"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1267 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 439-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;»;
      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «17) спорт құрылыстарын пайдалану нормалары мен ережелерін әзірлейді және бекітеді;»;
      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) жаттықтырушылар, нұсқаушы-спортшылар, әдіскерлер, төрешілер санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, жартыжылдық тексеру жоспарларын әзiрлейді және бекітеді;»;
      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «31-1) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық төлемақыларды қамтамасыз етеді;»;
      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «34-1) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;»;
      35) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
      «ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
      39) тармақша алып тасталсын;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;»;
      41) тармақша алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                   С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады