"Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1355 қаулысы. Күші жойылды -Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 701 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2022 № 701 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 187 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 18, 309-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасында:

      "Химия өнеркәсiбi саласының басым тауарлары (тауар топтары) мен қызметтерiнiң тiзбесi" деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:

      "

8

Инжинирингтік қызметтер және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі қызметтер


      ";

      "Көлік-коммуникациялық кешен саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен қызметтердің тізбесі" деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2, 3, 4 және 5-жолдармен толықтырылсын:

      "

2

Жүрдек теміржол магистральдары үшін сұранысқа ие рельстер шығару

3

Қазақстанның темір жолдарына арналған бағыттамалы өнімдер шығару

4

Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету

5

Металл өңдеуші және дәнекерлеуші жабдықтарға қызмет көрсету


      ";

      "Мұнай және газ саласындағы тауарлар (тауар топтары) мен

      қызметтердің тізбесі" деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-жолдармен толықтырылсын:

      "

7

Геофизикалық қызметтер

8

Ұңғымаларды перфорациялау

9

Суасты жабдығы және ұңғымаларды тестілеу

10

Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу

11

Ұңғымаларды каротаждау

12

Жоғары технологиялы бұрғылау ертінділері

13

Қашаулар өндірісі және оларға қызмет көрсету

14

Ұңғымаларды цементтеу

15

Автоматты басқару, бақылау-өлшеу жабдықтарының қауіпсіздігі

жүйелерін жобалау, әзірлеу, өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету

16

Бұрандалы сорғыларды, газ тарату пункттерінің өндірісін ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету

17

Геологиялық барлау

18

Бұрғылау жұмыстары жөніндегі қызметтер (оның ішінде теңіздік

бұрғылау, көлденең бұрғылау)

19

Сейсмологиялық барлау


      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады