"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1751 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат, № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат):
      1) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-бап. Дара кәсіпкердің банкроттығы
      1. Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады.
      2. Дара кәсіпкердің банкроттығы оңалту мен банкроттық туралы заңнамада белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi тәртiппен танылады. Дара кәсiпкердi банкрот деп таныған кезден бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.
      3. Дара кәсiпкерге банкроттық рәсiмiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер жөнiнде кредит берушiлерi, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi жетсе, өз талаптарын қоюға құқылы. Көрсетілген кредит берушiлердiң осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiм аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерден өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына кемiтiледi.»;
      2) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлғаның мүлкiнiң құны кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен таратылуы тиіс.»;
      3) 50-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның кредит берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты орталық әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында жариялайды. Талаптарды мәлiмдеу мерзiмi банкроттық жағдайларын қоспағанда, тарату туралы жарияланған сәттен бастап екi айдан кем бола алмайды. Банкроттық кезінде кредит берушілердің банкротқа қойылатын талаптары кредит берушілердің талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жарияланған сәттен бастап кем дегенде бір ай мерзімде мәлімделуі тиіс.»;
      4) 51-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлға таратылған кезде банкроттық жағдайларын қоспағанда, оның кредит берушiлерiнiң талаптары мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:»;
      5) 54-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көрсетiлген шаралар жеделдетiлген оңалту рәсiмi, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оларды жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмi оңалту және банкроттық туралы заңнамада айқындалады.»;
      6) 54-1-бап алынып тасталсын;
      7) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «55-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдары
      1. Банкроттық рәсімі қозғалған сәттен бастап:
      1) банкроттың лауазымды тұлғаларына мүлiктi иелiктен шығаруына (иелiктен шығаруға кредит берушiлердiң жиналысы рұқсат еткен кезден басқа жағдайларда), беруіне және мiндеттемелердi өтеуiне тыйым салынады;
      2) дәрменсіз борышкердің барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмi өткен деп саналады;
      3) банкрот берешегінің барлық түрлерi бойынша тұрақсыз айыбы мен сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
      4) уақытша немесе банкроттық басқарушының өтініші негізінде банкроттың мүлкіне барлық шектеулер шарттық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ сот және өзге де мемлекеттік органдардың шешімі бойынша салынған, оларды салған органдардың тиісті шешімдерді қабылданбастан алып тасталады;
      5) егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбесе, сотта қаралатын банкроттың қатысуымен мүліктік сипаттағы даулар тоқтатылады;
      6) банкроттың мүлкіне жаңа тыйым салуларға және банкроттың мүлкіне иелік етудегі өзге шектеулерге мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған мүлікті бөтен заңсыз иелік етуден талап ету туралы талап арыздар бойынша ғана жол беріледі.
      2. Осы сәттен бастап мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар борышкерге кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші ретінде әрекет ететін жағдайларда өндіріп алуды кепіл затына айналдыруды қоспағанда, банкроттық рәсімі шеңберінде ғана қойылады.»;
      8) 60-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Шаруашылық серіктестігін банкрот деп таныған немесе оңалту рәсімін қолданған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыны тағайындаған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      9) 91-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер ол Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес.»;
      10) 92-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Акционерлік қоғамды банкрот деп таныған немесе оңалту рәсімін қолданған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыны тағайындаған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      11) 99-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Өндірістік кооперативті банкрот деп таныған немесе оңалту рәсімін қолданған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыны тағайындаған жағдайда оларды басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      12) 102-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Мемлекеттік кәсіпорынды банкрот деп таныған немесе оңалту рәсімін қолданған және заңда белгіленген тәртіппен уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыны тағайындаған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.»;
      13) 193-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтушы не банкроттық басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тәртіппен өткізген, не стратегиялық объект сот актісінің негізінде өндіріп алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады»;
      14) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша сот кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы шешiмiнде оның жария саудаға салынып сатылуын заңды тұлғалар үшін - бiр айға дейiнгi мерзiмге, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар үшін - бір жылға дейінгі мерзімге кейiнге қалдыруға құқылы. Кейiнге қалдыру осы мүлiктi кепiлге салу арқылы қамтамасыз етiлген мiндеттеме бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне әсер етпейдi және борышкердің кейiнге қалдырылған уақыт iшiнде кредит берушінің өскен шығындары мен айып төлеу сомасын өтеуден босатпайды.»;
      15) 404-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;».
      2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 21-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97; № 23, 139; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 9-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2,13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; №10, 77-құжат; № 12, 84-құжат):
      1) 215-баптың 2-тармағы бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, сол сияқты банкроттық рәсім немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлген адам басқа кредиторларға көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса –
      жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      2) 216, 217-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «216-бап. Әдейі банкроттық
      Әдейi банкроттық - құрылтайшының (қатысушының), лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның өзге де органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке мүддесі үшін немесе өзге тұлғалардың мүддесі үшін іс-әрекеттері және (немесе) қабылданған шешімдері нәтижесінде жасалған, iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқтырған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту -
      жеті жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
      217-бап. Жалған банкроттық
      Басшының, құрылтайшының (қатысушының) және заңды тұлғаның өзге де органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң іс-әрекеттері және (немесе) қабылданған шешімдер нәтижесінде кредит берушiлерге тиесiлi төлемдерiн кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшiн кредит берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көпе-көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл әрекет iрi зиян келтiрсе –
      сегіз жүзден бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10,102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат):
      1) 883-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) сот актiсi (банкроттық және оңалту рәсiмдерiнде банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған, әрекетке қабiлетсiз, хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған азаматтың мүлкiне қорғаншылық белгiлеген кезде және заң актiлерiнде көзделген басқа жағдайларда);»;
      2) 885-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген жағдайларды, сондай-ақ осы тұлғаның дәрменсіздігін (банкроттығын) қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi. Құрылтайшы банкрот болған кезде осы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және ол банкроттың мүліктік массасына енгiзiледi.»;
      3) 891-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және сенiп тапсырылған мүлiк мүліктік массаға берiледi.
      Құрылтайшы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сенiп тапсырылған мүлiк мұрагерлiк массасына келiп түседi.».
      4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; №13, 91-құжат; № 14, 93-құжат):
      1) 313-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы,
                заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту
                туралы iстердi қарау
      Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстердi оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.».
      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92,95-құжаттар; № 16, 98,102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20,152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжат; № 9-10, 47, 48-құжат; № 13-14, 62, 63-құжат; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      1) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «155-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы
                әрекеттер
      1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды бермеу, жасыру, жою, қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдамау, бұрмалау егер бұл iс-әрекеттер оңалту және банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –
      борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншiк иелерiне не дара кәсiпкерлерге банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң сексеннен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 155-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «155-1-бап. Уақытша басқарушының Қазақстан Республикасының
                  оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
      1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытынды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жүргізу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредит берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды орналастыру үшін уәкілетті органға жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Банкроттың мүлкін (активтерін) күзетуге және бақылауға қабылдамау не тиісінше қабылдамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысандағы банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредит берушілерді уақтылы хабардар етпеу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кредит берушілердің жиналысы өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредит берушіні хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тәртібін бұзу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Борышкердің шеттетілген лауазымды тұлғасынан құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілеуші және өзге де құжаттары мен мөрін қабылдау, сол сияқты шеттетілген лауазымды тұлғаларының аталған құжаттар мен мөрлерді уақытша басқарушыға беруі бөлігінде сот шешімін орындау бойынша атқарушылық парақты беру туралы өтінішпен сотқа жүгіну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Өкілеттіктерді уақытша басқарушыдан банкроттық басқарушыға беру кезінде, уақытша басқарушыны ауыстырған кезде, сондай-ақ, банкроттық рәсімін қозғамай-ақ тарату жүргізілуін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға жүктеу кезінде борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілеуші және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың бірінші-оныншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік айыппұл салынғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 155-3 және 155-4 баптармен толықтырылсын:
      «155-3-бап. Банкроттық басқарушының Қазақстан Республикасының
                  оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
      1. Түгендеу жүргізу және (немесе) түгендеу жүргізу жөніндегі есеп беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банкроттың мүлкін (активтерін) күзетуге және бақылауға қабылдамау не тиісінше қабылдамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Банкрот алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті сот арқылы өндіріп алу туралы талап қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға, кредит берушілердің жиналысына және (немесе) кредит берушілер комитетіне белгіленген нысандағы банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Банкроттық рәсімінде кредит берушілердің жиналысы өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредит берушіні хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру тәртібін бұзу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Сату жоспарын жасау тәртібін бұзу не борышкердің мүлкін банкроттың мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып сату, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кредит берушілермен есеп айырысуларды уақтылы жүргізбеу, сол сияқты кредит берушілермен есеп айырысуларды кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, жүргізу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілерін анықтаған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкердің Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көрсетілген жағдайларда жасаған мәмілелерін, олар айқындалған жағдайларда жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібінде банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы талап қою міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Банкроттық басқарушыны шеттету (босату) немесе ауыстыру кезінде борышкердің қаржылық, құқық белгілеуші және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Қорытынды есепті оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға және (немесе) сотқа ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынбау -
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Осы баптың бірінші-он үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік айыппұл салынғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      155-4-бап. Уақытша әкімшінің Қазақстан Республикасының оңалту
                 және банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
      1. Уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін оңалту рәсімін қолдану туралы және кредит берушілердің талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органға жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Оңалту және банкроттық заңнамасында бекітілген кредит берушілер талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін бұзуы –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сотқа оңалту жоспарының тиімділігі туралы қорытынды жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Бес жұмыс күні ішінде кәдімгі коммерциялық операциялардан бөлек мәмілелерді келісуі туралы борышкердің өтінішін қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші-төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік айыппұл салынғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      155-5-бап. Оңалтушы басқарушының Қазақстан Республикасының
                 оңалту және банкроттық туралы заңнамасын бұзуы
      1. Уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкерге оңалту рәсімін қолдану және кредит берушілер талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы жарияланымды орналастыру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген сауда-саттықты жүргізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Кредит берушілер комитетімен оңалту рәсімінде жасасқан келісімнің шарттарын орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Борышкерге оңалту рәсімін қолданған кезде оның мүлкін күзетуге және бақылауға қабылдамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Кредит берушілермен есеп айырысуларды уақтылы жүргізбеу, сол сияқты кредит берушілермен есеп айырысуларды кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібін бұза отырып, жүргізу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Оңалту жоспарын орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға, кредит берушілердің жиналысына және (немесе) кредит берушілер комитетіне белгіленген нысандағы банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оңалту рәсімінде мәлімделген талаптарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы кредит берушілерді уақтылы хабардар етпеу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Оңалту рәсімінде кредит берушілердің жиналысы өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредит берушіні хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкердің мүлкін, оңалту жоспарын бұза отырып, сату, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Оңалту рәсімінде борышкер мен оның кредит берушілеріне қарсы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың белгілерін анықтаған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Оңалту рәсімінде әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшалай қаражатты асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Оңалтушы басқарушыны шеттеткен (босатқан) немесе ауыстырған кезде сайланған оңалтушы басқарушыға борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілеуші және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Оңалту рәсімінде кредит берушілер жиналысының келісімін алмастан оңалту жоспарында көзделмеген әдеттегі коммерциялық операциялар шегінен тыс мәмілелерді жасау, –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Қорытынды есепті сотқа ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Осы баптың бірінші-он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік айыппұл салынғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), –
      айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «156-бап. Әдейi банкрот болу
      Әдейi банкрот болу – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды және өзге де органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң өз мүдделерiн немесе өзге адамдардың мүдделерiн көздей отырып жасаған іс-қимылдарының және (немесе) қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден сегіз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 541-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi бөлiктерiнде), 147-11,147-12, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 168-4, 168-5, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлiгiнде), 176 (бiрiншi және үшінші бөлiктерiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 208-1, 209, 213 (төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 214, 218-1 (жетiншi бөлiгiнде), 222-226, 228-229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде), 310-1 (екiншi бөлiгiнде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртінші бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (бесiншi бөлiгiнде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екiншi бөлiктерiнде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      6) 571-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «571-2-бап. Оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік
                  реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган
      1. Оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары осы Кодекстің 155-1, 155-3, 155-4-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
      7) 636-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының елу сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың (155-бап (бірінші бөлігі), 158-бап (осы бұзушылықтарды оңалтуды басқарушы ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыратын (жүзеге асырған) адамдар жасағанда) 356);».
      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21,25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат):
      53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «оңалту рәсiмiн, банкроттық рәсімін және банкроттық рәсімін қозғамастан борышкердi тарату өткiзудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негiздер бойынша сот шешiмiмен тарату рәсiмдерiн өткiзудi ұйымдастыру;».
      7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат, № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 78-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «лизинг алушы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған және Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiнен шығарылған;»;
      2) 90-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) борышкер дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығарылған жағдайларда, талап ету құқығы кiрiс деп танылмайды.»;
      3) 105-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, банкроттық рәсім аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.»;
      4) 278-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың мүліктік массасын өткiзудi жүзеге асыратын;»;
      5) 281-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзу;»;
      6) 465-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкрот заңды тұлғалардың мүліктік массасын сату жөнiндегi аукциондардан;»;
      7) 541-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «24) банкроттық және оңалтушы басқарушылар - Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiгi шегiнде банкроттық рәсімі, оңалту рәсiмi мүддесiне орай талап қойған кезде;»;
      8) 557-баптың 3-тармағы 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға бередi.
      Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi орган салық құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетiмдiлiгi бар лауазымды адамдардың тiзбесiн бекiтедi.»;
      9) 609-баптың 3-1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатыла тұратын өсімпұл есептеуді қоспағанда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – сот іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
      2) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.
      Бұл ретте сомасы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен кредит берушілер талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады»;
      10) 614-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) банкрот деп тану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатыла тұратын өсімпұл есептеуді қоспағанда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау – әкімшіден өтініш түскен күннен бастап;
      3) оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап өсімпұл есептеуді қоспағанда, салық төлеушiге қатысты оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – борышкерден өтініш түскен күннен бастап қолданылмайды.
      Бұл ретте сомасы кредит берушілер талаптарының тiзiлiмiне енгiзiлмеген салық берешегi туындаған жағдайда мұндай салық төлеушiлерге қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай берешектi мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданылады;»;
      12) 620-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкрот деп танылған салық төлеушiнi (салық агентiн) тарату Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13) 653-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салық органдары акцизделетiн тауарларды өндiрушiлердiң, импорттаушылардың, банкрот мүлкiн (активтерiн) өткiзушi банкроттық және оңалтушы басқарушылардың борышкердiң мүлкiн өткiзген кезде осы бапта айқындалған акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн таңбалау, акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына өткiзу тәртiбiн сақтауы бөлiгiнде, сондай-ақ акциздiк постылар белгiлеу арқылы акцизделетiн тауарларға бақылауды жүзеге асырады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Таңбалауды акцизделетiн тауарлар өндiрушiлер мен импорттаушылар, банкроттық және оңалтушы басқарушылар борышкердiң мүлкiн (активтерiн) өткiзген кезде жүзеге асырады.».
      8. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14 (2567), 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 169-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат):
      11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден
               бас тарту
      Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы не бiр айлық есептiк көрсеткiштен артық салық берешегiнiң болуы, сондай-ақ егер iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға құрылтайшы болып табылса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы iс-әрекет етпейтiн заңды тұлғалардың құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған және (немесе) қылмыс жасағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша сотталса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалған құжаттар ұсынылса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Заңды тұлға, егер оның құрылтайшысы (қатысушысы) заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде әкімшілік немесе банкроттау кезінде заңсыз іс-әрекеттері, әдейі немесе жалған банкроттық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда тіркеле алмайды.».
      10. «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» 1995 жылғы 2 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50 құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 56-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат, № 24, 196-құжат):
      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушыға өтеді.»;
      2) 9-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кредит берушілердің наразылығын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актiлерге және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.».
      11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 50-баптың 4-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға және банкроттық басқарушыға оған қатысты соттың банкрот деп тану туралы заңды күшiне енген шешiмi бар тұлғаның банк шоты бойынша мәлiметтердi беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;
      2) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады..»;
      3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады.
      Банк ол ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі келген сәттен бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлем төлеуге қабілетсіз болып табылады.»;
      4) 73-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын.
      12. «Өндiрiстiк кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., № 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 2001 ж., № 17-18, 242-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат, 2008 ж., № 12, 52-құжат):
      мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
      «18-1-бап. Банкроттық және оңалту рәсімінде өндірістік
                 кооператив iстерiн басқару
      Өндірістік кооператив банкрот деп танылған немесе заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушыға өтеді.».
      13. «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат, №5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
      10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «41-1) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты жеке меншікке қатысты қылмыстар бойынша қозғалған өндірістегі қылмыстық істер бойынша мәліметтерді ұсынуға;».
      14. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат, № 11, 39-құжат; 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 45-2 баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.»;
      2) 45-2 баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры ол ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі келген сәттен бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлем төлеуге қабілетсіз болып табылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келісім жасауына болмайды»;
      15. «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
      41-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк банкрот деп танылған немесе заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушыға өтеді.».
      16. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат):
      18-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң мүліктік массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.».
      17. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., №11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат, 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
      8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясы немесе банкроттық басқарушы қабылдайды.».
      18. «Қаржы лизингi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж.; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Лизинг алушы банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы мүліктік массаға енгiзiлмейдi.».
      19. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 39-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 65-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.»;
      2) 69-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
      3) 71-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы ескерiле отырып айқындалады.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ол ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды оларды орындау мерзімі келген сәттен бастап үш айдың ішінде орындауға қабілетсіз болған кезде төлем төлеуге қабілетсіз болып табылады.».
      20. «Тұтынушылық кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 10, 138-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
      17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Тұтынушылық кооперативі банкрот деп танылған немесе заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушыға өтеді.».
      21. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат, № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оңалту және банкроттық туралы заңнама мен осы Заңның талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.».
      22. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат, № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
      8-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «табыс етуге міндетті.» деген сөздер «табыс етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшаларымен толықтырылсын:
      «11) оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның сұратуы бойынша тексеру жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтер мен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға;
      12) уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушының сұратуы бойынша оңалту немесе банкроттық рәсімін жүргізу шеңберінде заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты іс жүргізудегі материалдар мен қозғалған қылмыстық істер бойынша мәліметтер мен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.».
      23. «Акционерлiк қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., №13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесiнде пайда болса;»;
      2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;»;
      3) 30-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) егер қоғам дәрменсiз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданған оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.».
      24. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
      43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Инвестициялық қордың басқарушы компаниясы немесе кастодианы дәрменсiз немесе банкрот деп танылған немесе жарияланған жағдайда инвестициялық қордың активтерi мүліктік массаға (тарату массасына) қосылмайды.».
      25. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат, 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат, № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат, 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышқордың сотқа өтiнiшi немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп жарияланады.
      Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
      26. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат, № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
      4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін;».
      27. «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
      1) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «39-бап. Мүліктік массаны қалыптастырудың ерекшелiктерi
      Мақта өңдеу ұйымы банкрот болған, таратылған кезде, сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге қабылданған мақта, соның есебiнен мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары қанағаттандырылатын мүлiктiң құрамына, сондай-ақ, мақта өңдеу ұйымының мүліктік массасына енгiзiлмейдi.».
      28. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» 2007 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат, № 6, 50-құжат, № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жеке немесе заңды тұлғаның өзінде бар жылжымайтын мүлiк объектiлерiне құқықтары туралы жинақталған, тiркеушi орган растаған деректер, сондай-ақ мүлікті иеліктен шығару жөніндегі құжаттардың көшірмелері құқық иесiнiң (уәкiлеттi өкiлдiң), құқық қорғау, сот органдарының, iс жүргiзiлiп жатқан қылмыстық, азаматтық, әкiмшiлiк iстер бойынша сот орындаушыларының, салық органдарының, нотариустардың, мұрагерлердiң, тексеру жүргізу шеңберінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның, банкроттық және оңалту рәсiмдерiн жүргізу шеңберінде банкроттық және оңалту рәсiмдерiндегі уақытша, банкроттық және оңалтушы басқарушылардың, қорғаншы және қамқоршы органдардың сауалдары бойынша берiледi.»;
      2) 31-баптың 1-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) борышкердiң мүлкiн басқару құқығы оңалтушы не банкроттық басқарушыға (таратушыға) ауысқанын;»;
      3) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Құқықтық кадастрда осы Заңның 21-бабында көзделген тәртiппен борышкердiң мүлкiн басқару құқығының оңалтушы не банкроттық басқарушыға (таратушыға) өтуi мемлекеттiк тiркелуге тиiс.».
      29. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат, № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
      50-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) оңалтушы немесе банкроттық басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;».
      30. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат, № 5, 43-құжат, № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат):
      1) 47-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмағандықтан не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның банкроттық басқарушысына немесе тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе;»;
      2) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату,
               атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны
               борышкер-заңды тұлғаның банкроттық басқарушысына,
               тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi қарау
      1. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны борышкер-заңды тұлғаның банкроттық басқарушысына, тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердi сот орындаушысы қарайды.
      Бұл жөнiнде атқарушылық iс жүргiзу тараптарына және олардың өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмей қалуы аталған мәселелердi шешуге кедергi болмайды.
      2. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны борышкер-заңды тұлғаның банкроттық басқарушысына, тарату комиссиясына жiберу туралы қаулы шығарады, оны мемлекеттiк сот орындаушылары үшiн аумақтық бөлiмнiң басшысы бекiтуге тиiс.
      3. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру, тоқтату, атқарушылық құжатты қайтару немесе оны борышкер-заңды тұлғаның банкроттық басқарушысына, тарату комиссиясына жiберу туралы қаулысына сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
      3) 56-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Өндiрiп алуды белгiленген тәртiппен дәрменсiз (банкрот) деп танылған борышкердiң мүлкiне айналдыру Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
      31. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат):
      1) 24-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкроттық рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде құрамына жер қойнауын пайдалану құқығы (оның бiр бөлiгi), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер кiретiн мүліктік массаны өткiзу (сату) жөнiндегi жария сауда-саттыққа қатысуға;»;
      2) 36-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) банкроттық рәсім процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығын, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығару;»;
      3) 41-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың ережелерi банкроттық рәсiмдердi жүзеге асыру кезiнде мүліктік массаны өткiзу жағдайлары үшiн де қолданылады.».
      32. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 15, 120-құжат, 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
      көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 57) тармақшасы алып тасталсын;
      33. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат, № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16 -құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат):
      1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесiлi жеке тұлғадан немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару жөнiнде мәмiле жасасуды ниет етiп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу жүргiзiлген не оңалтушы немесе банкроттық басқарушы мүліктік (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттың қарауынан тыс тәртiппен өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу жүргiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектiлердi нарықтық құны бойынша сатып алуға үшiншi тұлғалар алдындағы басым құқығы;»;
      2) 139-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      «9. Мемлекеттiк кәсiпорын банкрот деп танылған немесе заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушы тағайындалған жағдайда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттық немесе оңалтушы басқарушыға өтеді.»;
      3) 187–бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттық немесе оңалтушы басқарушысы шағымдана алады.»;
      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтушы және банкроттық басқарушылары кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қосымша талаптары белгiленген рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.»;
      4) 188-бапта:
      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оңалтушы (банкроттық) басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi (банкроттық iс жүргiзiлгенi туралы) қолданылғаны туралы сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн табыс етедi.»;
      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (банкроттық) басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      5) 191-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе жеке тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруға ниет бiлдiрген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу жүргiзiлген немесе стратегиялық объектiнi оңалтушы немесе банкроттық басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу жүргiзiлген жағдайда Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
      Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтушы немесе банкроттық басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      6) 192-баптың 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс.
      Стратегиялық объектiлердi оңалтушы немесе банкроттық басқарушы сатқан кезде сатып алу мерзiмдерi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмдерiн немесе банкроттық рәсімді жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
      6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда, стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалуы туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарларға әкелiп соғады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты iске асырады.
      Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi мүлік (тарату) массасы құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
      7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүлік (тарату) массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.».
      34. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы: 2012 ж., № 4, 29-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк емес заңды тұлға немесе жеке тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығаруға ниет бiлдiрген жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе оңалтушы немесе банкроттық басқарушы стратегиялық объектiнi иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге қойылған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) соттан тыс тәртiппен сатқан, не сот актiсi негiзiнде стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық объектiлердi сатып алуға басым құқығы;
      2) акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектiлерге жатқызылған ұйымдардың немесе республика экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар ұйымдарды банкроттау кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша мүліктік массаны сатып алуға басым құқығы;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады