"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207-1 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011ж., № 30, 366-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы Ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі және Кеңестiң жұмыс органының бiрiншi басшысы Кеңестiң тұрақты мүшелерi болып табылады.»;
      2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 675-құжат; 2006 ж., № 41, 446-құжат; 2009 ж., № 26, 220-құжат, № 56, 467-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң құрамы (лауазымы бойынша):
      «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары»;
      3) «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 сәуiрдегi № 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат; 2006 ж., № 18, 166-құжат; 2007 ж., № 13, 145-құжат; № 41, 463-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 32, 252-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi туралы ережеде:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Кәсiпкерлер кеңесiнің құрамында:
      мына:

«Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі» деген жол алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі»;
      4) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; 2010 ж., № 38, 327-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 сәуiрдегi № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6) «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 994 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 310-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Төрағасы Кеңес төрағасы болып табылады.
      Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) бірінші басшылары және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы кіреді.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің дербес құрамына мыналар енгізілсін:

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары,


Әбдірахымов
Ғабидолла Рахматоллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы;

      мына:

«Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;

      көрсетілген Кеңестің құрамынан М.Т. Есенбаев шығарылсын;
      7) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесінің құрамы (лауазымы бойынша) «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады