2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1089 Қаулысы

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1089 қаулысымен   
бекітілген      

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан
зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының
құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы
келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден
босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

      1. 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімінің (бұдан әрі – Келісім) 9-бабына сәйкес әзірленді.
      Осы Қағидалар Қазақстан тарапының уәкілетті органы – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі – Қазғарыш) Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) Келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босату мақсатында Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерден Кеден одағының кедендік аумағының бөлігіне (Қазақстан Республикасының аумағына) әкелуі немесе Кеден одағының кеден аумағының бөлігінен (Қазақстан Республикасының аумағынан) Кеден одағына мүше-мемлекеттер болып табылмайтын елдерге әкету жоспарланған тауалар (бұдан әрі – Тауарлар) туралы қажетті мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.
      2. Қазғарыш Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін 35 күннен кешіктірмей өтінішті және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мәліметтерді уәкілетті органға жолдайды.
      Өтініш еркін нысанда жасалады, онда Тауарларды әкелуді немесе әкетуді жоспарлаған ұйым туралы мәліметтер, Тауарларды пайдалану мақсаттары, Тауарларға қолданылатын кедендік рәсімі көрсетіледі.
      3. Тауарлар туралы мәліметтерді растау үшін өтінішке мынадай құжаттар:
      1) Тауарлардың тізбесін қамтитын нотариалды куәландырылған сыртқы сауда келісімшарты;
      2) оның негізінде Тауарларды жіктеу туралы шешім қабылданатын құжаттар (функцияларын, мүмкін болған жағдайда, схемасын, өндірушілердің каталогтарын қөрсетумен техникалық сипаттама) қоса беріледі.
      4. Қазғарыш уәкілетті органға келісуге тауарларды әкелуді немесе әкетуді жүзеге асыруды жоспарлаған Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары, бірлескен кәсіпорын, сондай-ақ ынтымақтасушы ұйымдармен немесе бірлескен кәсіпорынмен келісімшарттары бар орындаушы ұйымдар (бұдан әрі – өтініш беруші) ұсынған өтінімдердің негізінде Тауарлар туралы мәліметтерді жолдайды.
      Өтінім Қазғарышқа Тауарларды әкелу немесе әкету көзделген күнге дейін күнтізбелік 40 күннен кешіктірмей ұсынылады және осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес онда Тауарлар туралы мәліметтер болуы тиіс.
      5. Уәкілетті орган Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер мен құжаттарды Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай Тауарлық номенклатурасы Тауарларының кодтарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
      Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазғарышқа қабылданған шешім туралы хабарламаны және Қазғарыштың өтінішін алған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге шешімнің түпнұсқасын жолдайды.
      6. Мынадай себептер:
      1) Тауарлар туралы мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкессіздігі;
      2) Келісімнің шеңберінен тыс мәлімделген Тауарларды әкелу немесе әкету;
      3) Тауарлар туралы толық емес немесе күмәнді мәліметтер ұсыну;
      4) осы Қағидаларда белгіленген Тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін бұзу келісуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Тауарлар туралы мәліметтерді келісуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы Қазғарышқа Тауарлар туралы мәліметтер алған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.
      7. Уәкілетті орган Тауарлар туралы мәліметті әкелінетін немесе әкетілетін Тауарларды кедендік тазалау және бақылау жүргізілетін аумақтық бөлімшелерге Қазғарыш ұсынған Тауарлар туралы мәліметтер келісілген күннен бастап 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының  
Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы
Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш  
аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және   
пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде      
кедендік баждар мен салықтарды төлеуден       
босатылатын тауарлар туралы мәліметтерді       
ұсыну қағидаларына қосымша              

2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісім шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын тауарлар туралы мәліметтер

Өтініш берушінің/ декларация толтырушының аты, заңды және нақты мекенжайы, байланыс жасайтын адам

Келісімшарттың, ерекшеліктердің, қосымшалардың (тауарлар тізімі кіретін) № және күні

Жиынтықтаушы тауарлардың/ жабдықтардың атауы

Жиынтықтаушы тауарлардың/ жабдықтардың саны

Жеткізу жүзеге асырылатын мерзімі

Тауарларға кедендік тазалауды жүзеге асыратын кеден органдарының атауы

1

2

3

4

5

6







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады