Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1347 Қаулысы

      Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында, сондай-ақ «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адам саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығының 2011 – 2013 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, 10 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 1347 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 – 2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс -шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығындар (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1.

Адам саудасымен күрес жөніндегі, оның ішінде еңбек және коммерциялық сексуалдық пайдалануға сұранысты төмендету мақсатында қабылданып жатқан шараларды ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету жөніндегі шетел мемлекеттерінің іс-тәжірибесі туралы ақпарат беру

Әділетминіне ақпарат

СІМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

2.

Адам саудасы жөніндегі қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды және жазалауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы

ІІМ (жинақтау), Еңбекмині,БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ДСМ, БҒМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

Адамды саудаға салу құрбанының арнайы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігін талқылау бойынша депутаттарды, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, ҮЕҰ және көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымдарды тартып, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу

Семинарлар, дөңгелек үстелдер

Әділетмині, Еңбекмині, ІІМ, СІМ, АҚҰО (келісім бойынша), БҒМ, МАМ, ДСМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), БП (келісім жөніндегі)

2012 – 2013 жылдар 4-тоқсан


ХҚКҰ қаражаты

4.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл жағдайлары мен тәжірибе мониторингі және кешенді ғылыми зерттеулер өткізу, өткізілген жұмыстардың нәтижелері жөніндегі талдамаларды қоса алғанда, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясының және БП жанындағы С. Есқараев атындағы Прокуратура органдарының кадрлар біліктілігін арттыру институтының негізінде осы қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар және оның нәтижесі бойынша конференция өткізу

Конференция

ІІМ, БП (келісім бойынша)

2012 – 2013 жылдар

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен ұсынылған «Адам саудасының құрбандарын және заңсыз түрде әкелінген мигранттарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғауға, сонымен қатар оларға үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтық қоғамдастықпен ынтымақтаса жәрдем көрсетуге қажетті Орталық Азия республикаларының әлеуетін нығайту» ХАСХ44 жобасының қаражаты есебінен

-

5

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының негізінде адам саудасына байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық iстерді сот талқылауы және адам саудасы құрбандарын бірдейлендіру әдістемесіне тұрақты және жүйелі оқытуды енгізу және қашықтықтан оқыту түрінде судьялардың біліктілігін арттыру

Оқытатын семинарлар, курстар тренингтер

МҚА (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша)

2012 – 2013 жылдар

«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» 004 бағдарламасы жөніндегі көзделген қаражат шеңберінде (МҚА)

РБ

6.

Үй қызметшілері нарығын реттеу тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үй қызметшілері туралы № 189 ХЕҰ-ның конвенциясына қосылуы

ВАК-қа ұсыныстар

Еңбекмині (жинақтау), БП (келісім бойынша)

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

7.

Қатыгездіктен зардап шеккен адамдар ретінде адам саудасы жәбірленушілеріне мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі заңнамалық өзгерістерді енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі жөніндегі ВАК-қа ұсыныстар

Еңбекмині (жинақтау) ІІМ, Әділетмині, БП (келісім жөніндегі), ЖС (келісім бойынша), ДСМ, БҒМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

8.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау саласында ақпарат алмасу тетігін жасау туралы мәселені қарау

ТМД Атқарушы комитетіне ақпарат

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша)

2013 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

9.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде пайдаланылатын құжаттарды қорғаудың биометриялық және өзге де қазіргі заманғы технологияларын енгізу туралы мәселені пысықтау

ВАК-қа ақпарат

ІІМ (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

2013 жылғы ақпан

Талап етілмейді

-

10.

Адам саудасы жөніндегі қылмыстардан зардап шеккендерге (жәбірленушілерге) келтірілген зиянды өтеу жөніндегі, сондай-ақ адам сатушылардың қылмыстық ізге түсуіне қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

2013-жылғы2-тоқсан

Талап етілмейді

-

11.

Бас Прокурордың адам саудасы туралы істер жөніндегі құқық қолдану практикасының барынша күрделі және даулы мәселелері жөніндегі түсінік беру және түсіндіру туралы Жоғарғы Сотқа қарарын әзірлеудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу

ВАК хаттамасы

БП (келісім бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

12.

ВАК-тың жанынан депутаттарды, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, ҮЕҰ-ны, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымды тарта отырып, адам саудасынан жәбірленушілерді қоса алғанда, қатыгездіктен зардап шеккен адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар беру үшін жұмыс тобын құру

ВАК хаттамасы

Әділетмині (жинақтау), Еңбекмині, ІІМ, БҒМ, ДСМ, БП (келісім бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық


ХҚКҰ қаражаты

13.

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкетуге байланысты ұйымдардың қызметіне көші-қон бақылауын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

14.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Еңбекші мигранттар туралы № 97 конвенцияға қосылуы туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы-ның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамасы

Еңбекмині (жинақтау), Әділетмині, БП (келiсім бойынша), СІМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

15.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы теріс пайдаланулар туралы және жұмысшы мигранттармен қарым-қатынаста мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ету туралы № 143 конвенцияға қосылуы туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамасы

IIМ (жинақтау), Әділетмині, БП (келiсім бойынша), СІМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

16.

Прокуратура органдарында адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау мәселелерімен тұрақты негізде айналысатын қызметкерлерді штат саны шеңберінде анықтау жөніндегі шаралар әзірлеу және қабылдау

Бұйрықтар

БП (келiсім бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

17.

Қылмыстық қудалау барысында сенімді дәлелдеме базасын құру мақсатында адам сатушылардың қылмыстық әрекеттерін тіркеудің техникалық құралдарын және жедел іздестіру әдістерін басымдықпен пайдалану жөніндегі шаралар әзірлеу және қабылдау

ВАК-қа ақпарат

ІІМ, БП (келiсім бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

18.

Еңбекті пайдалану жағдайларының алдын алу саласында еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық инспекторлардың тиімді қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және ВАК-қа енгізу

ВАК хаттамасы

Еңбекмині

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етілмейді

-

19.

Адам саудасына байланысты қылмыстардан алынатын қылмыстық пайданы ашу, бақылау жасау, алу және тәркілеу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне бағалау жүргізу

Бағалау жүргізу туралы есеп

БП (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

2013 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

20.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының:
2005 жылғы 16 мамырдағы Адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына;
2007 жылғы 12 шілдедегі Балаларды сексуалдық пайдаланудан және сексуалдық сипаттағы қол сұғушылықтан қорғау туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясына қосылуы туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамасы

IIМ (жинақтау), Әділетмині, БП (келісім бойынша), СІМ

2013 жылғы iшiнде

Талап етілмейді

-

21.

Адам саудасына байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық iстер жөніндегі қадағалау және сотта мемлекеттiк айыптауды қолдауды жүзеге асыру және адам саудасы құрбандарын бірдейлендіру әдiстемесiне тұрақты және жүйелі оқытуды енгізу арқылы прокуратура органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру (халықаралық сарапшыларды және ҮЕҰ сарапшыларын тарта отырып)

Оқыту курстары, семинарлар, тренингтер

БП (келісім бойынша)

Жыл сайын

«Қазақстан Республикасында заңдар мен заңға тәуелді актілерді дәлме-дәл және бірыңғай қолданудың жоғары қадағалауын жүзеге асыру» 001 бағдарлама жөніндегі (БП) 2012 жылы – 960,0 мың теңге; 2013 жылы – 960,0 мың теңге; 2014 жылы – 960,0 мың теңге.

РБ

22.

Адам саудасы құрбандары әкетiлген, әкелiнген және транзиттелген елдермен қылмыстық iстер және адамдарды беру жөнiндегi құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

Халықаралық шарттар

БП (келісім бойынша) (жинақтау), СІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

23.

Адам саудасы құрбандары әкетілген, әкелінген және транзиттелген елдермен адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және тергеу жөнiндегi өзара iс-қимылды қоса алғанда, реадмиссия туралы, еңбек көші-қоны мәселелері жөніндегі, соның ішінде заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу және адам саудасы жөніндегі қылмыстардың алдын алу мақсаттарында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

Халықаралық шарттар

ІІМ (жинақтау), СІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

24.

Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс шеңберiнде адам саудасы және адам құқықтары мен бостандықтарына қарсы басқа қылмыстардың құрбандарын оңалту үшiн ҮЕҰ тарта отырып дағдарыс орталықтарын құру және қызмет етуін қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау

Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы дағдарыс орталықтарының қызметтері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын

2012 – 2014 жылдарға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шеңберінде

ЖБ

25.

Шетелде қалған адам саудасы құрбандарына уақтылы және тиісті көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі дипломатиялық өкілдіктердің жұмысын жандандыру

Әділетминіне ақпарат

СІМ

Жыл сайын

«Шетелде Қазақстан Республикасы мүддесін білдіру» 010 бағдарламасымен көзделген қаражат шеңберінде

РБ

26.

Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы операциялар шеңберінде келісілген іс-жүргізу шаралары, сондай-ақ Адам саудасы саласында қылмыстарды ашумен және тергеумен байланысты ТМД басқа қатысушы-мемлекетерімен ақпарат алмасуды тұрақты негізде қабылдау

ВАК-қа ақпарат

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді


27.

Адам саудасы құрбандарының өтініштерін қараудың уақытылығы мен заңдылығына, сондай-ақ оларды шыққан мемлекетіне ерікті және қауіпсіз түрде жіберу рәсімін орындаудың негіздемесі мен тәртібіне не мұндай адамдардың болатын жері, мерзімдері және жағдайлары туралы мәселенің өзгедей заңды шешімінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру

Тексеру туралы есептер

БП (келісім бойынша), ІІМ, СІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

28.

Құзыретті органдардың адам саудасына қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығының тетігін жетілдіру

ВАК-қа ақпарат

ІІМ, БП (келісім бойынша) және мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

29.

Адам саудасымен күрес жүргізу саласындағы заңнаманы жетілдіру және қабылданатын шараларды, оның ішінде еңбек және коммерциялық тұрғыдағы сексуалдық пайдаланушылыққа деген сұранысты азайту мақсатында ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету

Ақпараттық насихат материалдары

БП (келісім бойынша), ІІМ, БҒМ, МАМ, Астана  және Алматы қалаларының әкімдігі

Жыл сайын

Мынадай бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражаттың шегінде:
001 «Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекекттік саясатты іске асыруды айқындау мен ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсетулер» (ІІМ)
001 «Қазақстан Республикасында заңдар мен заңға тәуелді актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» (БП) 021 «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу» (МАМ)
2012 – 2014 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат шегінде

РБ
ЖБ

30.

Заңсыз еңбек көші-қонын және балалар еңбегін пайдаланушылықты болдырмау мақсатында мақта және темекі жинаумен, қабылдаумен және оларды қайта өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қызметіне бірлескен тексеру жүргізу

Тексеру материалдары

ІІМ, Еңбекмині, БП (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

31.

Көші-қон үдерісіне және ішкі істер органдарының заңсыз еңбек көші-қонын және адам саудасын болдырмау жөнінде қабылдаған шараларына талдау жүргізу

ВАК-қа ақпарат

ІІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

32.

Қылмыстық-құқықтық мәліметтерінің статистикасын есепке ала отырып (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 113, 125, 128, 133, 270, 271-баптары) адам саудасына байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді анықтау, тергеу және сотта қарауды талдау нәтижелері жөніндегі қорытынды дайындау

Шолу

БП (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді


33.

ТМД органдары жұмысы шеңберінде:
адам саудасына қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық, білім және лицензиялық саясатты құрудың және іске асырудың жалпы қағидаттарын ескере отырып, адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу ескерту тұжырымдамасын;
адам саудасына қарсы тұру саласында модельдік заңнамаға түсіндірме әзірлеуге қатысу

ТМД органдарыныңжұмысына қатысу

БП (келісім бойынша), ІІМ, СІМ

Жыл сайын

«Шетелдік іс сапарлар» 005 бағдарламасымен көзделген қаражат шеңберінде (СІМ)

РБ

34.

Адам саудасымен күресте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2011 – 2013 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ адам саудасы, заңсыз көші-қонның алдын алу жөніндегі қылмыстық істерді тиімді ашу, тергеуді қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары мен соттар шешетін мәселелер туралы ТМД Атқарушы комитеті үшін ақпарат дайындау

ТМД Атқарушы комитетіне ақпарат

БП (келісім бойынша), ІІМ, Әділетмині, ЖС (келісім бойынша), СІМ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

35.

Мақта және темекі жинау кезеңінде балалардың орта білім беру мектептерінде болуын зерттеу

Мектептерді тексеру хаттамасы

БҒМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

36.

Осындай қызметтерге сұраныс тудыратын Адам саудасына байланысты тауарлар мен қызметтерден тұратын БАҚ және телекоммуникациялық желілерде жарнамалық материалдардың мониторингін жүзеге асыру

Жарнамалау матариалдары мониторингінің нәтижелері

МАМ, ІІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

37.

Бірінші кезекте, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі келісілген іс жүргізу іс-қимылдарын, профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын және арнайы операцияларды жүргізу:
жалған құжаттар жасау және өткізу жөніндегі қызметті анықтау және жолын кесу;
Интернет желісіндегі порнографиялық сипаттағы сайттарды анықтау жөніндегі;
сот шешімі жөніндегі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келетін ақпарат таратуды (порнографиялық сипаттағы) тоқтата тұру не тоқтату;
адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу және тексеру жөніндегі;
балаларды шетел азаматтарына асырап алуға беру жөніндегі заңсыз іс-қимылдардың жолын кесу жөніндегі;
жеңгетайлықтың және жезөкшеліктің, оның ішінде кәмелетке толмаған адамдардың арасындағы алдын алу және жолын кесу жөніндегі

ВАК-қа ақпарат

ІІМ, БП (келісім бойынша) МАМ, ІІМ, БП (келісім бойынша) ККМ ІІМ, БП (келісім бойынша) БҒМ, БП (келісім бойынша) ІІМ

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

38.

Адам саудасы құрбандарының мәжбүрлі еңбегін пайдалануға негізделген жасырын экономикалық қызметті жою, сондай-ақ адамдарды сексуалдық немесе қара жұмысқа пайдалануға байланысты тауарлар мен қызмет көрсетулерге ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру

ВАК-қа ақпарат

ІІМ (жинақтау), БП (келісім бойынша), ЭСЖКА (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

39.

Мыналармен:
халықаралық неке делдалдық қызметімен, сән бизнесімен, азаматтарды шетелде жұмысқа орналастырумен, демалыс және туризмді ұйымдастырумен;
кәмелетке толмағандардың оқуын, сауығуын және жұмысқа орналасуын, балаларды халықаралық асырап алуды, сондай-ақ жастардың шетелге спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуы үшін баруын ұйымдастырумен айналысатын құрылымдардың кәсіпкерлік қызметін прокурорлық қадағалауды жандандыру

Прокурорлық ден қою актілері

БП (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

40.

Оларды сексуалдық, қара жұмыстың әлеуетті құрбандарына айналдыру немесе қылмыстық пайдалану мүмкіндігін болдырмау мақсатында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды қабылдау

Профилактикалық іс-шаралар

БҒМ, Еңбекмині, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Жыл сайын

Талап етілмейді

-

Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖС            – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
БП            – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
МҚА           – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
                агенттігі
ЭСЖКА         – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
МАМ           – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                министрлігі
ІІМ           – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ           – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Еңбекмині     – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
                қамтамасыз ету министрлігі
Әділетмині    – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині     – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ           – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ           – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ККМ           – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                министрлігі
ҮЕҰ           – үкіметтік емес ұйымдар
РБ            – республикалық бюджет
ЖБ            – жергілікті бюджет
ВАК           – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды
                заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес
                мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
ХҚКҰ          – Халықаралық көші-қон ұйымы
ХЕҰ           – Халықаралық еңбек ұйымы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады