Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1147 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Маңғыстау облысы Ақтау қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттары мақұлдаған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
      2. «Ақтау қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 128 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1147 қаулысымен   
бекітілген      

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бас жоспары

      Ақтау қаласының бас жоспары әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiктік және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескерте отырып, қала аумағын дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердiң қауiптi (зиянды) әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi іс-шараларды анықтайды.

Бас жоспар жобасында мынадай жобалық кезеңдер қамтылған:
дамытудың бірінші кезеңі    2015 жыл
есептік мерзім              2035 жыл

Қалалық жерлер және оларды пайдалану

      Жоспарлау тұрғысынан Ақтау қаласы нақты функционалдық аймақтарға жіктеледі – қоныстық және өнеркәсіптік-өндірістік. Қаланың солтүстігіне қарай 20 км қашықтықта Ақтау халықаралық әуежайы және оңтүстік бөлігінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты орналасқан. Теміржол вокзалы Маңғыстау станциясының қалалық құрылысының батысына қарай орналасады.
      Оңтүстік жақтан, Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қорығының Каспий теңізі жағалауының бойында созылып жатқан Қаракөл көлінің күзетілетін аумағы қала шегіне қосылған.

Қаланың қала құрылыстық дамуының әлеуметтік-экономикалық
алғышарттары

      Өнеркәсіп қала экономикасындағы негізгі сала болып табылады. Бас жоспарда Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік өндірісті айтарлықтай өсіру көзделген. Даму өнеркәсіптің барлық салаларына қатысты, олардың ішінде химия және мұнай-химия салалары басым болып табылады, олар өз кезегінде құрылыс материалдары өндірісінің, тоқыма және тігін өнеркәсібінің дамуына жағдай жасайтын болады. «Арнайы экономикалық аймақтың» өнеркәсіптің, көліктің, инновациялық технологиялардың дамуы үшін маңызы зор.
      Құрылыс қазіргі уақытта облыста құрылыс кешені белсенді дамуда. Перспективада бұл сала қаланың экономикалық дамуындағы маңызды салалардың біріне айналуға тиіс, себебі болжанып отырған ауқымды өндірістік және тұрғын-үй, азаматтық құрылыс құрылыс материалдары өнеркәсібінің, металды қайта өңдеу және жиһаз өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.
      Бірінші кезектің соңына қарай құрылыс кешенінде жұмыспен қамтылғандар саны 12,0 мың адамды құрайды, есепті мерзімде – 16,0 мың адам болмақ.
      Сауда, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің қарқынды дамуы ең алдымен облыс экономикасындағы инвестициялық белсенділіктің өсуіне, сондай-ақ халық табысының артуына байланысты.
      Бас жоспарда қалада Каспий теңізінің жағалау қайраңында маңызды күкіртті сутегі шикізатын өндірудің ғылыми-басқару орталығын қалыптастыру, халықаралық маңызы бар аса ірі логистикалық кешенді (Қазақстанның «Батыс қақпасы»), іскерлік қарым-қатынас орталығы мен туризм индустриясын және демалыс орталығын құру көзделген.
      Осыған байланысты Қазақстан тұрғындарының, сонымен қатар шетел мамандары мен туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қонақ үйлер, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындары айтарлықтай дамытылатын болады.
      Тұтастай алғанда, салада бірінші кезегінің соңына қарай жұмыс орындарының санын 2 есе арттырып, 5,0 мың орынға дейін жеткізу жоспарланып отыр, есептік мерзім соңына дейін жұмыс орындарының санын 11,5 мыңға дейін арттыру көзделген.

Көлік және байланыс

      Бас жоспарда тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі қажеттіліктеріне қызмет көрсетуге, сондай-ақ қаланың «Солтүстік-Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көліктік дәліздерінің жүйесіне қаланың тиімді қосылуына бағытталған, дамыған мультимодальдық қалалық көлік жүйесін қалыптастыру көзделген.
      Автомобиль көлігі. Соңғы жылдары қалада автомобилизацияның айтарлықтай артуы байқалып отыр. Болашақта жүк ағынының жаңа өндіріс нысандары мен тұрғын үйлік алаптар құрылысын белсендету, мұнай-газ саласын жандандыру есебінен артуы күтіліп отыр, бұл мұнайшылар үшін ірі пішінді емес жүктерді тасымалдауға, Ақтау теңіз порты үшін контейнерлік тасымалдауға, өндірілетін құрылыс материалдарын тасымалдауға қатысты тапсырыстың артуына ықпал етеді. Халықаралық дәрежедегі тасымалдаулар көлемі шамалы болып қалады.
      Темір жол көлігі. Маңғыстау станциясындағы «Атырау жүк тасымалдау бөлімі» филиалдарымен және Маңғыстау локомотивтік депосымен, электр жабдықтау дистанциясымен, Маңғыстау су-жылу жабдықтау және санитарлық-техникалық құрылғылар дистанциясымен ұсынылған. Бұл жерде 450 жолаушыға есептелген үшінші сыныпты вокзал ретінде қаралып отыр.
      Мұнайды темір жолдар арқылы тасымалдаудың жоспарлы ұлғаюын, сондай-ақ облыстың халықаралық көлік-логистикалық жүйесінің дамуы мен қазақстан-түрікмен темір жол торабына қосылуын ескере отырып, бас жоспарда Маңғыстау темір жол станциясының әрі қарай дамуы және «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ дербес бөлімі бар аймақтық маңызы бар ірі темір жол торабын қалыптастыру көзделген.
      Жұмыс істеп тұрған Маңғыстау станциясының ауданында аумақтың жеткіліксіздігіне байланысты, бас жоспарда болашақтағы темір жол станция инфрақұрылымның дамуы үшін Баянды ауылы ауданындағы аумақтың алынуы қарастырылған. Мұнда қызмет көрсетудің толық кешендері - қонақ үйлер және мейрамханалар, сауда орындары, кеңселер және т.б. жолаушылар терминалы бар жаңа темір жол торабын салу ұсынылып отыр.
      Теңіз көлігі. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұсынылған. Аумақтық тұрғыдан алғанда порт солтүстік және оңтүстік бағыттарда кеңеюде. Теңіз порты арқылы шетелдерге Қазақстанның астығы мен мұнайын және металын экспорттау жүзеге асырылады. Теңіз портын одан әрі қарай кеңейту көзделмеген.
      Әуе көлігі. «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ мен «Қазаэронавигация» РМК «Әуе қозғалысын ұйымдастыру бөлімі» филиалымен ұсынылған. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 13400 ш.м., сағатына 450 жолаушыны өткізетін жаңа жолаушылар терминалы салынған. Ұшыру – қондыру алаңы, жүктер мен жолаушы тасымалының қазіргі заманауи ең үлкен әуе кемесін қабылдау үшін кеңейтілді.
      Көлік инфрақұрылымының барлық түрлерінде жұмыс істеушілердің саны шамамен бірінші кезегінің соңына қарай 11,9 мың адамды, ал есептік мерзімге қарай 16,5 мың адамды құрайды.
      Байланыс. Қаладағы телекоммуникациялық қызметтерді «Мұнайтелеком» ЖШС, «SKY SILK» АҚ, «Қазақтелеком» ААҚ көрсетеді, қызметкерлердің жалпы саны 868 адам.
      Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» ААҚ Ұлттық ақпараттық супермагистралының жобасы щеңберінде «Атырау-Ақтау» талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысын жүзеге асыруда.
      Баку және Ақтау қалаларының арасында Каспий теңізінің түбімен, Орта Азиялық аймақ пен Әзірбайжан, Түркия және Еуропа елдері арасында талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысының жобасын жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар ұялы байланысты, жаңа технологияларды қолдана отырып, спутниктік және кабельдік телеарналарды дамыту белсенділігі көзделіп отыр.
      Қазіргі уақытта осы салада 9,9 мың адам жұмыс істесе, бірінші кезеңде – 13,4 мың адам, есептік мерзім соңында – 18,5 мың адам жұмыс істейтін болады.

Халық және еңбек нарығы

      2011 жылғы 1 қаңтардағы Маңғыстау облысының статистика департаментінің мәліметтері бойынша Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 154,4 мың адам тұрды.
      Әлеуметтік-экономикалық қызмет салаларының дамуын, халықтың ерекшеліктік құрамын және еңбек нарығының болжамдық индикаторларын есепке ала отырып, болашақтағы тұрғындар саны анықталды. Ол:
      бірінші кезеңнің соңына –– 220 мың адамды;
      есептік мерзімде – 320 мың адамды құрайды.

Тұрғын үй қоры

      Маңғыстау облысының статистика департаментінің мәліметтері бойынша Ақтау қаласында тұрғын үй қоры 2889,4 мың шаршы метрді құрады.
      Тұрғын үй құрылысына қатысты қажеттілік Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үймен қамтамасыз етудің орташа нормасын есепке ала отырып, 1 адамға бастапқы кезектегі кезеңіне - 23м2, есептік мерзімге - 30 м2 құрайды.
      Бас жоспарда анықталған жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі, Ақтау бойынша жалпы алаңы 6770,8 мың шаршы метр, оның ішінде қоныстық учаскелерді қоса алғанда – 844,2 мың шаршы метрді құрайтын болады.

Аумақты жобалық сәулеттік-жоспарлық ұйымдастыру

      Ақтау қаласы 2035 жылға дейінгі кезеңде Каспий теңізінің жағалаулық белдеуі мен Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік магистралы арасында солтүстік-батыс бағытында аумақ жағынан дамиды. Ақтау қаласының болашақтағы жоспар құрылымының негізі көліктік қолдауы және Каспий теңізінің жағалаулық белдеуі болып табылады. Жобада көлденең және қатар магистралды көшелері бар қаланың тұрақты жоспарлық құрылымы айқындалған. Қатар көшелер қолданыстағы магистралдық көшелердің жалғасы болып табылады және теңіздің жағалаулық белдеуімен қатар өтеді. Қатар магистралдарға перпендикуляр болып көлденең көшелер өтеді, олар құрылысты жағалаулық аймақпен жалғастырады.
      Қаланың екі ірі функционалдық – қоныстық және өнеркәсіптік бөлікке бөлінуі сақталады.
      Жобада арнайы экономикалық аймақты пайдалану мүмкіндігін қолдану есебінен өнеркәсіптік аймақтарды арттыру көзделеді. «Ақтау теңіз порты» МЭА қызметінің басты мақсаты өндіріске жаңа технологияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда ірі аумақты металл құрылымдарын дайындау бойынша бірнеше кәсіпорындарды, мұнай-газ саласы үшін жабдықтар дайындайтын зауытты, химия өнеркәсібінің кәсіпорындарын, кеме құрылысы зауыттарын орналастыруға болады.
     «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бас жоспардың жобасында қаланы құрылыстық аймақтандыру қарастырылған, онда қаланың барлық аумағы төмендегідей функционалдық аймақтарға бөлінеді:
      тұрғын аймағы;
      қоғамдық-іскерлік аймағы;
      рекреациялық аймағы;
      инженерлік және көлік инфрақұрылымының аймағы;
      арнайы мақсатты аймақ;
      өнеркәсіптік аймақ;
      режимдік аумақтар аймағы;
      санитарлық-қорғау аймағы;
      резервтік аймақ.
      Әрбір функционалдық аймақ бойынша аумақты пайдалануды шектеу мен регламенті белгіленген.
      2035 жылға дейінгі аумақты дамыту жерді басымдықпен иеліктен айыру және сатып алу аймақтары ретінде айқындалды және бас жоспармен белгіленген функционалды пайдалану бойынша пайдалануға жатады.
      Қаланың қоныстану аумағы үш тұрғын ауданға бөлінеді, жекелеген аудандарға өнеркәсіптік аймақтар жатқызылған.
      Қала орталығының сәулеттік-кеңістік үйлесімі оның құрылымдық қаңқасымен тығыз байланысты. Негізгі үйлесімнің ортасы орталық көше болып табылады, ол қалалық әкімдік алдындағы алаң мен «Ынтымақ» алаңын (Бірінші Президент даңғылы) байланыстыра отырып, жаңа қала аумағына ұласады. Қоғамдық қызмет көрсету орталықтары жаңа аумақтарда дамиды, аумақтар жүйелі реттеледі және қоғамдық тарту орталықтары кеңейтіледі. Бас магистральдардың қиылысында орналасқан бірінші деңгейлі жалпы қалалық орталықтан басқа, қызмет көрсету радиуысы 800м-1500м болатын тұрғын аудандарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін арналған екінші деңгейлі орталықтар бой көтереді. Бұл орталықтар көп функционалды, сауда-тұрмыстық, әкімшілік-іскерлік, спорт орталықтар, емдеу, сауық обектілері мен білім мекемелері негізінде қалыптастырылады. Күнделікті қызмет көрсету кәсіпорындары жаяу жүргінші жете алатындай, алғашқы қызмет көрсету орталықтары ретінде халыққа жақын орналасқан және қызмет көрсету радиусы 400 м болып болады.

Көгалдандыру

      Қазіргі уақытта жалпы қолданыстағы жасыл желектердің алаңы 57,2 га құрайды. Бір тұрғынға шаққанда жалпы қолданыстағы желектердің шамамен 2,7 кв.м. келетінін көрсетеді, ал бұл қала қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етпейді.
      Бас жоспарда бүкіл қала бойынша көгалдандырылған аумақтардың, гүл бақтарының, саябақтардың және бульварлардың кең желісі көзделген. Бас жоспар жобасымен есептік мерзімге дейін жалпы қолданыстағы жасыл желектердің алаңын 642 га дейін, яғни бір тұрғынга 15 м2-қа дейін жеткізу жоспарланған (Мұнайлы ауданын есепке ала отырып). Жоба бойынша солтүстік-шығыстан, шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан жел тұсынан ені 100 м болатын желден қорғайтын белдеу көзделген. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтарын көгалдандыру көзделген. Қала аумағындағы барлық жасыл желектер көгалдандырудың бірыңғай жүйесімен үйлестірілген.
      Ақтау қаласының жасыл желектерін суару ауыз сумен және техникалық сумен 100 мм-ден 32 мм-ге дейінгі суару желілерінің жүйесі бойынша жүргізіледі. Суару желілері жоқ болған жағдайда, суару шлангілері жалғанған суаратын машиналарымен жүргізіледі.

Көлікті ұйымдастыру және көше-жол желісі

      Бас жоспар бойынша қаланың қолданыстағы бөліктерімен және өндірістік аймақпен болашақ құрылыс аудандарын байланыстыратын қалаішілік жолаушы көліктерінің жаңа бағдарлары ұсынылады. Олар көліктің жаңа желілері қолданыстағылардың жалғасы болатындай етіп салынған. Қаланың барлық аудандарын өзара байланыстыратын және жолаушылардың орталықтан және өндірістік аймақтан тез әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік туғызатын көліктің жылдам түрінің жеңіл рельстік көлік (монорельс) пайда болуы да жорамалданады. Көліктің жылдам түрінің желісі қаланың ішкі айналмасымен салынатын болады, ал бұл қала тұрғындары үшін ыңғайлы.
      Есептік мерізімге дейін бас жоспармен жаңа автовокзал салу ұсынылады. Автовокзал аумағы қазіргі «Ақтау- Форт- Шевченко» трассасының бойынан бөлінеді.
      Көше-жол желісінің қабылданған схемасы қаланың әртүрлі аудандарының өзара қолайлы көлік және жаяу жүргінші байланысының мүмкіндігін көздейді, сондай-ақ сыртқы автожолдарға шығуды қамтамасыз етеді. Қаланың магистральды көше-жол желісінің тығыздығы есептік мерзімге дейін 1.9 км/км2 құрайды. Автомобилизация деңгей бірінші кезеңде құрылыстағы 1 мың адамға 400 а/машина, ал есептік мерзімге дейін – 1 мың адамға 500 а/машина қабылданды.
      Жеке иеліктегі жеңіл автомобильдер паркі санының көбеюіне байланысты, жобада келешекте құрылыс салынатын аудандарда автомобильге жанармай станциялары мен техникалық қызмет көрсету станцияларын қосымша салу ұсынылған. ҚНжЕ нормалары бойынша (200 жеңіл автокөлікке бір пост) жеңіл автокөліктердің есептік саны үшін 1050 техникалық қызмет көрсету бекеттері талап етіледі.
      Ақтау қаласының одан әрі аумақтық дамуын есепке ала отырып, бас жоспарда есептік мерзімге 6 өрт сөндіру депосын (148 дана өрт сөндіру автокөліктеріне) Ақтау қаласының аумағына орналастыру көзделген. Сонымен бірге, ҚР 3.01-01-2002 ҚНжЕ талаптарына (3 км) сәйкес олардың әрекет ету радиустары ескерілген.

Сумен жабдықтау

      Ақтау қаласында сумен жабдықтаудың үш бөлек жүйелері қызмет етеді: ауыз су, біріккен техникалық және өртке қарсы және ыстық сумен жабдықтау. Жылу және электр энергиясын, сондай-ақ судың барлық түрін өндірумен «МАЭК-Казатомпром» ЖШС айналысады.
      Ақтау қаласы бойынша суды тұтыну көлемі есептік мерзімге тәулігіне 130064 м3 құрайды. Жобаланып отырған Ақтау-Сити-1 ауданында қуаттылығы тәулігіне 40 мың м3 болатын қосалқы тұщыту зауытының құрылысы арқылы жетіспеушіліктердің орнын толтыру жоспарлануда.
      Есептік мерзімге тағы да қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 болатын қосалқы тұшыту зауытының құрылысы көзделген. Ауылдық елді мекен пунктерінде ауыз суды тазартатын заманауи модульді қондырғылар көмегімен сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
      Жобада жалпы ұзындығы 44 км су құбыры желілерінің көне учаскелерін қайта жаңғырту көзделген. Қаланың дамуына байланысты бірінші кезекте ұзындығы 60 км және есептік мерізімге – 150 км болатын жаңа магистральді және тарату су құбыры желілерінің құрылысы жоспарлануда.
      Қолданыстағы ЖЭО-1, ЖЭО-2 және «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның тұщыту зауытының су жағасындағы су қабылдағыштарының әзірленген және сол кәсіпорындар құрамында бақыланатын санитарлық қорғау аймақтары бар.
      ЦУВС-1, ЦУВС-2,3,4,5 және 6 алаңдарындағы су құбыры құрылыстары санитарлық қорғау аймақтарымен қамтамасыз етіледі. Су құбыры құрылыстары аймақтарының бірінші белдігінің шекарасы құрылыс алаңының қоршауымен дәл келуі тиіс және су қоймаларының қабырғаларынан, сүзгілерден, беттері ашық байланыс мөлдірлеткіштерден кемінде 30 м қашықтықта болуы көзделеді.

Су бұру жүйесі

      Ақтау қаласында орталықтандырылған суды бұру жүйесі жұмыс істейді. Қаланың тұтынушыларынан шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суды қабылдаумен және оларды тазалаумен «Жылу, су құбыры желілері мен суды бұру жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны («ЖСЖмС» МКК) айналысады. КТИ-1-дің өнімділігі тәулігіне 35000 м3 құрайды. 2008 жылғы «ЖСЖмС» МКК-нің есептік деректері бойынша сарқынды судың тәуліктік көлемі 25000 м3 құрады.
      Кәріздің қолданыстағы толық емес бөлек схемасы келешекте сақталынады, оның барысында тұрғындардан және өнеркәсіптік кәсіпорындардан келген сарқынды сулар бірыңғай жүйемен тазарту құрылыстарына бұрылады. Сарқынды суды механикалық және жасанды биологиялық тазартудың КТИ-1 тазарту құрылыстары құрылыстың 1-ші кезегінде сақталады.
      КТИ-2 кәріздік сарқынды суды механикалық және толық биологиялық тазарту, келешекте құрылыстарды толығымен аяқтау жоспарлануда. КТИ-2 құрылыстарын қайта жаңғырту жобасына сәйкес құрылыстың қуаттылығын келешекте тәулігіне 70 мың м3 дейін жеткізу есептелінген. Кәріздік сарқынды судың тәулігіне 107,43 мың м3 болатын жалпы мөлшерінен тікелей Ақтау қаласы бойынша сарқынды су тәулігіне 86,43 мың м3 құрайды.
      Ақтау қаласы бойынша кәріздік сарқынды су есептік мерзімге КТИ-2 тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігінен тәулігіне 16,43 мың м3 артық, бұл – келешекте тәулігіне 86,43 мың м3 дейін КТИ-2 құрылыстарының өнімділік қуатының өсу есебінен жобаға қосымша түзетулер енгізу қажеттілігін туғызады. КТИ-2 алаңының көлемі ҚР 3.01-01-2002 ҚНжЕ сәйкес 44 га құрайды.
      КТИ-2 алаңынан шыққан тәулігіне 61,43 м3 көлеміндегі қалған тазартылған сарқынды су өңделген қазба қалдықтар қоймасының сұйық фазасының айнасын сақтау үшін Қошқар ата өңделген қазба қалдықтар қоймасына бұрылады.
      Жобада кәріздердің және құрылыстардың қолданыстағы желілерін қайта жаңғырту, ішінара алмастыру, сондай-ақ қаланың аумақтық дамуына байланысты жаңа кәріздік желі мен құрылыстар салу көзделген. Диаметрі 200-1000 мм болатын өзінен-өзі ағатын және арынды коллекторларды құрылыстың бірінші кезеңінде 40 км, ал есептік мерізімге дейін 120 км салу жоспарлануда.

Жылумен жабдықтау

      Ақтау қаласын жылумен жабдықтаудың қолданыстағы схемасы екі негізгі бағытта ұсынылған:
      «МАЭК – Казатомпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу электр станциясынан (тұрғын үй-коммуналдық секторының жалпы жылу жүктемесінің 87 %) алынған жылыту негізіндегі орталықтандырылған жылумен жабдықтау (электр және жылу энергиясының аралас өндірісі);
      жылумен жабдықтаудың жеке көздерінен алынған орталықтандандырылмаған жылумен қамту (ТКС-ның жалпы жылу жүктемесінің 13%).
      МАЭК электр станциясы үшін отынның негізгі түрі ретінде «Тенгизшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Толқыннефтегаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Құлсарыгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақ ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ХазарМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеткізетін табиғи газ қолданылады.
      Жобада қаланың барлық тұрғын-үй (усадьбадан басқа) және қоғамдық құрылыстарын орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзделген. Ақтау қаласының орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің одан әрі дамуы жұмыс істеп тұрған ЖЭО-1, ЖЭО-2, МАЭК және жылумен жабдықтаудың жаңа көздері негізінде қарастырылады.
      Усадьба құрылыстарының аудандарында экологиялық таза табиғи газ немесе жоғарғы сапалы сұйық отын (қосалқы ретінде) арқылы жұмыс жасайтын, зауытта жасалған заманауи, жоғарғы тиімділігі бар дербес жүйелерді орнатудың арқасында тұтынушылардың орталықтандандырылмаған жылумен жабдықтау көзделген.
      Келешекте жылу желілері жүйелерінің дамуы жұмыс істеп тұрған жылу магистралдарының техникалык жай-күйін ескере отырып, қаланың аудандары бойынша жылу жүктемелерін көбейту анықталады.
      Ақтау-Ситиге және Басқұдық ауданына арналған жылумен жабдықтаудың жаңа көзінің, салынуына байланысты, сондай-ақ жаңа магистралды және тарату жылу желілерінің салу қажеттілігі туындайды. Ақтау-Ситиге арналған жаңа көздерінің жылу құбырларын айналма схемасы бойынша орындау ұсынылады. Тарату жылу желілері тұйық түрінде орындалады.
      Жылумен жабдықтау көздерінен тарайтын жаңа магистралды және тарату жылу желілерінің жалпы ұзындығы 25 км құрайды.

Электрмен жабдықтау

      Қазіргі таңда елді мекендермен және өнеркәсіптік аймақтармен іргелес жатқан, Ақтау қаласын орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың негізгі көздері Маңғышлақ атом энергия комбинатының («МАЭК-Казатомпром» ЖШС) электр станциялары: жалпы орнатылған қуаттылығы 1342 МВт болатын (бар қуаттылығы 892 МВт) ЖЭО-1, 2 және ЖЭС болып табылады. ЖЭО-2 110 кВ ӘЖ (әуе желісі) арқылы ЖЭО-1-мен және ЖЭС-мен байланысады. Өнеркәсіптік аймақтың ортасында ЖЭО-2-мен және ТЭС-мен 110 кВ ӘЖ (әуе желісі) арқылы байланысқан 110 кВ ОТП (орталық тарату пункті) орналасқан.
      Қала тұтынушыларын сыртқы электрмен жабдықтау өзара резервтеуді қамтамасыз ететін әр түрлі көздермен жүргізіледі.
      Негізінен 110 КВ электр жеткізудің барлық қоректендіретін жоғары вольтты желілері «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің иелігінде. Электр энергиясын таратуды және электр желісінің шаруашылығын пайдалануды «Электр желілерінің Ақтау басқармасы» МКК (ЭЖАБ) және «Электрмен жабдықтау басқармасы» ЖШС (ЭЖБ), «Маңғыстауэнергия» МКК, «МРЭК» АҚ жүргізеді.
      Электр қуатын тұтынудың және электр жүктемелерінің болжамды ескере отырып, МАЭК-тің ЖЭО-1, 2 қолданыстағы электр станциялары жабдықтарының жұмыс жасауының соңғы мерзімдері және оның пайдалудан шығуы (жалпы бар қуаттылығы 520 МВ құрайды) нәтижесінде есептік мерзімге Маңғыстау облысының мардымсыз қуаттылығының жетіспеушілігі болады деп күтілуде.
      Ақтау қаласында (ЖЭО-2-ге жақын) Ақтау атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жоспарлануда. АЭС-ның құрылысы «Атом энергиясын пайдаланудағы Ресейлік-Қазақстандық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылады. «Атом станциялары» Қазақстандық-Ресейлік компаниясы (АСҚРК)» АҚ-ның тапсырысы бойынша «ҚР Маңғыстау облысында ВБЭР-300 реакторлы қондырғылары бар атом станциясы құрылысының ТЭН» орындалды, осыған сәйкес Ақтау АЭС-ының дамуы екі кезеңде қарастырылады:
      бірінші кезеңде – қуаттылығы 2х300 МВТ екі блокты енгізу;
      есептік мерзім – станцияны 1-2 энергия блоктарына кеңейту.
      ТЭН-де 1 сатыға арналған 220 кВ кернеуіне электр қуаттылығын беру схемасы қарастырылған. Келешекте 2020 жылға қарай кернеулері 500 кВ болатын желілерді дамыту жоспарлануда.
      Қаланың қолданыстағы аумағында коммуналдық-тұрмыстық жүктеменің есептік шамасы 190 МВт-қа дейін бағалануда (Ко – 127 МВт ескере отырып), осылардың орнын толтыру үшін трансформаторлық қуаттылығы 2х16 МВА болатын «Су жағасындағы» 110/10 кВ қосалқы станцияның (ҚС), трансформаторлық қуаттылығы 2х40 МВА болатын «Өзен жағасындағы» 110/10 кВ ҚС-ның құрылыстарын, трансформаторлық қуаттылығы 2х16 МВА- ді 2х25 МВА-ге ауыстыру арқылы қолданыстағы 110кВ ГПП-1Г ҚС-ын қайта жаңғырту көзделеді.
      Ақтау-Сити мен Басқұдықтың жаңа құрылыстарын сыртқы электрмен жабдықтау үшін қуаттылығы 2х250 МВА болатын «Орталық» 220/110/10 кВ ҚС-ның және трансформаторлық қуаттылығы 2х40 МВА болатын жабық түрдегі 110/10 кВ бес ҚС-ның құрылысы көзделіп отыр.
      Қаланы электрмен жабдықтау жүйелерін 110 кВ кернеуге дамыту бойынша ұсыныстар желілер салынудың қолданыстағы ұстанымдарына – 110 кВ радиалды ЭТЖ (электр тарату желілері) бойынша көздерге терең енгізу арқылы ҚС қосуға негізделген.

Газбен жабдықтау

      Қазіргі таңда қаланы газбен жабдықтау, негізінен, «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның Қазақ газ өңдеу зауытының (Қаз ГӨЗ) газымен жүргізіледі. Оған қоса, әсіресе жылыту маусымында, «Теңізшевройл» ЖШС-нің кен орындарынан және ішінара, импорттық шикізатты шығару үшін өзара есеп айырысу бойынша «Орта Азия-Орталық» магистралды газ құбырлары жүйесіндегі теңіз газын түрікмен газымен алмастыру есебінен газды жеткізу жүргізіледі.
      Қалаға газды таратуды екі қиыстырылған газ тарату станциялары (ГТС-1 және ГТС-2) арқылы магистралды газ құбырларының үш желісі бойынша «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады. ГТС қоныстанған аумақтардан 8,2 км қашықтықта өндіріс аймағының шығыс бөлігінде орналасқан.
      Осы жобамен халықты 100% табиғи газбен жабдықтау көзделеді.
      Өнеркәсіптік қажеттіліктерге (ЖЭО, коммуналдық және өнеркәсіптік қазандықтар үшін отынның негізгі түрі) арналған табиғи газдың жылдық шығындары отынды пайдаланатын қондырғылардың ПӘК-ті ескере отырып, энергиясының жылдық өнімі бойынша есептеледі. Сонымен қатар, табиғи газды зауытта жасалынған дербес заманауи қондырғылармен жабдықталған усадьба құрылыстарын жылыту үшін де отынның негізгі түрі ретінде қолдану көзделеді.

Шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау

      Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен бекітілген «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулыққа», ҚР 3.01-01-2008 ҚНжЕ «Қала және ауылдық елді мекендерді жобалау және құрылысына», ҚР 3.01-07-2007* ҚНжЕ «ҚР құрылыс салу жобаларының құрамы, әзірлеу тәртібі, онымен келісу және бекіту туралы нұсқаулыққа» сәйкес орындалған.
      Ақтау қаласының қоршаған ортаға тигізетін шаруашылық қызметтің әсерін бағалаудың нәтижесі кестеде көрсетілген.

Әлеуметтік ортаға әсері

Қызметтің түрі

Әсері

Бағасы

Түсініктемелер

1

2

3

4

1. Тұрғын үй қорының құрылысы

Бос аумақтарды игеру

Ж

Жаңа жер телімдері игерілген және құрылыс жүргізілген аумақтар тиімдірек қолданылады

2. Кәсіпорындардағы экономикалық қызмет

Қаланың тұрақты дамуы. Антропогендік әсердің өсуі

О

Халықтың әл-ауқаты жақсарады, өндірістік аймақтардың аумақтары қоныстанған аймақтардан қажетті қашықтықтағы санитарлық ажыратулармен тығыздалады. Кәсіпорындарға ең жаңа технологиялар енгізіледі.

3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік камтамасыз ету және кызмет көрсету кәсіпорындарының құрылысы, рекреациялық аймақтарды ұйымдастыру

Өмір сүру ортасына әсері

Ж

Халықтың тұрмысы мен өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ауруларды емдеу және алдын алу.

4. Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру

Өмір сүру ортасына әсері

Ж

Жағымсыз сыртқы ортадан қорғау, тұрғын үй кұрылысы аумақтарындағы микроклиматты жақсарту.

5. Көлік жүйесінің дамуы

1. Шу, атмосфера мен жердің ластануы

2. Қол жетерлік радиусының артуы

1. О және одан жоғары

2. П

Аумақтың шектеулі учаскелерінде өмір сүрудің орташа сапасының төмендеуі (ірі автомагистальдар ауданында, т/ж магистральдарының маңында, аэропорт ауданында, теңіз порты ауданында)
Өмір сүрудің тұрмыстық шарттарының, психологиялық климатының жақсаруы

6. Толығымен жасанды биологиялық тазартудың және толығымен тазартудың кәріз құрылыстарын салу (КТИ-2)

Өмір сүру ортасына әсері

Ж

Аумақтың санитарлық жағдайының жақсаруы, Каспий теңізін ағынды сулардан қорғау.

9. Жылумен-энергия жабдықтау нысандарының дамуы (атом электр станциясының, аудандық қазандықтардың құрылысы)

1. Атмосфераның, жердің ластануы

2. Қаланы көріктендіру

1. О

2. Ж

Газ тәрізді отынмен жұмыс барысында өмір сүру ортасының сапасына әсері болмашы.
Қолайлы тұрғын үй жағдайының қалыптасуына әсері, кәсіпорындарды энергия ресурстарымен қамтамасыз ету

10. ҚТҚ мен ҚӨҚ қоймаға жинау және қалдықтарын пайдаға асыруға арналған нысандардың құрылысы

Қалалық аумақтың санитарлы- эпидемиологиялық жағдайына әсер етеді

Ж

Өнеркәсіптік және қоныстанған аумақтардың санитарлы жағдайының жақсаруы.
ҚТҚ мен ҚӨҚ жаңа полигонын, қоқыстарды өңдейтін зауыттың құрылысы, өндірістегі екінші ресурстарды пайдаға асыру және қолдану

11. Экологиялық мониторинг, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

Экологиялық тепе-теңдікті сақтау

Ж

Төтенше экологиялық жағдайлардың алдын алу, табиғат жағдайын жақсарту

Табиғи ортаға әсері

Құрам бөліктері

Әсері

Бағасы

Түсініктемелер

1

2

3

4

1. Атмосфера

Атмосфералық ауаның ластануы

М

Ластайтын заттардың атмосфераға шығарылуын қысқарту бойынша іс-шаралар қарастырылуда (кәсіпорындарды жаңарту, тазарту құрылыстарын орнату, заманауи технологияларды енгізу)

2. Жерүсті сулары (Каспий теңізі)

Жер үсті суларының ластануы

М

КИТ-да ағындарды толығымен тазарту, өнеркәсіптің ағындарын тазарту бойынша іс-шаралары, суды қорғау аймағын және Каспий теңізі белдеулерін және су жинағыштарды санитарлық қорғау аумақтарын ұйымдастыру көзделген.

3. Жерасты сулары

Сулардың ластануы

О

Жерасты суларының өңделген қазба қалдықтарының қоймасы (Қошқар ата) және бар болуы мүмкін көздерін жою іс-шаралары көзделген.

4. Жер қыртыстарының топырағы

Топырақтың ластануы

О

Ең жаңа технологияларды қолдану атмосфераның, сондай-ақ топырақтың ластану деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Қоқысты өңдейтін зауыт пен ҚТҚ, ҚҚҰ жаңа полигонының құрылысы, сондай-ақ, Қошқар ата өңделген қазба қалдықтарының қоймасын қайта қалпына келтіру қала аумағының санитарлық жағдайын жақсартады.

5. Бұзылған аумақтар

Авариялы қоқыс орындары, үйінділер, кеніштер, Қошқар ата өңделген қазба қалдықтарының қоймасы

Ж

Бұзылған аумақтарды қайта қалпына келтіру шаруашылық қызметте қалпына келтірілген жерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

6. Флора мен фауна

Өмір сүру жағдайларын өзгерту

Ж

Аумақтарды көгалдандыру (орман алқаптары), табиғи кешендерді сақтау фаунаға жақсы әсер етеді.

7. Қорғалатын табиғи аумақтар

Антропогенді жүктемені ұлғайту

М

Каспий суларын, қорғалатын аумақтарды (Ботаникалық саябақ, Қаракөл қаумалы) қорғау бағдарламаларын әзірлеу және қалпына келтіру туристік демалыс бағдарларын әзірлеу осы аумақтарға түсетін антропогенді жүктемелерді азайтады.

      Ескерту:          О – маңызы бойынша орташа жағымсыз әсер
                        М – мардымсыз әсер
                        Ж – жақсы әсер

Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер

13.1-кесте

Р.с. №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Ақтау қаласы

Бастапқы жыл

Бірінші кезең

Есептелген мерзім

1

2

3

4

5

6

1.

Аумақ, барлығы

га

13075

13075

13075


оның ішінде:





1.1.

А. Қоныстану аумақтары

га

1428

2544,5

4981,5

1.1.1.

Шағын аудандар, кварталдар (шағын аудан мәніндегі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерімен қоса)

га

667,7

1278,5

2433,5


оның ішінде:






- усадьба түрдегі үйлер

га

141,4

341,4

554


2-3 қабатты бұғатталған үйлер

га

9,4

139,4

271,5


- 2-3 қабатты көп пәтерлі үйлер

га

32,9

25,2

14,7


- 4-6-қабатты көп пәтерлі үйлер

га

360,4

445,8

575,8


- 7-10 қабатты көп пәтерлі үйлер

га

98,6

197,4

473,8


- 11 қабатты және одан да жоғары қабатты көп пәтерлі үйлер

га

25

129,3

543,7

1.1.2.

Қалалық және облыстық мәндегі спорттық құрылыстардың, мәдени –тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарының аумақтары

га

275,3

414

778

1.1.3.

Ортақ қолданыстағы жасыл желектер (саябақтар, скверлер, бульварлар)

га

35

152

470

1.2.

Б. Қоныстануға болмайтын аумақтар

га

6692

7118

8093,5

1.2.1.

Өнеркәсіптік – өндірістік және коммуналды-қоймалық аумақтар

га

518

675

1027

1.2.2.

Көшелер, жолдар, өткел жолдары, темір жол жолдарына кіре-беріс жолдар

га

70

90

150

1.2.3.

Санитарлық қорғану аймақтары

га

120

160

273,5

1.2.4.

Арнайы отырғызылған жасыл желектер (ботаникалық бақ, көшеттік)

га

39

55

55

1.2.5.

Рекреациялық аумақтар

га

657

900

1450

1.2.6.

Қарақия – Қаракөл қаумалы

га

5000

5000

5000

1.2.7.

Саяжайлар, бақшалар

га

38

38

38

1.2.8.

Қайта культвациялауды талап ететін аумақтар

га

250

200

100

1.3.

Бос аумақтар

га

4955

3412,5


2.

Халық






олардың ішінде:





2.1.

Халық саны

мың адам

154,4

220,0

320,0

2.2.

Халық тығыздығы






Қоныстану аумағының шеңберінде

адам/га

108,1

86,5

64,2


- қала аумағының шеңберінде

адам/га

11,8

16,8

24,5

2.3.

Халықтық жас шамасы бойынша құрамы






- балалар (0-14 жас)

мың. адам./%

45,4

29,5

65,3

29,7

96,3

30,1


- халықтың еңбекке жарамды саны (15-62 жас аралығындағы ерлер, 15-57 жас аралығындағы әйелдер)

мың. адам./%

101,6

65,7

144,4

65,6

208,7

65,2


- еңбекке қабілетті жастан жоғары халық саны

мың. адам./%

7,4

4,8

10,3

4,7

15,0

4,7


Қорытынды:


154,4

220,0

320,0

3.

Тұрғын үй құрылысы





3.1.

Тұрғын үй қоры

мың. ш.м./%

2889,4

100

5060,0

100

9600,0

100


оның ішінде:






- усадьба түріндегі үйлер

мың. ш.м./%

60,8

2,1

203,4

4,0

356,5

3,7


- 2-3 қабатты бұғатталған үйлер

мың. ш.м./%

7,2

0,2

156,7

3,1

315,2

3,3


- 2-3 қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%

107,2

3,7

82,0

1,6

47,0

0,5


- 4-6 қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%

1908,8

66,1

2360,4

46,6

3035,4

31,6


- 7-10 қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%

611,3

21,2

1247,8

24,7

2113,1

22,0


- 11 және одан жоғары қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%

194,1

6,7

1009,7

20,0

3732,8

38,9

3.2.

Тұрғын үй қорының кемуі (75% артық тозумен)

мың.ш. м.


25,2

15,0

3.3.

Жаңа тұрғын үй құрылысы

мың. ш.м./%


2195,8

100

2325,0

100


оның ішінде:






- усадьба түріндегі үйлер

мың. ш.м./%


142,6

6,5

44,4

1,9


- 2-3 қабатты бұғатталған үйлер

мың. ш.м./%


149,5

6,8

78,5

3,4


- 4-6 қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%


451,6

20,6

335,0

14,4


- 7-10 қабатты көп пәтерлі үйлер

мың. ш.м./%


636,5

29,0

444,0

19,1


- 11 және одан жоғары қабатты көп пәтерлі

мың. ш.м./%


815,6

37,1

1423,1

61,2

3.4.

Халықтың жалпы алаңмен орташа қамтылуы

ш.м./ адам.

18,7

23

30

4.

Мәдени және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер





4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

орын

6590

17500

32910


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

43

80

103

4.2.

Жалпы білім беру мекемелері

орын

28600

38020

67430


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

185

173

211

4.3.

Емханалар

Бір ауысымда келіп- кетуі

3650

6020

11200


оның ішінде, 1000 тұрғынға

Бір ауысымда келіп- кетуі

24

27

35

4.4.

Ауруханалар

төсек

1474

1974

3384


оның ішінде, 1000 тұрғынға

төсек

9

9

11

4.5.

Әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері (интернат-үйлер), барлығы

орын

364

1004

2374


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

2

5

8

4.6.

Ұзақ демалу мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушылар лагерлері және т.б.), барлығы

орын

430

430

430


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

3

2

1

4.7.

Дене шынықтыру-спорттық құрылыстар

га

42.1

118,5

288,0


оның ішінде, 1000 тұрғынға

га

0,3

0,5

0,9

4.8.

Ортақ қолданыстағы спорт залдары

еден алаңының ш.м.

7470

12500

25600


оның ішінде, 1000 тұрғынға

еден алаңының ш.м.

48

57

80

4.9.

Ортақ қолданыстағы ашық және жабық бассейндер

су айдынының ш.м.

1625

3595

8000


оның ішінде, 1000 тұрғынға


су айдынының ш.м.

11

16

25

4.10.

Көру-мәдени мекемелері (театрлар, клубтар, кинотеатрлар және т.б.)

орын

9107

21767

44217


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

59

99

138

4.11.

Сауда кәсіпорындары

сауда алаңының ш.м.

34330

49010

89600


оның ішінде, 1000 тұрғынға

сауда алаңының ш.м

222

223

280

4.12.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары

орын

1825

6310

12800


оның ішінде, 1000 тұрғынға

орын

12

29

40

4.13.

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары

жұмыс орны

350

1320

2880


оның ішінде, 1000 тұрғынға

жұмыс орны

2,3

6

9

4.14.

Өрт сөндіру депосы

өрт сөн. автом. тұрағы

2

64

3

74

7

122

5.

Көлікпен қамтамасыз ету





5.1.

Магистраль жолдары мен көшелердің ұзындығы

км

143,2

252,7

491,1

5.2.

Магистраль көшелерінің орташа тығыздығы

км / ш. км

2,28

2,17

1,9

6.

Инженерлік жабдық





6.1.

Сумен жабдықтау





6.1.1.

Су тұтынудың жиынтық көрсеткіші, барлығы

мың текше м/тәулі гіне

35,48

93,88

140,08


оның ішінде:






шаруашылық және ауыз су қажеттіліктері үшін

мың текше м/тәулігіне

25,36

77,63

118,23


өндірістік қажеттіліктер үшін

мың текше м/тәулігіне

10,12

16,25

21,85

6.1.2.

Су жүргізудің бас құрылыстарының қуаты

мың текше м/тәулігіне

35,48

93,88

140,08

6.1.3.

Сумен жабдықтаудың пайдаланылатын көздері:






жерасты су жинағыштары

мың текше м/тәулігіне

22,85

39,59

40,51


Жер үстіндегі су көздерінен су жинау

мың текше м/тәулігіне
 

12,63

54,29

99,57

6.1.4.

Орташа есеппен тәулігіне 1 адамның су тұтынуы

л/тәул. адам

230

427

438


оның ішінде, шаруашылық –ауыз су қажеттіліктеріне

л/тәул. адам

164

353

369

6.2.

Суды бұру жүйесі





6.2.1.

Ағынды сулардың жалпы ағуы

мың текше м./тәулігіне

29,69

57,98

88,76


оның ішінде:






тұрмыстық кәріз

мың текше м./тәулігіне

24,94

50,16

79,17


өндірістік кәріз

мың текше м./тәулігіне

4,75

7,82

9,59

6.2.2.

Кәріздік тазарту құрылыстарының өнімділігі

мың текше м./тәулігіне

25,0

55,0

86,43

6.2.3.

Аумақты санитарлық тазарту






Қоқыстың жылдық мөлшері

мың текше м./жы лына

44,0

62,7

91,2

6.3.

Электрмен жабдықтау





6.3.1.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге электр энергиясының жиынтықты жұмсалуы

МВт

71,1

112

266,7

6.4.

Жылумен жабдықтау





6.4.1.

Жылумен жабдықтау жиынтық салмағы, барлығы

Гкал/ сағат

776,0

1246,3

2313,9


оның ішінде:






- тұрғын үй-қоғамдық секторы

Гкал/ сағат

513,1

913,8

1629,9


- өнеркәсіп

Гкал/ сағат

262,9

332,5

684,0

6.5.

Газбен жабдықтау





6.5.1.

Табиғи газды тұтыну – барлығы

млн. текше м/жылына

1075,9

1355

1777,3

7.

Аумақты инженерлік дайындау





7.1.

Қорғану құрылыстарының ұзындығы

км

-

2,1

8,5

8.

Қоршаған ортаны қорғау





8.1.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен нысандар

га

5039

5055,5

5055,5


оның ішінде:






Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы

га

39

55,5

55,5


Қарақия – Қаракөл мемлекеттік табиғи қорықтың «Қаракөл көлі» учаскесі

га

5000

5000

5000

8.2.

Каспий теңізінің су қорғау аймағы






су қорғау аумағының алаңы

га

27867

27867

27867


оның ішінде, су қорғау жиегінің алаңы

га

1131,3

1131,3

1131,3


аймақ ұзындығы

км

96

96

96

9

Әртүрлі қаржыландыру көздерінен алынатын болжамды инвестицияның көлемі, барлығы/оның ішінде республикалық бюджет/жергілікті бюджет есебінен

млрд. теңге

-

376,76/12,97/173,65



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады