"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1528 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Осы Ереженің 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергілікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады.
      10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
      10-3. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілдері спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі.»;
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»;
      21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Осы Ереженің 26-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс:»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Осы Ереженің 26-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орнатылуы тиіс.»;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады