Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысы. Күші жойылды -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 701 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 701 қаулысымен.

      "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 187 қаулысымен
бекітілген

Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасы

      Ескерту. Бірыңғай картаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1355 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Атауы

1

2

1. Тау-кен металлургия саласының басым тауарларының (тауар топтарының) тізбесі

1

Қара металдардан жасалған (шойын құймадан басқа), мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған сорғылы-компрессорлы және өзге де бұрғылық айналдыра салынатын құбырлар

2

Илектеу процесiнде алынған немесе илектеуден кейiн бұралған, қуыстары, кертіктерi, ойықтары немесе басқа да деформациялары бар, темiрден немесе қоспаланған болаттан жасалған өзге де шыбықтар

3

Ыстықтай басылғаннан, ыстықтай созудан немесе экструзияланғаннан басқа, одан әрі өңделмеген басқа темір немесе қоспаланған болаттан жасалған бұрыштар, фасондық немесе арнайы профильдер

4

Балқытудан, ыстықтай басылғаннан, ыстықтай созудан немесе ыстықтай экструзияланғаннан басқа, одан әрі өңделмеген, темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған өзге де шыбықтар

5

Лакталмаған және қапталмаған, жалтыратылған немесе жалтыратылмаған, темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған сым

6

Темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған, қуыс, жіксіз, дөңгелек қималы өзге түтiктер, түтiкшелер және профильдер

7

Енi 600 мм немесе одан астам, өзге де қоспаланған болаттан жасалған өзге де тeгiс илектер

8

Тiк жiктi, флюспен доғалық дәнекерлеу әдiсiмен дайындалған мұнай және газ құбырларына арналған түтiктер

9

Суық деформациядан немесе суық күйдегі әрлеуден басқа, одан әрі өңделмеген, қоспаланған болаттан жасалған өзге де шыбықтар

10

Илектеу процесiнде алынған, қуыстары, кертіктерi, ойықтары немесе басқа да деформациялары бар темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған бос оралған бумалардағы ыстықтай басылған шыбықтар

11

Диаметрi 14 мм-ден кем дөңгелек қима темiрден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған бос оралған бумалардағы ыстықтай басылған өзге де шыбықтар

12

Теміржол немесе трамвай жолдары үшін қолданылатын қара металдардан жасалған өзге де бұйымдар

13

Алюминийден жасалған металл құрылымдары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл құрылымдарынан басқа) және олардың бөлiктері; металл құрылымдарында қолданылуға арналған бұйымдар

14

Никель қорытпаларынан жасалған плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар және фольга

15

Алюминий қорытпаларынан жасалған өзге де шыбықтар мен профильдер

16

Никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар мен профильдер

17

Қалыңдығы 0,15 мм-ден астам өзге де тазартылған мыстан жасалған плиталар, табақтар, жолақтар және таспалар

18

Өңделмеген мыс және мырыш негiзiнде жасалған қорытпалар

19

Мыс және мырыш негiзiнде жасалған қорытпалардан (жез) жасалған шыбықтар мен профильдер

2. Машина жасау саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі

1

Өздігінен жүрмейтін жүк теміржол немесе трамвай вагондары

2

Шығыс өлшегіштері бар немесе жоқ сұйықты сорғылар; сұйықты көтергіштер

3

Жүк-жолаушы автомобиль-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, ең алдымен адамдарды тасымалдауға арналған (8 702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары

4

Механикалық жетегі бар немесе жетегі жоқ аспаптарға немесе станоктарға арналған (мысалы, сығымдау, мөрлеу, кесу, ойманы кесу, тесу, егеу, созу, фрезерлеу, токарьлік өңдеу) алмастырылатын жұмыс аспаптары

5

Сығымдау іріктеушіні, сабанды немесе шөпті бумаға орау үшін сығымдауды; шөп шабатын немесе көгал шабатын машиналарды; жұмыртқаларды, жемістерді тазартуға, сұрыптауға немесе калибрлеуге арналған машиналарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе механизмдер

6

Қара металдардан жасалған бұрамалар, бұрандамалар, сомындар, тығындағыштар, бұрама ілмектер, тойтарма шегелер, сыналар, шплинттер, шайбалар (серіппелілерді қоса алғанда) және оларға ұқсас бұйымдар

7

Жүк тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары

8

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлық көлік құралдары

9

Ауыл шаруашылығы, топырақты дайындау мен өңдеуге арналған бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдарға немесе спорт алаңдарына арналған илектер

10

Топырақты, тасты, қатты күйдегі (оның ішінде ұнтақ немесе қоймалжың) руданы немесе басқа да минералдық қазбаларды сұрыптау, елеу, айыру, шаю, ұсақтау, ұнтақтау, қосу немесе араластыруға арналған жабдықтар

11

Тракторлар (8709 тауар позициясындағы тракторлардан басқа)

12

Жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары (мысалы, апатты жүк автомобильдері, автокрандар, өрт көлік құралдары, автобетон араластырғыштар, жолды жинауға арналған автомобильдер, суаруға арналған автомобильдер, автошеберханалар, рентгендік қондырғылары бар автомобильдер)

13

Топырақты, пайдалы қазбаларды немесе кендi араластыруға, жоспарлауға, профильдеуге, игеруге, нығыздауға, тығыздауға, қазып алуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен өзге де механизмдер; тiреуiштер қағуға және суырып алуға арналған жабдықтар; соқалы және роторлы қар тазартқыштар

14

Металдарды көлемдi қалыптау, соғу немесе қалыптау арқылы өңдеуге арналған станоктар (сығымдағыштарды қоса алғанда); металдарды өңдеуге арналған ию, көмкеру, түзеу, кесу, тесу немесе шабу станоктары (сығымдағыштарды қоса алғанда); металл немесе карбидтерді өңдеуге арналған өзге де сығымдағыштар

3. Құрылыс материалдарын жасау саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі

1

Еден төсеніштері

2

Жабындық материалдар

4. Химия өнеркәсібі саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі

1

Моноаммонийфосфат (МАФ) және диаммонийфосфат (ДАФ)

2

Карбамид ((NH2)2CO)

3

Поливинилхлорид (ПВХ)

4

Полипропилен (ПП)

5

Кальцийлендірілген сода (Na2CO3)

6

Глифосат (C3H8NO5P)

7

Цианды натрий (NaCN)

8

Инжинирингтік қызметтер және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі қызметтер

5. Жеңіл өнеркәсіп саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі

1

Мақта-мата маталары

2

Мақта-мата иірімжібі

3

Жүн иірімжібі

4

Төсек жабдықтары

5

Киім, оның ішінде арнайы, сырт, балалар және спорт киімдері

6

Шұлық бұйымдары

7

Аяқ киім

6. Фармацевтика өнеркәсібі саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерінің тізбесі

1

Антибиотиктер (дәрілік субстанциялар)

2

Ас қорыту жолдары мен зат алмасу ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

3

Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

4

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

5

Қан және қан түзу ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

6

Жүйелік әрекетті микробтарға қарсы препараттар (дайын дәрілік заттар)

7

Ревматизмге қарсы және қабынуға қарсы препараттар (дайын дәрілік заттар)

8

Тыныс алу жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

9

Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

10

Туберкулезді емдеуге арналған препараттар (дайын дәрілік заттар)

11

Иммунобиологиялық препараттар мен вакциналар (дайын дәрілік заттар)

7. Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі

1

4G технологияларын пайдалану арқылы интернет желісіне қолжетімділік қызметтері

2

Жүрдек теміржол магистральдары үшін сұранысқа ие рельстер шығару

3

Қазақстанның темір жолдарына арналған бағыттамалы өнімдер шығару

4

Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету

5

Металл өңдеуші және дәнекерлеуші жабдықтарға қызмет көрсету

8. Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі

1

Газ турбинасы

2

Мұнайға батырмалы кәбілдер

3

Манометрлер

4

Сағалық центраторлар

5

Жиілік өңдегіштер

6

Химиялық қоспалар (деэмульгаторлар, ингибиторлар және т.б.)

7

Геофизикалық қызметтер

8

Ұңғымаларды перфорациялау

9

Суасты жабдығы және ұңғымаларды тестілеу

10

Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу

11

Ұңғымаларды каротаждау

12

Жоғары технологиялы бұрғылау ертінділері

13

Қашаулар өндірісі және оларға қызмет көрсету

14

Ұңғымаларды цементтеу

15

Автоматты басқару, бақылау-өлшеу жабдықтарының қауіпсіздігі

жүйелерін жобалау, әзірлеу, өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету

16

Бұрандалы сорғыларды, газ тарату пункттерінің өндірісін ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету

17

Геологиялық барлау

18

Бұрғылау жұмыстары жөніндегі қызметтер (оның ішінде теңіздік

бұрғылау, көлденең бұрғылау)

19

Сейсмологиялық барлау

9. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі

1

Ұн

2

Дәнді дақылдар

3

Майлы дақылдар

4

Дәнді дақылдардың элиталық тұқымдары

5

Мақта өсімдігі

6

Күріш

7

Көкөніс-бақша дақылдары

8

Картоп

9

Қант қызылшасы

10

Көпжылдық шөптер

11

Жеміс-жидек дақылдары

12

"Апорт" сортының алма ағаштары мен жүзім

13

Мақта өсімдігінің элиталық тұқымдары

14

Майлы дақылдардың элиталық тұқымдары

15

Бұршақты дақылдардың элиталық тұқымдары

16

Көкөністердің элиталық тұқымдары

17

Картоптың элиталық тұқымдары

18

Көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдары

19

Біржылдық шөптердің элиталық тұқымдары

20

Қант қызылшасының элиталық тұқымдары

21

Жеміс дақылдарының элиталық көшеттері

22

Жүзімнің элиталық көшеттері

23

Сүтті қайта өңдеу өнімдері

24

Мақта

25

Сүт

26

Сиыр еті

27

Шошқа еті

28

Қой еті

29

Жылқы еті

30

Қымыз

31

Шұбат

32

Биязы жүн

33

Құс еті

34

Азықтық жұмыртқа

35

Тауарлық балық

36

Қант қызылшасын қайта өңдеу өнімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады