Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 Қаулысы.

      "Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери
қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды,
сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе
әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына
байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының
денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын
бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен 2012 жылғы 18 қыркүйегінде № 1213, "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 18-бабына және "Сыртқы барлау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 22 мамырдағы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген "Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына қол қойылған.

      Аталған Үкімет қаулысымен арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілерінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттары белгіленеді.

      Көрсетілген Үкіметтің қаулысын қабылдау жағымсыз құқықтық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық Қауіпсіздік комитеті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз