылған тізімдеме көшірмесі лицензияланатын қызмет түрін лицензияны алғанға дейін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат болып табылады.
      Алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органнан не порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толымды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттармен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижелерi осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Алушы уәкілетті орган қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздігіне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруі және шағымды дайындауға жәрдемдесуі үшін уәкілетті органның басшысына жүгінеді.
      Уәкілетті орган қызметкерінің әрекетіне (әрекетсiздігіне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны арқылы не порталдан да алуға болады.
      Алушы порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығы ақпараттық- анықтамалық қызметінің (1414) телефоны арқылы алуына болады.
      21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол уәкілетті орган басшылығының атына мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
      22. Мемлекеттік қызметті тікелей уәкілетті орган көрсетеді. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым жазбаша түрде уәкілетті органның құзырына шағымда көрсетілген мәселелерді шешу үшін кіретін басшысының атына осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша, 819 кабинетке жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн беріледі, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс сенбі, жексенбі және мейрам күндері.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда ауызша немесе жазбаша түрде, пошта арқылы немесе электрондық түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің электрондық пошта мекенжайы: www.minjust.kz) не жұмыс күндері осы стандарттың 22-тармағында көрсетілген кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
      Қажет болған жағдайда алушылар шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткендігін немесе уәкілетті орган қызметкерінің әдепсіз қызмет көрсеткендігін растайтын құжаттарды қоса береді.
      Портал арқылы жүгінген кезде: электрондық өтінішті портал арқылы жөнелткеннен кейін алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органда шағымды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау, қаралғаны туралы жауап немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылады.
      Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
      25. Қабылданған шағым шағымдар мен өтініштерді есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде қаралады.
      Шағым берген адамға өтiнiштiң қабылданған күнi мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға жазбаша түрде хабарланады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған адамнан не 8 (7172) 74-04-22 телефон арқылы алуға болады.
      Электрондық өтініш портал арқылы жөнелтілгеннен кейін алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау, қаралғаны туралы жауап немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылады.
      26. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты уәкілетті органның www.minjust.kz. интернет-ресурсынан алуға болады.

«Жеке сот орындаушысының қызметiмен 
айналысу құқығына лицензия беру,  
қайта ресімдеу, лицензияның     
телнұсқаларын беру» мемлекеттiк   
қызмет көрсету стандартына    
1-қосымша              

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлiгi
Сот актілерін орындау
комитетiнiң төрағасы
____________________________
(басшының Т.А.Ә.)
кімнен______________________
____________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. толық)

ӨТІНІШ

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.
      Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған күні, айы, жылы_____________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері______________________
                                       (нөмірі, кім және қашан берді)
3.Білімі_____________________________________________________________  (мамандығы, дипломының (өзге құжатының) №),__________________________
_____________________________________________________________________оқу орнының атауы, бітірген жылы)____________________________________
_____________________________________________________________________
4. Үйінің мекенжайы__________________________________________________
5. Жұмыс орны________________________________________________________
6. Қоса берілетін құжаттар:__________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________   ____________________________________________________
   (қолы)           (тегі, аты (бар болған жағдайда) әкесінің аты)
20___ жылғы «_____»_______________
Өтініш 20_____ жылғы «___»_____________қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________       (лицензиялау органының жауапты адамының қолы, тегі, аты (бар
                      болған жағдайда) әкесінің аты)
_____________________________________________________________________

«Жеке сот орындаушысының қызметiмен 
айналысу құқығына лицензия беру,  
қайта ресімдеу, лицензияның    
телнұсқаларын беру» мемлекеттiк   
қызмет көрсету стандартына     
2-қосымша              

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң кейінгі жылғы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)




3. Қолжетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)




4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады