Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелерi жөнiндегі комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1797 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 466 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.05.2014 № 466 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1797 қаулысына   
қосымша          

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық
кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелерi
жөнiндегі комиссияның құрамы

Келімбетов                   - Қазақстан Республикасы
Қайрат Нематұлы                Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы               Экономикалық даму және сауда
                               вице-министрі, төрағаның орынбасары

Бәкенов                      - Қазақстан Республикасы
Ернар Бақытжанұлы              Экономикалық даму және сауда
                               министрлігі Халықаралық
                               экономикалық интеграцияны реттеу
                               департаментінің директоры, хатшы

Дембай                       - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Салауат Маханбетұлы            және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
                               істері агенттігінің жауапты хатшысы

Рау                          - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович               және жаңа технологиялар бірінші
                               вице-министрі

Ақшолақов                    - Қазақстан Республикасының Мұнай
Болат Оралұлы                  және газ вице-министрі

Бектұров                     - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы                 және коммуникация вице-министрі

Ысқақов                      - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәрлен Нұрахметұлы             ортаны қорғау вице-министрі

Өмірияев                     - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы                шаруашылығы вице-министрі

Шаяхметов                    - Қазақстан Республикасының Білім
Саят Болатұлы                  және ғылым вице-министрі

Шаймағамбетов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Еркін Мұстафаұлы               ғарыш агенттігі төрағасының
                               орынбасары

Әбдібеков                    - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші
Нұрмұхамбет Қанапияұлы         орынбасары

Дүйсембаев                   - Атырау облысы әкімінің бірінші
Ғұмар Ислямұлы                 орынбасары

Тұрғанов                     - Павлодар облысы әкімінің бірінші
Дүйсенбай Нұрбайұлы            орынбасары

Ахметжанов                   - Қарағанды облысы әкімінің
Әнуар Мұратұлы                 орынбасары

Бекенов                      - Солтүстік Қазақстан облысы
Қайрат Әскербекұлы             әкімінің орынбасары

Дәрібаев                     - Қостанай облысы әкімінің
Мұрат Аманкелдіұлы             орынбасары

Қанешев                      - Маңғыстау облысы әкімінің
Біржан Бесекенұлы              орынбасары

Көлгінов                     - Батыс Қазақстан облысы әкімінің
Алтай Сейдірұлы                орынбасары

Мұратов                      - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Жомарт Хайдарұлы               орынбасары

Тұрдалиев                    - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мелсұлы

Тұяқбаев                     - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сапарбек Құрақбайұлы           орынбасары

Шорманов                     - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ербол Әлімқұлұлы

Бишімбаев                    - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
Қуандық Уәлиханұлы             қоры» акционерлік қоғамының
                               басқарма төрағасының орынбасары
                               (келісім бойынша)

Үмбеталиев                   - «Экономикалық зерттеулер
Мәди Тоқтарұлы                 институты» акционерлік қоғамының
                               вице-президенті (келісім бойынша)

Ыдырысов                     - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Ерлан Сапарғалиұлы             компаниясы» акционерлік қоғамының
                               басқарушы директоры (келісім бойынша)

Құндақбаев                   - Қазақстан Республикасы
Абдұлла Бағыбекұлы             Сауда-өнеркәсіп палатасының
                               вице-президенті (келісім бойынша)

Мәмбеталин                   - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның
Әлихан Есенғосұлы              ұлттық экономикалық палатасы»
                               заңды тұлғалар бірлестігі
                               басқарма төрағасының орынбасары
                               (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1797 қаулысына   
бекітілген      

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде
өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру
мәселелерi жөнiндегі комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссия қызметiнiң мақсаттары

      3. Комиссия қызметiнiң мақсаттары:
      1) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында өңіраралық кооперацияны дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) экономиканы дамыту, өндірісті кеңейту, басқару тиімділігін және ғылыми-техникалық үдерісті арттыруды ынталандыру, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігі (бұдан әрі – БЭК) жағдайында тауар нарықтарында ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның мiндеттерi

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) жаңғырту және инновациялық технологиялық дамыту негізінде БЭК шеңберінде келісілген өнеркәсіптік саясат жүргізуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) өнеркәсіптік кооперация саласында БЭК шеңберінде өзара келісілген шешімдер әзірлеу;
      3) БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіп салаларының үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      4) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының өнеркәсіп өнімдері нарықтарында өзара пайдалы бәсекелестік орта құру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

4. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн өз құзыретi шеңберiнде:
      1) өнеркәсіп саласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы өңірлерінің арасында кооперацияны күшейту бойынша ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгізуге;
      2) Комиссия құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ақпаратты заңнамада\       белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан сұратуға және алуға;
      3) Комиссия қарауына енгiзiлетiн мәселелердi шешу жөнiндегi проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзiрлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға құқылы.

5. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны Комиссия отырыстарында төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын төраға басқарады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткiзiлгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      9. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      Комиссия төрағасы Комиссия қарауына шығарылатын ұсынылған материалдардың негiзiнде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
      10. Егер Комиссия отырысында Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
      Комиссия мүшелерi отырысқа алмастыру құқығынсыз қатысады.
      11. Мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырыстарына мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.
      Комиссия отырысының материалдарына қоса тіркеу үшін мемлекеттік органның қорытындысы мемлекеттік орган басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, жазбаша түрде ұсынылуы тиіс.
      12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
      Төрағаның шешiмi бойынша жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
      13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткiзген оның орынбасары, сондай-ақ мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ол бiлдiрілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.
      14. Қол қойылғаннан кейін құзыретті орган хаттаманы үш жұмыс күні ішінде БЭК шеңберінде өңіраралық кооперацияны дамытуды үйлестіру мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жібереді.
      15. Қажет болған жағдайда Комиссияның шешiмi хаттаманы ресiмдей отырып, оның мүшелерiне жазбаша жауап алу жүргiзу жолымен қабылдануы мүмкін.
      16. Комиссия төрағасы не оның орынбасары отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын белгiлейдi және нақтылайды.

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады