Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.03 № 1134 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Шымкент қаласының кешендi дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Шымкент қаласының бас жоспары бекiтiлсiн.
2. "Шымкент қаласының бас жоспарын және оның негiзгі ережелерiн бекiту туралы" Қазақ КCP Министрлер Кеңесiнiң 1971 жылғы 28 мамырдағы N 302 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Peспубликасының
Премьeр-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 сәуірдегі
N 446 қаулысымен
бекітілген
Шымкент қаласының бас жоспары туралы
1. Бас жоспардың мақсаты
Шымкент қаласының Бас жоспары қала инфрақұрылымын дамытудың және табиғи кешенi аумақтарын дамытудың, тұрғын үйлердi қайта салудың және өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастырудың, қоғамдық, iскерлiк және мәдени орталықтарын, туризм және демалыс объектiлерiн дамытудың, қала iшiн кешендi көркейтудiң және эстетикалық тұрғыдан ұйымдастырудың, Шымкент қаласы әкiмшiлiк аудандарының және басқа да аумақтық бiрлiктерi аумақтарын дамытудың қала құрылысы жобаларын әзiрлеу мен iске асырудың, қаланы жоспарлау мен құрылыс салу жобаларын әзiрлеу және перспективалық, бiрiншi кезектегі мiндеттердi жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады.
Шымкент қаласы Бас жоспарының басты мақсаты - қолайлы, қауiпсiз және әлеуметтiк жағынан ыңғайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған қала құрылысы iс-шараларының кешенiн жүргiзу.
Шымкент қаласын дамыту Бас жоспарының тұжырымдамасы қала дамуының принциптiк базалық негіздерін және перспективалық даму принциптерiн айқындайды.
Бас жоспардың негiзi сәулет - қала құрылысы идеясы - Шымкент қаласының келбетiн сақтау мен қалыптастыру болып табылады.
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi
Демография
2030 жылға дейiнгi перспективада демографиялық процестердiң серпiнi қоғам өмiрiнде өсе түсiп отырған әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер және қайта жаңғыртулар барысында қалыптасқан дәстүрлi, ертеден қалыптасқан қоғамдық даму факторларының бүкiл жиынтығының өзара әрекеттестiгiмен айқындалатын болады.
Шымкент қаласы демографиялық дамуының сипаты халықтың табиғи және көшi-қон қозғалысы ретiнде айқындалатын болады, олардың ауқымы және бағыты әлеуметтiк қайта жаңғырулар нәтижелеріне:
- қаланың экономикалық әлеуметiнiң дамуына;
- тұрғын үй рыногының дамуына;
- жұмыспен қамтуға және еңбекке ақы төлеу деңгейiне;
- мемлекеттiк және жергілікті әлеуметтік саясатқа және басқа факторларға тәуелдi болады.
Халықтық перспективалық санының болжамдық нұсқалары халықтың табиғи өсiмiнiң кезең-кезеңiмен артуды болжауды ескере отырып, өмiр сүрудiң ұзақтығын ұлғайту және көшi-қон өсiмi есебiне сүйенедi. 2000-2002 жылдары халық көшi-қонының оң сальдосына қол жеткiзiлдi және болжамды кезеңге дейiн осылай болады деп көзделуде.
Перспективадағы табиғи өсiм коэффициентiнiң орташа мәнi 2005 жылға - 0,9%, 2010 жылға - 1,1%, 2015 жылға - 1,2% және тұжырымдаманың есептi мерзiмiнiң аяғына қарай (2030 жыл) - 1,3% болады деп қабылданған.
Халықтың қазiргi саны (01.01.2001ж.) - 418,5 мың адам. Шымкент халқының 2030 жылға дейiнгi кезеңдегi болжамды саны тұрақты және қарқынды демографиялық үрдiстермен айқындалады. Болжамның аса ықтималды нұсқалары бойынша Шымкент қаласы халқының перспективалық саны 2015 жылға дейiн 600 мың адам және 2030 жылға дейiн 900 мың адам болуы мүмкiн.
Экономика салалары бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымының есептi көрсеткiштерi 2015 жылға қарай 237,6 мың адамға дейiн жеткiзiлуі мүмкiн, мұның өзi экономика салаларында жұмыспен қамтылған қазiргi санмен салыстырғанда 80,5 мың адамға көп.
Қаланың әлеуметтiк және қала құрылысын дамытудың негiзгi мақсаты - бұл қаралып отырған аумақта әлеуметтiк-психологиялық жайлы жағдайды және орташа жоғары өмiр сүру деңгейiн туғызу.
Шымкент қаласы қала құрылысын дамытудың негiзгi бағыттары тиiмдiлiгiнiң экономикалық көрсеткiштерi 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай:
- жалпы аймақтық өнiм өндiру көлемiн 3 есе;
- күрделi қаржылар көлемiн салыстырымды бағалармен 2,5 есе;
- жан басына шаққандағы табысты 2 еседен астам ұлғайту болып табылады.
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үйлер ортасын кешендi қалыптастырудың негiзгi бағыттары қаланың бүкiл тұрғын үй қорын есептелген мерзiмге 15 млн. 2 ұлғайта отырып, орта есеппен бiр адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етудi 17,5 м 2 -ден 5 м 2 -ге жеткiзудi көздейдi. Құрылыс бос аумақтарда жүзеге асырылатын болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесi жаңа құрылыстың жалпы көлемiнiң 25-30% құрайды.
Шымкент қаласы тұрғын үйлер аумақтарын қайта құру мен дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
- қаланың аумақтарды аса күштi пайдаланатын құрылымдық бөлiктерiндегi қазiргі құрылысының тығыздығы төмен аудандарды қайта құру (магистралдық аумақтардың, қала кiндiгiнiң, қала тораптарының маңы және басқалары);
- шағын қабатты тозығы жеткен үйлердi бұзу аумақтың жалпы ауданының 0,4 млн. м 2 -i болады, бұзудан босаған 375 га жер көше-жол желiсiн кеңейтуге және қалыптастыруға, жасыл желектi жалпы қала орталығына мәдени-тұрмыстық қызмет көpceту мекемелері құрылысын салуға пайдаланылатын болады;
- олардың 185 гектары теміржол магистралынан, өнеркәсiп кәсiпорындары аймақтарынан санитарлық-қорғау аумақтарына тура келедi;
- құрылысы аяқталмаған объектілердi салып бiтiру және қалыптасқан құрылыстар шегінен тыс қаланың бос аумақтарында тұрғын үйлер кешендерін қалыптастыру;
- табиғи-ландшафт қыртысы бар және урбанизацияланған аумақтардың түйіскен аймақтарында шағын қабатты және тығыздығы жоғары тұрғын үйлер құрылыстарының кешенiн қалыптастыру;
- XII-ХVII ғасырлардың тарихи-мәдени мұрасы болып табылатын тұрғын үй орамдары мен кешендерiн қайта жаңарту, қайта құру және жайластыру;
- күрделі жөндеуді, қайта жоспарлауды, қайта құрылатын қор қондырмасын қамтитын жаппай құрылыс салу аудандарын кезең-кезеңімен қайта құру (1960-80 жылдардағы және одан кейiнгi кезеңдердегi ықшам аудандар).
Қаланың муниципалдық тұрғын үй қоры қалыптасып келе жатқан тұрғын үй рыногының аса маңызды бөлiктерiнiң біріне айналады. Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын және оларға теңестiрiлген жiктерi үшін муниципальдық тұрғын үйлер салу экономикалық жағынан дамыған елдердiң тәжiрибесi бойынша құрылыстың жалпы көлемiнiң шамамен 25-30%-i болуға тиiс. Бұл негізiнен алғанда ең арзан және жалпыға бiрдей технологияны қолдану арқылы салынған, заңнамамен кепілдік жасалған тұрғын үйлермен қамтамасыз ету деңгейiне бағдарланған пәтерлері болатын көп қабатты үйлер.
Жаңа муниципалдық тұрғын үй құрылысының көлемi 2015 жылға дейiн салуы көзделген пайдалануға берiлетiн жалпы ауданның шамамен 2,1 млн.м 3 -i немесе жылына орта есеппен 140 мың м 2 болады.
Бас жоспарда мекемелердiң қызмет көрсетуінің әлеуметтiк-кепiлдi минимумын қамтамасыз етуге қол жеткізуіне бағытталған әлеуметтiк-экономикалық және қала құрылысының жаңа жағдайлары мен 2015 жылға қарай қалалық маңызы бар объектiлердi дамытудың нормативтi көрсеткіштерін ескере отырып, әлеуметтiк саланы дамыту көзделедi.
Экономикалық қызмет
Шымкент қаласы аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру, соның ішінде: ғылымның, бiлiмнiң, мәдениеттiң және жоғары технологиялы өнеркәсiптiң рөлiн сақтау, өндірістік, iскерлiк және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, қызмет көрсету салаларын, туризмдi және рекреацияны дамытуды ынталандыру, экологиялық жағынан қауiпті және pecурстарды көп қажет ететін өндiрiстердi тарату, қайта ұйымдастыру ұсынылады.
Материалдық өндiрiс аясын қайта құрылымдау саласын жүзеге асыру ғылымды қажетсiнетiн және ресурстар үнемдейтiн технологиялардың пайдасына ұсынылады.
Шымкент қаласының облыстық маңызы бар қала мәртебесiн сақтауы болжанады және ғылыми-техникалық, бiлiм беру, мәдени, әлеуметтiк, өндiрiстiк және инфрақұрылымдық әлеуеттердi, облыстық және республикалық маңызы бар нарықтық инфрақұрылымдар институттары желiлерiн қарқынды дамыту көзделуде.
Экономиканың мемлекеттiк және жеке секторларын одан әрi тиiмдi ұштастыру және олардың өзара iс-қимылы жоспарланады.
Бас жоспарда өндiрiстiк аумақтарда қайта ұйымдастыру ұсынылады, мұның өзi экологиялық қауiпсiздiктi арттыру және қаланың даму мүддесi үшiн бұл аумақтардың қала құрылысы әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатын көздейдi.
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қаланың экономикалық қызметiнiң жаңа саласы - туризм қызметiн көрсету үшiн инфрақұрылымды дамытудың кешендi қалалық бағдарламасы Шымкент қаласының тарихи мұра мен табиғат әлеуетiн сақтаудың, қайта жаңғыртудың және қалпына келтiрудiң қаржы проблемаларын түбегейлi шешуге қабiлеттi тарихи-мәдени мұрасы мен бiрегей табиғи маңайының әлеуетiн пайдаланатын қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құруды мақсат етедi.
Қазақстаннан шыққандардың отанына келуге мүмкiндiк беретiн этникалық туризм перспективалық түрлердiң бiрi болып табылады. Туристiк тасқынның бiрi 3 млн. адамға дейiн есептелетiн қазақ диаспорасы болып табылады.
Әлеуеттi бағыттар құрылымында ұлы Жiбек Жолындағы туризм ерекше орын алады.
Халықаралық iс-қимылды өркендету және туристiк сұранысты қанағаттандыру мiндеттерi тұрғысынан алғанда Оңтүстiк Қазақстан учаскесiндегi Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрамен, кәсiпшiлiктермен және ұлттық дәстүрлермен танысу ұштасатын экзотика, қызықты оқиғалар, таулы жерлердi аралау, тау спортымен, аңшылықпен, қауiп-қатерлi элементтерi бар саяхатпен айналысу үшiн бiрегей ресурстық ұштасуы болатынын атап айтуға болады.
Бас жоспарда:
- осындай аралау объектiлерi аймақтарының шектерiнде шоғырланған жаяу жүру маршруттарына бiрiккен туристiк аймақтардың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыру, туристiк мекемелердiң орналасатын, қызмет көрсететiн және демалыс уақытын қамтамасыз ету, туристiк аймақтарды көлiктiк маршруттар жүйесiмен бiрiктiру;
- туристiк көрсетiмдер мен аралаулар объектiлерiн дамыту, оның iшiнде демалыс және көңiл көтеру объектiлерiнiң, спорттық-ойын-сауық кешендерiнiң өткiзу қабiлетiн, халықаралық туристiк орталықтарды, конгресстер, көрмелер, жәрмеңкелер орталықтарын салуды ұлғайту;
- қонақүй желiсiн, сауда-тұрмыстық және ақпараттық объектiлер желiлерiн, туристiк бюролар мен көлiк агенттiктерiн дамыту;
- әуежайда, темiр жол вокзалдарында туристерге көлiктiк қызмет көрсету жүйесiн дамыту, арнаулы автокөлiкпен және автомобилi прокатымен қызмет көрсететiн парктер мен кәсiпорындарды дамыту және туристiк аймақтарда автотұрақтардың сыйымдылығын ұлғайту көзделедi.
Экологиялық талаптар
Шымкент қаласының қала құрылысын дамытуға қойылатын экологиялық талаптарға:
- қаланың ұдайы экологиялық жайсыз аймақтарында, ең алдымен оның орталық бөлiгiнде, оңтүстiк шығыс, шығыс және оңтүстiк секторларында өмiр сүру қызметiнiң ортасын түбегейлi сауықтыру;
- табиғи кешеннiң қазiргi аумақтарын қолайсыз антропогендiк әсерлерден қорғау, шаруашылық қызметiн жоғалтқан шағын өзендердiң аңғарларын оңалту мен қалпына келтiру жөнiндегi, сондай-ақ резервтiк аумақтарда жаңа жасыл желектi алқаптарды қалыптастыру жөнiндегi шараларды iске асыру;
- өмiр сүру қызметi ортасының жайлылығын, соның iшiнде аумақты көгалдандыру және қаланың тұрғын және қоғамдық үйлерiнiң аймақтарындағы мезоклиматтық әрi микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру жатады.
Шымкенттiң қала құрылысын дамытуға арналған экологиялық талаптарды орындаудың қажеттi шарттары:
- тұрғындардың денсаулығына қауiп туғызатын экологиялық қатерлi аймақтарды жою;
- күштi техногендiк қысымға ұшыраған аумақтарды (рұқсатсыз қоқыс үйiндiлерi төгiлген аумақтарда, газданған және магистралдар маңындағы аумақтардағы шулы жайсыз аймақтар және т.б.) санациялау, оңалту, қайта ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру;
- экологиялық қауiптiлiгi жоғары көздер болып табылатын өндiрiс орындарын жою;
- экологиялық жағынан таза, қалдықтары аз және қалдықсыз технологияларды, өндірiстердiң ағынсыз циклын енгiзу, өнеркәсiп, энергетика, қала шаруашылығы объектiлерiн қазiргі газ тазартатын, шаңды сорып алатын және суды тазартатын жабдықтармен жарақтандыруды 100%-ке жеткiзу;
- сұйытылған және қысылған газбен жұмыс істейтiн автомобильдер санын көбейту есебiнен моторлы отын түрлерiнiң пайдаланылатын құрылымын өзгерту;
- ауыз су сапасының, өндiрiстiк және коммуналдық сарқынды сулар мен үстiңгi беттердегi сарқынды суларды тазарту стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
- үздiксiз қозғалыста болатын автомагистральдарды салу;
- жүк көлiктерi мен аралас көлiктер қозғалысы басым айналма автомагистральдар салу;
- өндiрiстiк және тұрмыстық қатты қалдықтарды толық қайта өңдеу мен зарарсыздандыру болып табылады.
Аумақты қорғау және қаланың тұрақты
дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
Аумақты пайдалану сипатына қарай қала құрылысын дамытуды, функционалдық ұйымдастыруды және саралауды айқындау барысында "Сейсмикалық аудандарда құрылыс салу" 1.2-4-98 ҚНЖЕ негiзге қабылданды.
Шымкент қаласының тұрақты жұмыс iстеуiн арттыру және оның халқын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар әсерiнен қорғау мақсатында жобада мынадай қала құрылысы iс-шаралары:
- қала аумағын неғұрлым айқын функционалдық аймақтандыру;
- бұрынғы бар өндiрiстiк аумақтарды одан әрi қалыптастыру;
- селитебтi аймақтарды жасыл желек алаптарының жоспарланған аудандарына бөлу және өзендердiң су сақтау алаптарын көгалдандыру;
- көше-жол желiсiн одан әрi дамыту және оның негiзiнде тұрақты жұмыс iстейтiн жалпы қалалық желi құру көзделiп отыр.
Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және
оны жаңартуға қойылатын талаптар
Шымкент қаласының қала құрылысын дамытудың негiзгi бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және жаңартуға қойылатын мынадай талаптарды орындауды:
- қала құрылысы және сәулет саласындағы құралдарының бүкiл тарихи табиғи-ландшафтты, жоспарлы, композициялы, археологиялық және қала ортасы негіздерiн, қалалық және табиғи ландшафтты, көшелердiң, алаңдардың және орамдардың тарихи желiсiн, қала құрылысы ансамбльдерi құрылысының тарихи жүйесiн, көрермендiк басым идеяларды, назар аударуды және қала кеңiстiгiнiң көрермен қабылдайтын аймақтарын, жылжымайтын мәдени ескерткiштердi, құрылыстың тарихи сипатын және абаттандырылуын сақтауын, айқындауын және назар аударып отыруды;
- жылжымайтын мәдени ескерткiштер аумақтары мен құқықтық қала құрылысы регламенттерiн қорғау аймақтары үшiн қала құрылысы қызметiнiң аталған аумақтар мен аймақтардың шекараларын айқындайтын және шекаралардағы реттеу режимдерiн белгiлеудi және сақтауды;
- жылжымайтын мәдени ескерткiштердi жаңғырту және қалпына келтiру жөнiндегі жұмыстарының көлемiн үлкейтуді қамтамасыз етуге тиiс.
Бас жобада Тарихи-мәдени мұра ескерткiштерiн қорғауды ұйымдастыру схемасы мен Тарихи-мәдени мұра ескерткiштер тобын қорғауды ұйымдастыру жөнiндегі шектеу iс-қимылы аймақтарының схемасы орындалған.
Табиғи кешен аумақтарын сақтаудың
және дамытудың негiзгi бағыттары
Шымкент қаласының табиғи кешенi табиғат қорғау, рекреациялық, сауықтыру және ландшафты құрау функцияларын орындайтын және қаланың табиғи-ландшафтты қыртысын қалыптастыратын өсiмдiктерi мен су объектiлерi басым аумақтар жиынтығы болып табылады. Табиғи кешен аумақтарына: табиғи аумақтар - дендропарк, өзендер мен бұлақтардың құрылыс салынбаған табиғи аңғарлары; көгалдандырылған аумақтар - саябақтар, бақтар, бульварлар мен гүлзарлар, бақ-саябақ өнерi және ландшафтық сәулет ескерткiштерi, сондай-ақ тұрғын үйлер құрылысының көгалдандырылған аумақтары, қоғамдық, өндiрiстiк және коммуналдық мақсаттағы объектiлер; резервтiк аумақтар - бұл бұзылған және табиғи қасиеттерiн жоғалтқан аумақтарды қайта қалпына келтiру үшiн, жаңадан көгалдандырылатын аумақтар үшiн резервке қойылатын аумақтар жатады.
Табиғи кешен аумақтарын сақтаудың және дамытудың негiзгi бағыттары:
- Шымкент қаласының, қала маңы аймағы мен Шымкент агломерациясының тұтастығын сақтауды;
- әртүрлi сатылық деңгейдегi рекреациялық аймақтарды қалыптастыруды;
- экологиялық тұрғыдан жобалауды және нақты табиғи кешен аумақтарын күтiп ұстауды көздейдi.
Аумақтарды сәулеттiк жоспарлауды ұйымдастыру
Қаланы одан әрi дамытудың Бас жоспары қаланың iшкi аумақтарын интенсивтi пайдалана отырып, қала шегiнен тыс жерлерде көзделедi.
Қаланы аумақтық дамыту басты жоспарланған орталықтарды бойлай: солтүстiк, солтүстiк шығыс және солтүстiк шығыс пен солтүстiк батыс бағыттағы бос аумақтарды игеру есебiнен жасалады.
Бас жоспарда жаңа тұрғын үй құрылысын көп қабатты да, шағын қабатты үйлер салу арқылы да жүргiзу көзделуде. Көп қабатты үйлер құрылысы қалыптасқан дәстүрлер бойынша солтүстiк бағытта Қонаев гүлзарын қалыптастыруды аяқтай отырып жүргізiледi. Сонымен бiрге, жобада солтүстiк бағытта жаңадан жоспарланған үш аудан қалыптасатын селитебтi аумақтардың жинақталған бөлiгiн құру көзделедi.
Қаланың бұрынғы және жаңа бөлiгiн байланыстыратын негiзгі жалпы қалалық магистральдар Адырбеков, Қазиев көшелерiнiң жалғасы және демалыс аймағына апаратын магистраль болады.
Бiрiншi кезектегi құрылыс кезеңiнде жоспарланған IV ауданның солтүстiк-батыс бағытында және жоспарланған IV ауданда есептiк мерзiмде аз қабатты құрылысты дамыту өрiс алады.
Қаланың перспективалық жоспарлау құрылымын қалыптастыру негiзi - табиғи экологиялық және көлiктiк құрылымды қалыптастыру болып табылады.
Қаланың ендiк бағытымен саябақтар, гүлзарлар, бульварлар және қаланың "тыныс алуы" болып табылатын басқа да көгалдандырылған аумақтар арқылы ағып өтетiн өзендер табиғи-экологиялық қыртысты қалыптастырады.
Сыртқы ортаны оның қала бөлiгiмен жалғастыратын негiзгi табиғи шептер бойынша кеңiнен көгалдандыру алаптары жасалады.
Жобада көгалдандырудың жолақтық-алаптық жүйесi ұсынылып отыр, онда жобаланатын тұрғын аудандар күнделiктi және қысқа мерзiмдiк демалыс үшiн арналған жасыл кең жолақтар - әр түрлi мақсаттағы "жолақтық саябақтар" арқылы салынады. Бұл орайда жаңа тұрғын аудандардың жобаланатын жасыл желектерi, бұрыннан бар көкке орнаған жалпы қалалық саябақтар мен гүлзарлар көшелердi көгалдандыру және бульварларды жобаланатын орман-саябақ аймақтары арқылы бiрiктiрiлiп, халықтың күнделiктi демалыс орнын тұрғын үйлерге жақындата түсiп тұр.
Жоспарланатын құрылымды жаңартудың және дамытудың аса маңызды шарты өндiрiстiк аумақтарды қайта ұйымдастыру болып табылады, ол экологиялық қауiпсiздiктi арттыруды және азаматтық құрылыс объектiлерiне дейiн қажеттi нормативтiк ажыратуларды сақтай отырып, қала мүддесi үшiн аумақтың қала құрылысы әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалануды мақсат етiп қояды.
Бас жоспар қаланың көлiк құрылымын дамытуды және жетiлдiрудi көздейдi. Тұтас алғанда көлiктiк-жоспарлы құрылым жоқ аумаққа да, жаңа аумаққа да бiрыңғай жүйеде байланысқан радиалы-айналма магистралдар желiсi болып табылады. Тұрғын үйлер мен магистралды аудандар арасындағы өтпе жолдар батыстан шығыс және оңтүстiк батыстан солтүстiк шығыс бағытына тұрғын үйлердi: оңтүстiк солтүстiкке немесе оңтүстiк шығыс - солтүстiк батысқа қолайлы бағдарлау үшiн жүргiзiледi.
Көше-жол желiсiн дамытудың негiзiне жылдам жүруге арналған қалалық жолдардың және қалалық маңызы бар магистральдардың бiртұтас жүйесiн құру принципi алынған, мұның соңғысы магистральдарда қозғалысты саралай үздiксiз және реттеп отырады.
Қаланың транзиттiк легiн қалалық орталығынан бұрып жiберу үшiн Бас жоспарда қаланың негiзгi бөлiгiн айнала отырып, үздiксiз қозғалыстың айналма магистралы көзделген.
Қаланың атмосфералық жай-күйiн жақсарту мақсатында Бас жоспарда көше-жол желiлерiн жетiлдiру, электр көлiгiнiң үлесiн ұлғайту, автосервис желiлерiн дамыту және т.б. ұсынылады.
Қаланың одан әрi өсуi жалпы қала орталығы жүйелерiнiң тармақталуымен қоса жүредi.
Қаланың солтүстiк бағытта дамытылуымен бiрге бас көшелер қала орталығында төбеден бастап Ордабасы алаңында үйлесiмдi ажырап тұрады, онда цитадель - қала басталуына негiз болатын қамал орналасқан.
Орталық қазықта тарихи қалыптасқан жобалау және сәулеттiк-кеңiстiктiк құрылымды, тарихи орындар, бульварлар, алаңдар құрылымдарын сақтау мен дамыту, тарихи табиғи ландшафтық қыртыстың жойылған бөлiктерiн қайта қалпына келтiру көзделiп отыр.
Бас жоспарда мәдени-танымдық орталықтар негiзiнде тарихи-мәдени қорды одан әрi сақтау жөнiндегi шараларды жүргiзу ұсынылады.
Осы жобада Солтүстiк көшесiнен жоғары және мемориалдық Қасiрет саябағынан оңтүстiкке қарай бос аумақта жаңа әкiмшiлiк-iскерлiк орталықты орналастыру нұсқасы ретiнде жаңа алаң салу ұсынылады. Орталықтың құрамына облыстық және қалалық әкiмдiктердiң жаңа ғимараттары, мемлекеттiк басқару органдарының мекемелерi, бизнес орталығы, көп нысаналы мақсаттағы iрi зал, супермаркет, қонақүй, қалалық және облыстық халық соттары, банктер мен офистер кiредi. Сол және оң жағынан биiктiгіне назар аударылатын жартылай тұйық (жартылай шеңберлi) композиция алаңға жүргiншiнiң жартылай тұйықты қабылдауына есептелген ауқымды келбет берiп тұр.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары
Қызмет көрсету, мәдениет, демалыс, туризм, бiлiм беру, әкiмшiлiк және iскерлiк саласындағы функциялар мен жұмыс орындарының негiзгi бөлiгiн өзiне шоғырландырған қоғамдық аумақтар қала аумағының урбанизацияланған өзегiнiң функционалдық және сәулеттiк-кеңiстiктiк негiзiн құрап тұр.
Қоғамдық аумақтарды дамытудың негiзгi бағыттары: жалпы қалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бiрыңғай жүйесiн дамытуды, iрi тұрғын үйлер алаптарына қызмет көрсетудiң жергiлiктi көп салалы орталықтары желiлерiн дамытуды көздейдi.
Жалпы қалалық қоғамдық орталықтар аумақтарының бiрыңғай жүйесiн дамыту:
- атқарушы және үкiметтi органдардың арнайы орналастыру аймақтарын қалыптастыруды;
- қаланың орталық аудандарының мәдени, бос уақыт функцияларын дамытуды;
- қала қазығының орта белдеуi мен шет жақтарында қоғамдық аумақтарды интенсивтi дамытуды (орталықтар, тораптар мен көп функционалы аймақтар), оларда iскерлiк, әкiмшiлiк және сауда саласындағы жұмыс орындары мен көлiк тасқындары функцияларының негiзгi массасын шоғырландыруды;
- рекреациялық, спорттық, бос уақыттық, мәдени орталықтарда қаланың көлiк тораптары мен интенсивтi аралайтын байланыс аймақтарында мәдени-тарихи мұра аумақтарынан қалыптасқан урбанизацияланған және табиғи қыртысты аймағында интенсивтi дамытуды көздейдi.
Көп функционалы жоспарланған орталықтар желiлерiн дамыту қаланың шеткi аудандарындағы тұрғын үй алаптарында осы аудандар тұрғындары үшiн жайлы, оның iшiнде толық мәндi әлеуметтiк сауда инфрақұрылым кешендерiне жүргiншiлердiң жетiмдiлiгi мен жаппай бос уақыттық және жұмыс орындарына сұранысты дамытуды көздейдi.
Қала құрылысы аумақтарын аймақтандыру
Шымкент қаласын дамытудың Бас жоспарында қала құрылысы аумақтарын аймақтандыру "Қала құрылысы" 2.07.01-89 Құрылыс нормалары мен ережелерiне және 3.01-07-2001 ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес белгiленедi. Бас жоспар қала құрылысындағы кадастрлi секторлардың аумақтық деңгейде функционалды пайдаланылуын (функционалды мағынасы) талап етедi. Қала құрылысындағы кадастрлiк сектор болып Шымкент қаласының магистральды көшелерiнiң қызыл жолақты белгiлерiн қоса алғандағы аумақтық бiрлiктер шекарасымен, табиғи кешендi аумақтар шекарасымен, өзге де шекаралармен шектелген аумақтары саналады. Шымкент қаласының шекаралық шегiнде орташа алаңы 40-60 га алаңды құрайтын 155-ке тарта құрылымдық кадастрлық сектор бар.
Қала құрылысы кадастрлық секторының функционалдық мiндетi өз шекараларында тұрғын үй, қоғамдық өндiрiстiк, табиғи объектiлер учаскелерi алаңдарының рұқсат етiлген қатынасын белгiлейдi. Қала құрылысы кадастрлық секторы аумақтарының белгiленген функционалдық мiндетi Шымкент қаласының құрылысын дамытудың мақсаттарына, талаптарына және негiзгі бағыттарына сәйкес қала салу қызметiн жүзеге асыру кезiнде қала аумағын пайдалануды қамтамасыз етудiң заңды құралы болып табылады.
Қала құрылысы кадастрлық секторы аумақтарының белгiленген функционалдық мiндетi жергiлiктi органдар үшiн қала салу және жер учаскелерiн пайдалану саласында шешiмдер қабылдаған кезде мiндеттi болып табылады.
Бас жоспар шеңберiнде қала құрылысы кадастрлық секторы аумақтарының белгiленген функционалдық мiндетi Шымкент қаласын аумағын функционалдық аймақтандыру схемасымен белгiленедi.
Функционалдық аймақтандыру схемасы Шымкент қаласы құрылысын дамытудың негiзгi бағыттарында және Бiрiншi кезектi қала құрылысы iс-шараларының бағдарламасында көзделген қала аумағын пайдаланудағы өзгерiстердi заңды түрде бекiте түседi.
Схема аумақтарды функционалдық пайдалануды өзгертудiң мынадай үрдiстерiн көрсетедi:
- табиғи мақсаттардағы аумақтардың және тұрғын аумақтардың үлесiн көбейту;
- қоғамдық мақсаттардағы аумақтардың үлесiн қарқынды түрде ұлғайту;
- арнаулы аумақтардың үлесiн қысқарту және аралас функционалдық пайдаланылатын аумақтардың үлесiн көбейту.
Көлiк инфрақұрылымын дамыту
Облыс орталығының сыртқы байланыстары темiр жол, әуе жолы, оңтайлы көлiктер, автомобиль жолдары, сондай-ақ құбыр тасымалы арқылы көрсетiледi.
Шымкент қаласының Бас жобасында көлiктiң және көше-жол желiсiнiң қаланың жоспарлы құрылымымен және оған іргелес жатқан аумақтармен байланыста барлық функционалдық аймақтармен, қалаға таяу жердегi объектiлермен, сыртқы көлiк объектiлерiмен және оңтайлы жолдармен тез әрi қауiпсiз көлiк байланысын қамтамасыз ететiн бiрыңғай жүйесi көзделген.
Қаланың көше-жол желiсi көшелер мен жолдардың функционалдық мақсаттары, көлiк және жаяу қозғалыстың қарқындылығы, аумақты архитектуралық-жоспарлауды ұйымдастыру және құрылыстың сипаты ескерiле отырып жоспарланған. Магистральды көшелер мен жолдардың қиылысында, сондай-ақ автомобиль трассаларының жүрiсi көп учаскелерiнде жер үстi және жер асты жолдарын салу көзделедi.
Қала iшiндегi қоғамдық көлiктiң негiзгi түрi автобус және шағын автобустар, қосымша көлiк троллейбус болып қабылданды.
Жобада автобустар паркiн кеңейту және жаңарту, жаңа жолаушылар автомобиль көлiктерi кәсiпорындарын қайта салу және салу белгiленiп отыр (ЖКАК).
Автомобильдердi тұрақты және уақытша сақтау мен оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар желiсi Шымкент қаласының әкiмшiлiк аудандар аумақтары мен басқа да аумақтық бiрлiктерiн келешекте өсуi, қаланы жоспарлау мен салу жобалары ескерiле отырып жоспарланған.
Шымкент қаласын дамытудың Бас жоспарының бас мақсаты - жайлы, қауiпсiз және әлеуметтiк қолайлы тiршiлiк ортасын жасауға бағытталған қала құрылысы іс-шаралары кешенiн жүргізу.
Шымкент қаласын дамытудың Бас жоспары тұжырымдамасы қаланы келешекте дамытудың негiзгi және принциптi негiздерiн айқындайды.
Бас жоспардың негiзгi архитектуралық-қала құрылысы идеясы Шымкент қаласының келбетiн сақтау мен қалыптастыруды көздейдi.
Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту
Сумен жабдықтау
Бас жоспар қаланың сумен жабдықтау жүйесiн дамытудың мынадай бағыттарын:
- қаланы сумен жабдықтаудың бар көздерiн сақтауды және дамытуды (Тассай-Ақсу және Сайрам-Бадам кен орындарының жер асты суын Тоғыс су қоймасы мен Қошқар-ата өзенiнiң беткi суларын);
- оның өнiмдiлiгiн тәулiгiне 70,81 мың м 3 -ден (бастапқы жылы) 363,07 мың м 3 -ге дейiн (есептiк мерзiм) ұлғайту арқылы оның бұрыннан бар шаруашылық ауыз су өндiрiстiк және өртке қарсы пайдаланылатын және өндiрiстiк су құбырлары аймақтық жүйесiн сақтауды және дамытуды;
- су жинау құрылыстарын кеңейту және қайта құру есебiнен қаланың сумен жабдықтау жүйесiнiң деңгейiнiң берiктiгiн арттыруды, бұрыннан барларын қайта құруды және жаңа су құбырлары желiсiн салуды, су құбырлары құрылыстарының автоматты жүйесiн басқаруды орталықты ұйымдастыруды және су тазартудың жаңа технологиясына көшудi;
- шағын қабатты үйлер құрылысы аудандарында, жаңа қала құрылысы аудандарында сумен жабдықтаудың жаңа құрылысын салуды игеру, магистралдық желiлердi сумен жабдықтаудың бар жүйесiмен байланыстыра отырып, тұрақты ұйымдастыруды көздейдi.
Кәрiздер
Бас жоспарда кәрiз жүйесiн дамыту бөлiгiнде:
- қазiргi бар кәрiз жүйесiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн (толық) жасанды биологиялық тазарту құрылғыларын кеңейту есебiнен жалпы қуатын тәулiгiне 197 мың м 3 -ден 275 мың м 3 - ге дейiн жеткiзе отырып арттыру;
- кәрiз желiсiн дамыту, жаңа магистральдық коллекторлар салу, ескiрген желiлер орнына жаңаларын қайта құру, су айдайтын жаңа сорғы стансаларын, қысыммен су айдайтын жаңа үш сорғы стансаларын қаланың солтүстiк-батыс бөлiгiнде және қала шекарасына кiретiн Карл Маркс және Қызылжар селолары аумағы арқылы перспективада салу;
- жол беруге болмайтын зиянды заттар шоғырланымының қалалық кәрiзге тасталуын болдырмау мақсатында технологиялық процестердi жетiлдiру есебiнен сарқынды суларды тазартудың технологиясы мен сапасын жақсарту көзделедi.
Жылумен жабдықтау
Жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерiнiң жалпы қуаты есептiк мерзiмге 545 Гкал/сағаттан (бастапқы жылы) 1920 Гкал/сағатқа дейiн көзделген. Шымкент қаласы жылумен жабдықтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттары Бас жоспарда мыналар:
- орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесiн ең бiр жетiлдiрiлген энергия үнемдейтiн және экологиялық жағынан тиiмдi технология ретiнде жылу беру базасында сақтау жетiлдiру және одан әрi дамыту;
- шағын қабатты тұрғын үй қоры аудандарында зауытта дайындалған қазiргi жоғары сапалы автономды жылу жабдықтарын енгiзу есебiнен жылумен жабдықтау жүйесiн орталықтандырудан алуды жетiлдiру, қайта жаңғырту және дамыту болып табылады.
Жылу беру жүйесiнде:
- қаланың орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың негiзгi көзiн 1-3 екi энергетикалық қазандықтармен және екi тұрба агрегаттарымен табиғи газды негiзгi отын ретiнде сақтай отырып кеңейту;
- қазiргi бар РК-1, РК-2 және РК-3 аудандық қазандықтарды ЖЭС-3-пен бiрлескен жұмыстың жоғары режимiне ауыстыра отырып консервациядан алу мен оңалту;
- ЖЭС-2 жабдықтарын жапсарлас жатқан өнеркәсiп кәсiпорындарының бумен жабдықтау үшiн екi қазандығын сақтай отырып жұмыстан шығару;
- қаланың солтүстiк бөлiгiндегi жаңа көп қабатты үйлердi құрылысын жылумен қамтамасыз ету үшiн РК-4 су жылыту жаңа қазандығын салу;
- жылу беру аймағында қалыптасқан жылу магистралдерiнiң жаңа жылу желiлерiн салу, қайта құру және күшейту көзделедi.
Электрмен жабдықтау
Қалалық электрмен жабдықтауды дамыту жүйесiндегi негiзгi бағыттары:
- кернеуi 220 кB iшкi жүйе құрайтын және одан жоғары желiлердi дамыту; 220/110 кВ жаңа қосалқы стансалар салу; оны электрмен жабдықтаудың берiктiгiн арттыру үшiн қала маңында 220 кВ шеңбер сақина салуды жалғастыру;
- қазiргi бар құрылыс аймағында физикалық және моралдық жағынан ескiрген электр желiлерi объектiлерiн қайта құру және техникалық жарақтандыру;
- 35 кВ қосалқы стансаны 110 кB кернеуге ауыстыру;
- перспективалық құрылыста аудандарды электрмен жабдықтау үшiн 110/10 кВ жабық типтегi жаңа қосалқы стансалар салу;
- электр берiлiсiнiң кернеуi 35 және 110 кВ болатын жоғары вольттi желiлердiң өту трассасын реттеу;
- қаланың қазiргi бар барлық бөлу желiлерiн 10 кB кернеуге ауыстыруды аяқтау көзделедi.
Газбен жабдықтау
Бас жоспарды тұтынушылардың барлық санаттарын толық көлемде табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi.
Газ кен орындары жақындығын, қазiргi жақсы дамыған магистралды жүйенiң, сонымен катар қалалық газ құбырлары мен құрылыстарының бар екендiгiн ескере отырып, жобаланатын бүкiл кезеңге барлық жылу беретiн отынның негiзгi түрi ретiнде табиғи газды пайдалану ұсынылады.
Газдың 2015 жылғы кезеңге шығыны 1155,0 млн.м 3 болып белгiленген.
Телекоммуникация және байланыс
Бас жобада есептiк шамаға дейiнгi қалалық абонент сыйымдылығын телекоммуникациялық желiсiн цифрлау базасында көтерме талшықты технологияға көше отырып одан әрi өрiстету көзделедi.
Жаңа қала құрылысын игеру аудандары бағытында телефонның кабельдiк арналарын салу және жұмыс iстейтiн әуе желiлерi байланысын кабельдiк арнаға кезең-кезеңiмен салу белгiленедi.
Есептiк мерзiмге жұмыс iстеп тұрған 25 ATC-тi кеңейту және 14 жаңа электрондық АТС-тi салу белгiлендi.
Аумақтарды құқықтық аймақтандыру
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бас жоспардың жобалық шешiмдерi негiзiнде Шымкент қаласының аумағын аумақтарға құқықтық аймақтау - қалалық бас жоспарды iске асыру тетiгi, қолайлы өмiр сүру ортасын құру жөнiндегi жергiлiктi қоғамдастықтың экономикалық және қала құрылысын дамыту жоспары орындалды. Құқықтық аймақтау негiзiнде "Жер пайдалану мен құрылыс салу" ережелерi әзiрлендi .
Шымкент қаласының Бас жоспарының
техника-экономикалық көрсеткiштері
__________________________________________________________________
Көрсеткіш | Өлшеу | Жыл нәтижесі | Бiрiншi | Есеп
| мөлшерi |(01.01.2001ж.)| кезегі | мерзiмi
| | | (2005ж.)| (2015ж.)
__________________________________________________________________
1. Аумақ
А. Селитебтік аумақ
__________________________________________________________________
1. Мөлтек аудандар, га 4355,0 5063,0 6085,7
оралымдар
2. Кәсiпорындар мен гa 530,0 753,6 2158,3
мекемелердiң учаске.
лерi (мөл.аудандық
мекемелерден басқа)
3. Жалпы пайдалану. га 117,0 267,0 960,0
дағы көгалдандырыл.
ған аумақтар (мөл.
аудандық көгалдардан
басқа)
4. Көшелер га 1111,0 1349,0 2361,0
5. Зираттар га 90,0 90,0 90,0
6. Арнайы аумақтар 40,0 40,0 40,0
7. Басқа да аумақтар га 351,0 351,0 103,0
(өндiрiстiк кәсі.
порын., коммуналды-
қоймалық объектілер,
пайдаланбайтын
ыңғайсыз т.б)
__________________________________________________________________
Сонымен А бойынша га 6594,0 7914,2 11798,0
Б. Селитебтік емес
аумақтар
__________________________________________________________________
8. Өндiрiс, га 2518,0 2518,0 3229,0
транспорт, байланыс,
қорғаныс, т.б.
ауыл шаруаш.
саласына қатысты
емес жерлер,
оның ішiнде:
- өнеркәсіп га 919,0 919,0 950,0
- транспорт гa 380,0 400,0 485,0
- темiржол га 201,0 201,0 231,0
- байланыс гa 25,0 25,0 30,0
- санитарлық-қорғау га - - 1165,0
аймағы
- техникалық га 170,0 190,0 250,0
құрылымдар
- тағы басқа га 823,0 783,0 118,0
9. Табиғи аумақтар. га 191,0 191,0 191,0
дың ерекше қорғау.
дағы жерлер (ұлттық,
дендро және
хайуанаттар бақтары)
10. Орман қорларының гa 114,0 114,0 114,0
жерлерi
11. Су қорларының га 421,0 421,0 601,0
жерлерi
12. Қала айналасын. га - - 412,0
дағы санитарлық-қор.
ғау орман алқаптары
__________________________________________________________________
Сонымен Б бойынша га 3244,0 3244,0 4547,0
__________________________________________________________________
В. Қала шегiндегi га 3192,0 1871,8 -
бос аумақтар
__________________________________________________________________
Сонымен А+Б+В га 13030,0 13030,0 16345,0
бойынша
(қала шегіндегі
аумақтар)
__________________________________________________________________
Оның ішiнде қалаға га - - 1519,0
қосылатын Сайрам
аудандық аумақтары
Басқа аумақтар га 22127,0 22127,0 18812,0
Барлығы гa 35157,0 35157,0 36676,0
__________________________________________________________________
2. Халық
2.1. Қала халқының Мың адам 418,5 500,0 600,0
саны
2.2. Халық тығыздығы:
2.2.1. селiтебтi Ад/га 65,8 63,2 50,9
аумақ iшiнде
2.2.2. қалада Ад/га 32,1 38,4 36,7
құрылыс салу
аумағының негiзiнде
2.3. Халықтық жас
шамасының құрылымы
2.3.1. 15 жасқа Мың адам 133,5 156,5 191,4
дейiнгi балаларды
қоса
2.3.2. Еңбекке Мың адам 246,9 297,0 351,6
жарамды жастағы
халық (ерлер
16-63 жастағы,
әйелдер 16-58)
2.3.3 Еңбекке Мың адам 38,1 46,5 57,0
жарамды жастан
үлкен халық
2.4. Жұмыспен Мың адам 158,8 194,5 237,6
қамтылған халық саны,
экономика саласы мен
өздiгiнен (дербес)
жұмыспен айналысатын,
барлығы
__________________________________________________________________
3. Тұрғын үй құрылысы
__________________________________________________________________
Тұрғын үй құрыл. Жалпы 8323,4 10000,0 15000,0
қоры, оның iшiнде алаңы
Тельман, Куйбышева, мың м 2
Ленин, Жайлау,
Қызылжар, Қазығұрт,
К.Маркс, Құрсай,
Қайтпас-1, Қайтпас-2
елдi мекендерiн қоса
3.2. Жалпы қордан
3.2.1. көппәтерлi Жалпы 3319,0 4418,4 8813,1
үйлерде алаңы
мың м 2
3.2.2. аулалы Жалпы 5004,4 5581,3 6186,9
үйлерде алаңы
мың м 2
3.3. 60% аса тозған Жалпы 634,8 634,8 259,8
(тұрғын үйлер қоры) алаңы
мың м 2
3.4. Сақталынған Жалпы 8323,4 8323,4 7998,4
тұрғын үйлер қоры алаңы
мың м 2
3.5. Тұрғын үйлер
қорының қабаттылық
бойынша бөлiнуi
3.5.1. аулалы Жалпы 5004,7 5581,3 6186,9
(коттедж үлгiсiнде) алаңы
мың м 2
3.5.2. екi қабатты Жалпы 192,9 192,9 155,9
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.3. үш қабатты Жалпы 98,1 98,1 58,1
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.4. төрт қабатты Жалпы 448,2 1698,2 4339,7
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.5. бес қабатты Жалпы 2506,6 2956,6 486,6
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.6. алты қабатты Жалпы 13,0 13,0 13,0
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.7. тоғыз қабатты Жалпы 37,8 37,8 37,8
құрылыс алаңы
мың м 2
3.5.8. он екi Жалпы 22,2 22,2 22,2
қабатты құрылыс алаңы
мың м 2
3.6. Тұрғын үй Жалпы - - 375,0
қорының азаюы алаңы
мың м 2
оның ішінде
3.6.1. техникалық Жалпы - - 190,5
жағдай бойынша алаңы
мың м 2
3.6.2. қайта Жалпы - - 20,0
құрылымдау бойынша алаңы
мың м 2
3.6.3. басқа себептер Жалпы - - 164,5
бойынша (санитарлық алаңы
қорғау аймағында) мың м 2
3.7. Халықтық қаланың м 2 /ад. 17,5 20,0 25,0
жалпы алаңымен
қамтылуы, Тельман,
Күйбішев, Ленин,
Жайлау, Қызылжар,
Қазығұрт, К.Маркс,
Құрсай, Қайтпас-1,
Қайтпас-2 елді
мекендерін қоса
алғанда
3.8. Жаңа тұрғын Жалпы - 1676,6 7051,6
үй құрылысы, барлығы алаңы
мың м 2
3.9. Қабаттылылық Жалпы - 576,6 1436,7
бойынша жаңа тұрғын алаңы
құрылыстың қатынасы мың м 2
3.9.1. аулалық Жалпы - 650,0 3935,0
(коттедж үлгісінде) алаңы
мың м2
3.9.2. жоғарғы Жалпы - 450,0 679,9
тығыздықтағы төрт алаңы
қабатты құрылыс салу мың м 2
3.9.3. жоғарғы
тығыздықтағы бес
қабатты құрылыс салу
__________________________________________________________________
4. Мәдени көрініс
және әлеуметтiк-
тұрмыстық саласын.
дағы мекемелер
__________________________________________________________________
4.1. Мектепке
дейiнгi балалар
мекемелері
барлығы: орын 7730 12210 33900
1000 адамға орын 18,5 24,4 56,5
4.2. Жалпы білiм
беретiн мекемелер
барлығы: орын 58184 73472 128800
1000 адамға орын 139 147 215
4.3. Емханалар
барлығы: Кезек. 6593 9693 21000
тұру
1000 адамға Кезек. 15,8 19,4 35,0
тұру
4.4. Ауруханалар
барлығы: Төсек 2770 3770 6060
орын
1000 адамға Төсек 6,6 7,5 10,1
орын
4.5. Сауда
кәсiпорындары
барлығы: Сауда 88120,0 101120,0 162000,0
орнының м 2
1000 адамға Сауда 210,0 202,0 270,0
орнының м 2
4.6. Қоғамдық
тамақтандыру
кәсіпорындары
барлығы: орын 15599 17299 24000
1000 адамға орын 37 35 40
4.7. Тұрмыстық
қызмет көрсету
кәсiпорындары
барлығы: Қызмет 2692 3112 4800
орны
1000 адамға Қызмет 6,4 6,2 8,0
орны
4.8. Мәдени-көрiнiс
мекемелерi
4.8.1. Кинотеатрлар,
мәдениет үйлері
барлығы: орын 5125 6275 21000
1000 адамға орын 12,2 12,6 35,0
4.8.2. Театрлар:
барлығы: орын 704 704 3000
1000 адамға орын 1,7 1,4 5
4.8.3. Мұражайлар
барлығы: объект 2 - -
1000 адамға
4.8.4. Кiтапханалар
барлығы: Сақтау 403,5 693,5 2760,0
мөлшерi
1000 адамға Сақтау 1,0 1,4 4,6
мөлшерi
4.9. Өрт сөндiру
депосы
барлығы: өрт сөнд. 21 36 72
көлігі
1000 адамға өрт сөнд. 0,5 0,7 1,2
көлiгі
4.10. Қонақ үйлер
барлығы: орын 1026 2026 3600
1000 адамға орын 2,5 4,0 6,0
4.11. Демалыс орын 53300 112600
мекемелерi, оның
ішінде:
4.11.1. ұзақ мерзiмдi орын - 35400 74200
демалыс
4.11.2. аралас орын - 8400 21000
демалыс
4.11.3. қысқа орын - 9500 17400
мерзiмдi демалыс
__________________________________________________________________
5. Транспорттық
қамтамасыз ету
__________________________________________________________________
5.1. Магистральдық
көшелер мен жолдардың
ұзындығы
5.1.1. жылдам жылжу км 68,0 68,0 92,0
жолдардың
5.1.2. жалпы қалалық км 85,0 101,6 155,0
магистральдың
5.1.3. аудандық км 66,0 79,0 147,0
магистральдың
5.1.4. тұрғын көшелер км 616,0 690,0 770,0
5.2. Сыртқы транспорт
5.2.1. Темiр жолы,
оның iшiнде:
жолаушылар транспорты мың
жолаушы 278,2 33,8 467,4
жүк транспорты мың тонна 1138,5 1480,0 2370,0
5.2.2. әуе транспорт,
оның iшiнде:
жолаушылар транспорты мың 21,3 28,5 100,0
жолаушы
жүк транспорты мың тонна 0,27 0,1 1,0
5.2.3. жеңіл көлiк,
оның iшiнде:
жолаушылар транспорты мың 3321 6000,0 14400,0
жолаушы
жүк транспорты мың тонна 887,3 3050,0 4050,0
__________________________________________________________________
6. Инженерлік жабдықтар
__________________________________________________________________
6.1. Сумен қамту:
6.1.1. cу тұтыну - күн/ 70,81 279,66 363,07
барлығы мың.м 3
жыл/ 29,92 91,28 119,24
млн.м 3
__________________________________________________________________
оның ішінде ас суы Күн/ 65.74 232.96 286.96
мың.м 3
Жыл/ 28.36 97.50 97.50
млн.м 3
__________________________________________________________________
олардан қала Күн/ 42.79 196.14 242.18
халқының шаруаш. мың.м 3
мұқтаждарына Жыл/ 15.62 66.64 72.95
млн.м 3
__________________________________________________________________
6.1.2. үлестік су 1 сут 1 169 559 605
тұтыну тұрғынға
оның ішiнде ауыз су 1 сут 1 102 263 304
мұқтаждығы тұрғынға
6.1.3. сумен қамту
көздері
Жер су асты сулары Тассай-Ақсу көзi, A+B-819,5 мың 3 /сут
бойынша санаттарының есебі бойынша бекітілген су
қорлары запасы А-В=346,0 мың 3 /сут.
(126,29 млн м 3 /жыл)
__________________________________________________________________
Жер бетiндегi көздер Қошқар ата өзенi (10,80т,м 3 /сут
3,51 млн,м 3 /жыл)
тоғыс су бөгені пайдалы сыйымдылығы 4.6млн.м 3
__________________________________________________________________
6.1.3. бастаған күн/мың.м 3
шарттарының жыл/млн.м 3
өндiрiстік қабілеті
__________________________________________________________________
Ішуге жарамды су
1. Тассай 1(30,00 күн/мың.м 3 - - -
10,95) жыл/млн.м 3
көлемде
2. Тассай 11 (35,00 күн/ - 26,87 35,00
11,51) мың.м 3
жыл/ - 5,37 11,51
млн.м 3
3. Көмешбұлақ (73,60 күн/ - - 45,96
26,36) мың.м 3
жыл/ 10,81
млн.м 3
4. Бac тоған N4 күн/ - - -
(5,00 мың.м 3
1,82) көлемде жыл/
млн.м 3
5. Ақбай Қарасу күн/ 65,74 206,00 206,00
(206,00 мың.м 3
75,19) жыл/ 28,36 75,19 75,19
млн.м 3
__________________________________________________________________
Техникалық санадағы су
__________________________________________________________________
Бадам Сайрам (137,00 күн/ - 41,16 70,23
50,00) мың.м 3
жыл/ 10,87 19,82
млн.м 3
Қошқарата өзенi күн/ 0.23 0.23 0.23
мың.м 3
жыл/ 0.07 0.07 0.07
млн.м 3
Тоғыс су қоймасы күн/ 4,84 5,40 5,65
(12,60 мың.м 3
4,6) жыл/ 1,49 1,76 1,84
млн.м 3
__________________________________________________________________
6.2. Канализация
__________________________________________________________________
6.2.1.ағынды сулардың күн/ 68.10 201.15 269.89
жалпы түсуi мың.м 3
жыл/ 23.27 71.01 95.44
млн.м 3
Соның iшiнде
Қаладағы тазарту күн/ 57,98 171,60 238,97
шарттарына төгілетін мың.м 3
ағындылар жыл/ 19,98 61,40 85,39
млн.м 3
6.2.2.Локалды тазарту күн/ 10.12 29.59 30.92
имараттарына мың.м 3
төгілетiн ағындар жыл/ 3.29 9.61 10.05
млн.м 3
6.2.3. Үлеспек су 1 сүт 163 428 450
тарту. Барлығы 1 тұр.
ғынға
Оның iшiнде 1 сүт 68 263 304
шаруашылық тұрмыстық 1 тұр.
ағындар ғынға
6.2.4. қаладағы күн/ 197.0 197.0 274.82
тазарту имараттарына мың.м 3
өндiрiстiк қуаты жыл/ 61.12 61.12 100.23
млн.м 3
6.2.5. жергiлiктi күн/ 34.80 29.55 30.92
тазарту имараттарына мың 3
өндiрiстiк қуаты жыл/ 12.29 9.61 10.05
млн.м 3
6.2.6. тазаланған
ағынды сулардың
қашыртқы орны
__________________________________________________________________
Қалалық канализация Мың га 2.100 5.700 7.85
- ӨҚШ аймақ
__________________________________________________________________
Өндiрiс канализациясы
__________________________________________________________________
6.3. Электр қуатымен
жабдықтау
6.3.1. Электр қуатын Млн кВт.с 499.6 1496.02 2175.44
пайдалану жиынтығы
Оның iшiнде:
Коммуналды тұрмыстық Млн кВт.с 59.9 645.85 1044.27
мұқтаждарға
Өнеркәсiптiң 74.9 703.54 793.27
өндiрiстiк
мұқтаждарына
6.3.2. Әл қуатын кВт.с 1193 2992 3226
жылына 1 адамның
пайдалану есебi
Оның ішінде:
Коммуналды тұрмыстық кВт.с 456 1292 1740
мұқтаждарға
__________________________________________________________________
6.4. Жылумен жабдықтау
__________________________________________________________________
Орталықтандырылған Гкал/с 845 1065 1920
көздерiнiң белгiлен.
ген қуаты, барлығы:
Оның iшiнде: ТЭЦ Гкал/с 645 645 1100
Аудандық қазандықтар Гкал/с - 270 670
Жергіліктi көздердiң 200 150 150
жиынтық қуаты
6.4.2. Тұтыну.
Барлығы: Гкал/с 1271 1804 2773
Оның ішінде Гкал/с 1099 1421 2165
коммуналдық
тұрмыстық мұқтаждарға
өндiрiстiк Гкал/с 172 383 608
мұқтаждарға
__________________________________________________________________
6.5. Газбен жабдықтау
__________________________________________________________________
6.5.1. Табиғи газда Млн.м 3 104.4 765.4 1155.0
тұтыну. Барлығы: /жыл
Оның iшiнде Млн.м 3 20.2 21.7 357.0
коммуналдық /жыл
тұрмыстық мұқтаждарға
өндiрiстiк Млн.м 3 / 55.5 443.7 798.0
мұқтаждарға жыл
6.5.2.Газ конденсатын т/жыл - 200 400
сұйытылған газды
өндiрiс мұқтаждарына
пайдалану
6.5.3. Табиғи газдың Магистралды газ құбыры (БПР
көздерi Ташкент-Шымкент-Алматы)
__________________________________________________________________
6.6. Телефондандыру
__________________________________________________________________
6.6.1. Орнатылған Саны 78100 118700 190200
телефон апараттарының
саны
__________________________________________________________________
7. Аумақтардың
инженерлік дайындығы
__________________________________________________________________
7.1. Жүйелердің
ұзындығы
өздігінен ағынды Шаршы - 1.25 45.0
жабық жауын
коллекторлары
арынды жауын шаршы - - 9.4
коллекторлары
Арынды су құбыры шаршы 9.7 10.0 12.0
желiсi
Көлденең өздігінен шаршы - - 22.0
ағатын кәрiздеу
коллекторлары
Арық жүйелер шаршы 143.45 45.0 264.0
Магистральды шаршы 68.34 7034 109.00
суармалау каналдары
Оның iшiнде:
темiр бетон шаршы 22.4 5.0 41.0
қаптамалары
Жар арнасында шаршы 45.94 42.94 40.6
Ағын су арналарын шаршы 18.3 18.3 18.3
көркейту
Барлығы:
Оның ішiнде:
Қапталған арна шаршы 1.5 1.5 8.1
Жер арнасы шаршы 16.8 16.8 10.2
7.3. Бадам өзенi
жағасының бекiнiсi
Құлама бекітпе шаршы 2.0 - 3.0
Шпунт қабырғасы Шаршы - - 5.0
Үйме жалдаудың Шаршы - - 8.0
бөгетшесi
7.4. Тiк қысым Саны 22 18 40
бұрылғылары
__________________________________________________________________
РҚАО-ның ескертуі. Шымкент қалалық "Бас жоспарының" жобасын қағаз мәтінінен қараңыз.