"Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 188 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.05.2014 № 541 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
      50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындысы талап етіледі.»;
      53-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігі.»;
      74-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
      77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «77. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін республикалық БИЖ-ді және стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетумен немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосумен байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
      78. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосуға байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын жергілікті БИЖ-ді қоспағанда, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттің сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын кредиттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «85. Екінші кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшісі БИЖ-дің сметалық құнының ұлғаю себептерінің негіздемесімен түзетілген құнға ЖСҚ-ның мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының, ведомстволық нормативке сәйкес объектіні пайдалануға беру бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасы мен салалық сараптамасының қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
      86. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түзетілген жобалық құжаттамалар бойынша БИЖ құнының ұлғаюын және/немесе ведомстволық нормативтерге сәйкес салалық уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы және объектіні пайдалануға беру шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындысын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады